Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық

Орталық функциялары:

құрылыс саласындағы техникалық нормалауды дамытудың негізгі бағыттары бойынша талдау жасау;

  • Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау және құрылыстағы нормативтік базаны ары қарай жетілдіру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу;

  • Қоғам құзыретіне енетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің түйткілді мәселелері бойынша ұсыныстар даярлау;

  • еуропалық стандарттарға сәйкес объектілерді жобалау мен салудың еуропалық нормаларын (EN Еурокодтарын) енгізуді сүйемелдеу және техникалық қамтамасыздандыру;

  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың сапалы әзірленуін қамтамасыз ету;

  • құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР ӨДМ Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитетінің құрылыс саласындағы техникалық реттеу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен ықпалдасуы.

Орталық құрылымы:

Орталық 2 бөлімнен тұрады: Нормативтерді әзірлеу бөлімі және Талдау және әдіснама бөлімі.

 

Құрылыстағы баға белгілеу орталығы

 

Орталық құрылымы:

Орталық 3 бөлімнен тұрады:

  • технологиялық карталарды әзірлеу және құрылыс ресурстарын нормалау бөлімі;

  • құрылыс ресурстары бағаларын мониторингілеу және талдау бөлімі;

  • металық нормалау және құрылыстағы экономикалық талдау бөлімі.

Кадрлық әлеуеті:

Орталықта 55 қызметкер, соның ішінде 1 ғылым кандидаты және 5 магистрант жұмыс істейді.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстанның құрылыстық қызмет көрсетулер нарығында қалыптасқан нақты экономикалық ахуалды талдау негізінде сметалық-нормативтік құжаттаманы әзірлеу;

  • Құрылыстағы технологиялық карталарды, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын тасымалдауға жұмсалатын еңбек шығындары нормативтерін әзірлеу;

  • Құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына бағалар мониторингін жүзеге асыру, Қазақстан өңірлері бойынша құрылыс өнімі құнының өзгеруіне экономикалық талдау жүргізу және құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сметалық бағалар жинақтарын және мүдделі ұйымдардың сұратулары бойынша басқа да талдамалық материалдарды даярлау.

 

«ҚазҚсғзи» ақ жиынтықтау және шығару орталығы

Орталық міндеті:

Құрылыс нормаларының, ҚНжЕ-лердің және түрлі нормативтік-техникалық құжаттаманың өзімізде шығарылуы сапалы және орынды ақпаратты құрылыс саласы мамандарына уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді, бұл жобалау және құрылыс жұмыстарының сапасын, сондай-ақ салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Орталықтың негізгі функциялары – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-да әзірленетін полиграфиялық өнімді шығару:

  • ғылыми-техникалық есеп берулер;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының жинақтары;

  • жобалау-сметалық құжаттама;

  • кітапшалау-түптеу басылымдары (ҚНжЕ-лер);

  • графикалық басылымдар (сызбалар мен жоспарлар);

  • түрлі-түсті бейнелеу өнімі (ашық хаттар, күнтізбелер, буклеттер, визиткалар) 

 

РЕФОРМАЛАУ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес (2013 жылдың 10 сәуіріндегі №01-7 5(04-95) хаттамалық шешім) Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі тұжырымдаманың жобасы әзірленді. Тұжырымдама жобасы ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі отырысында мақұлданды және Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратына ұсынылды. 2013-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстанның техникалық нормалау жүйесінің құрылымы еуропалық нормалау базасына ұқсас қалыптастырылады. Ол заңдардан, техникалық регламенттерден, құрылыс нормаларынан, ережелер жинақтарынан, құралдардан, әдістемелік нұсқаулардан, нұсқаулықтардан, стандарттардан және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардан тұрады. Техникалық нормалау жүйесін реформалау негізіне ескірген ұйғару әдісінен баламалы шешімдерді қолдану мүмкіндігі қарастырылған және құрылыс саласына инновацияларды енгізуге септігін тигізетін заманауи параметрлік әдіске көшу алынған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау міндетін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетіне жүктеді. Ал негізгі орындаушы болып «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ғалымдар ұжымы белгіленді.

Жүргізіліп отырған реформа бойынша отандық және шетелдік сарапшылардың, соның ішінде Германия, Жапония, Ресей, Белоруссия, Украина сияқты елдер сарапшыларының оң пікірлері алынды. 2011 жылы әзірленген Қазақстан Республикасы құрылыс нормаларының жобаларын ресейлік сарапшылардың қарап шығуы нәтижесінде олардың бастапқы материал және ТМД-ның құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтік құжаттарын әзірлеу үшін негіз бола алатындығы атап көрсетіледі.

Жүргізіліп жатқан реформа аясындағы 4 жыл ішінде (2010-2013) едәуір жұмыс атқарылды, 356 нормативтік-техникалық құжат әзірленді, «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ҚР Техникалық регламенті әзірленіп, бекітілді. Еурокодтарға теңдестірілген EN ҚР ҚН ұлттық нормалары (58 бөлік) ұлттық қосымшаларымен және Еурокодтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулығымен қоса әзірленді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық және заңға тәуелді актілердің талдауы жүргізілді және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар даярланды.

Нормативтік базаны реформалаумен қатар, техникалық реттеудің ажырамас бөлігі болып табылатын бақылау, қадағалау және сәйкестікті бағалау жүйелерінің реформасы жүргізіледі. Сонымен қатар, құрылыстағы баға белгілеу жүйесін реформалау жұмысы жүргізіледі. Баға белгілеу бойынша халықаралық және мемлекетаралық үлгілер мен директивалар, Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құжаттары зерделенді. Бірқатар шет елдерде құрылыс обьектілерінің құнын белгілеу практикасы мен әлемдік тәжірибесіне талдау жүргізілді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес құрылыс саласындағы баға белгілеу жүйесін реформалау тұжырымдамасы әзірленді.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]