Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАМОЖЕННЫЙ КОДЕКС РК (каз.яз.).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.08.2019
Размер:
2.19 Mб
Скачать

Атыс қаруын қолдану

517-бап. Дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдану бойынша негізгі ережелер

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен кеден органдарының лауазымды адамдарының дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануға құқықтары бар.

2. Кеден органының лауазымды адамы дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолданған кезде:

1) дене күшін, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануды кешеуiлдету өзiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын, тұтқиылдан болған немесе қарулы шабуыл жасаған, әскери техника мен көлiк құралдарын пайдаланып жасаған шабуыл кезінде немесе өзге де жағдайларда, осындай ескерту қалыптасқан жағдайда орынсыз болған немесе мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, оларды қолдану туралы ескертуге;

2) дене жарақатын алған адамдарға дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге және болған оқиға туралы кеден органының басшысына немесе оның орнындағы адамға дереу хабарлауға;

3) құқық бұзушылықтың сипаты мен оны жасаған адамдардың қауiптiлiк деңгейiне, сондай-ақ көрсетiлген қарсылықтың күшiне қарай қауiптi жою кезіндегі залалдың мейлiнше аз болуына ұмтылуға міндетті.

Кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам атыс қаруын қолдану, кiсi өлiмi немесе денеге зақым келу фактілері туралы прокурорға және жоғары тұрған кеден органының басшысына шұғыл хабарлауға мiндеттi.

3. Қарулану құралдарын, арнаулы құралдар мен қызметтік жануарларды есепке алуды жүргізу, сақтау және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

4. Дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын белгіленген тәртіпті бұза отырып қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

518-бап. Дене күшін қолдану

1. Кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органдарына жүктелген міндеттерді зорлық тәсілдерінсіз орындауды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда ғана дене күшін, соның ішінде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға құқылы.

2. Мынадай жағдайларда:

1) құқық бұзушылық сипатын және нақты жағдайларды ескере отырып, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу;

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) құқық бұзушыларды және кеден органдары лауазымды адамдарына қызмет міндеттерін жүзеге асыруда қарсылық көрсеткен немесе кедергі жасаған адамдарды ұстау үшін дене күші қолданылады.

3. Әйелдерге, мүгедектiктің айқын белгiлерi бар адамдарға және жас балаларға қатысты, олар адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшін қолдануға тыйым салынады.

519-бап. Арнаулы құралдарды қолдану

1. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары:

1) кеден органдарының лауазымды адамдарына және өзге де адамдарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшiн;

2) кеден органдарына тиесілі немесе олардың пайдалануындағы үйлерге (құрылыстарға, ғимараттарға), көлiк құралдарына, кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшiн, сондай-ақ аталған объектілер басып алынған жағдайда оларды босату үшiн;

3) кеден органының лауазымды адамына дене күшін қолданып қарсылық көрсетудiң жолын кесу үшін;

4) егер құқық бұзушылар күш көрсетіп қарсыласса немесе өзгедей қарсы әрекет жасаса, ол адамдарды ұстау, кеден органына не Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жеткізу үшiн;

5) көлiк құралына қатысты кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық объектісі болып табылады деп ойлауға негіз болғанда аталған көлiк құралын тоқтату үшiн мынадай арнайы құралдарды: кісендерді, резеңке таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, үй-жайларды ашуға арналған, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, сондай-ақ басқа да арнайы құралдар мен техниканы қолдануға құқығы бар.

2. Әйелдерге, мүгедектiктің айқын белгiлерi бар адамдарға және жас балаларға қатысты, олар адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.

3. Кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

520-бап. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану

1. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттарын, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Атыс қаруы осы Кодекстің 521-бабында белгіленген жағдайларда қолданылады.

 2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  3-тармақ  өзгертілді   (бұр. ред . қара)

3. Кеден органдарының лауазымды адамдары қарулар мен оқ-дәрiлердi жоғалтқаны, ұқыпсыз сақтағаны, оларды күзету жөнiндегi мiндеттерiн тиісінше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

521-бап. Атыс қаруын қолдану және пайдалану

1. Кеден органдарының лауазымды адамдары мынадай жағдайларда:

1) кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелерiне топтасып жасалған және (немесе) қарулы шабуылға тойтарыс беру, сол сияқты кеден органдары лауазымды адамдарының қаруын тартып алуға әрекет жасаудың жолын кесу үшiн;

2) кеден органдарының иелiгiндегi және (немесе) пайдалануындағы үй-жайларға, үйлерге (құрылғыларға, құрылыстарға) және көлiк құралдарына, жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарын қару қолданып иеленіп кетуге әрекет жасалған жағдайларда;

3) қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау үстiнде қолға түскен адамдарды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамдарды ұстау үшiн;

4) егер көлік құралын жүргiзетін адам кеден органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын iстен шығару арқылы оларды тоқтату үшiн;

5) хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;

6) қару қолданатындығы туралы ескерту, дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн;

7) қажетті қорғаныс және аса қажетті өзге де жағдайларда атыс қаруын қолдануға құқылы.

2. Әйелдерге, мүгедектiктің айқын белгісі бар адамдарға және кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) қарулы немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн жағдайларда қару қолдануға тыйым салынады.

3. Қару қолданудың барлық жағдайларында кеден органының лауазымды адамы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, прокурорды, жоғары тұрған кеден органын хабардар етуге мiндеттi.

71-тарау. Кеден органдарының лауазымды адамдарын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]