Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАМОЖЕННЫЙ КОДЕКС РК (каз.яз.).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.08.2019
Размер:
2.19 Mб
Скачать

Меншік объектілеріне құқықты қорғауы

52-тарау. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік

Объектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер

410-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) контрафактылы тауарлар - құқық иеленушінің Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын құқықтары бұзыла отырып құрылған және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген, интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар;

2) құқық иеленуші - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншік объектілерін иеленуге ерекше құқығы бар тұлға;

3) шығаруды тоқтату - таңдап алынған кедендік режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, контрафактылы тауарлар болып табылады деп болжанып отырған тауарларды шығару туралы шешім қабылдану мерзімін кеден органдарының ұзартуы;

4) интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың тізбесі.

411-бап. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықты қорғауы

Кеден органдары құқық иеленушінің интеллектуалдық меншік объектілеріне құқығын өз құзыреті шегінде, осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

412-бап. Тізілім жүргізу тәртібі

1. Уәкілетті орган кедендік бақылау мақсатында тізілім жүргізеді және оның жариялануын қамтамасыз етеді.

2. Тізілімді жүргізу және оны кеден органдары мен өтініш берушіге жеткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

413-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу және мұндай тауарды тізілімнен шығару тәртібі

1. Тізілімге енгізуді интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде интеллектуалдық меншік объектісіне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздемесі бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) интеллектуалдық меншік объектісіне құқығын қорғау туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.

  3. Өтініште мынадай мәліметтер:

1) өтініш берушінің интеллектуалдық меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы өтініші;

2) өтініш беруші туралы мәлімет;

 2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  3- тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушінің пікірінше оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат; интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы;  құқық иеленушінің пікірінше контрафактылы болып табылатын тауарлар туралы, кеден органдарына осындай тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн толық мәліметтер

4) егер тауарлар контрафактылы емес деп белгіленген жағдайларда декларантқа және өзге тұлғаларға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ контрафактылы болып табылады деп болжанған интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі болуға тиіс.

 2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  4- тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

4. Өтінішке интеллектуалдық меншік құқығының бар екендігін және кімге тиесілілігін растайтын құжаттар (патент, куәлік, лицензиялық шарт немесе өзге де құжаттар) және құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса тіркеледі. Бұл орайда сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

Өтінiш берумен бiр мезгілде контрафактылы тауардың ерекше белгілерiнiң сипаттамасы табыс етіледi.

Мүмкiндiгiнше интеллектуалдық меншiк объектiсi бар тауардың және контрафактылы тауардың үлгілерi де табыс етіледi.

 2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  5- тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

5. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және тауарды тiзілімге енгiзу туралы шешім қабылдайды.

Өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органдардан мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды сұрап алуға құқылы. Аталған тұлғалар сауалды алған күннен бастан күнтізбелiк он күн ішінде сұратылған құжаттарды табыс етуге мiндетті.

Жеткiлiктi негіздер болған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілетті орган өтінiштi қарау мерзімін ұзартуға, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тауарды тiзілімге енгiзу туралы шешiмi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.

Тауарларды тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ тауарлардың контрафактылық белгілерін растау мүмкін болмаған кезде қабылданады.

Өтініш берушіге уәкілетті органның шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.

6. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда өтініш беруші ол туралы уәкілетті органға күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.

7. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарлар:

1) өтініш берушінің өтініші бойынша;

2) тізілімге енгізу кезінде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда;

3) өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда;

4) тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда;

5) өтініш беруші осы бөлімнің ережелерін сақтамаған жағдайда тізілімнен шығарылуы мүмкін.

8. Уәкілетті орган тауарлардың тізілімнен шығарылғандығы туралы өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.

9. Интеллектуалдық меншік объектісіне құқық тоқтатылған жағдайда құқық иеленуші бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

414-бап. Құқық қорғау мерзімі

Кеден органдарының құқық иеленуші құқығын қорғау мерзімін уәкілетті орган интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған кезде, өтініш беруші көрсеткен мерзімді ескере отырып, бірақ көрсетілген тауар тізілімге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімге белгілейді.

Көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өтініш берушінің ол туралы өтініші болған жағдайда ұзартады.

Құқық қорғау мерзімі құқық иеленушінің тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқығының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

53-тарау. Интеллектуалдық меншік объектілері бар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]