Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

Вибродинамические испытания проведенные цсзс

 

 

 

 Испытания на стенде разных типов перегородок

 

 Испытание фрагмента дома из газоблоков

 

 

 

 Испытания на стенде керомагранитных плит

 

 Испытание 2-х этажного дома из финблоков

 

 

 

 Испытания на стенде разных типов перегородок

 

 Испытание 4-х этажного жилого дома возведенного с применением несъемной опалубки из пенополистирольных блоков в г. Шымкент

 

 

Типтік және индивидуалды жобалау орталығы

Орталықтың негізгі қызмет түрі құрылыста кейіннен көп мәрте қолдануға арналған тұрғын және қоғамдық ғимараттардың үлгілік жобаларын әзірлеу болып табылады.

ТИЖО негізгі мақсаттары мен міндеттері: 

  • жобалау алдындағы құжаттаманы, үлгілік және индивидуалды жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

  •  кез келген күрделілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың есептерін орындау;

  •  әр түрлі ғимараттар мен құрылыстарды күшейту (қалпына келтіру) бойынша конструкциялық шешімдерді әзірлеу;

  •  мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын құрылысқа арналған жобалау құжаттамасының сараптамасын жүргізу;

  • шетелдік фирмалар әзірлейтін әр түрлі ғимараттар мен инженерлік құрылыстар жобаларын Қазақстан Республикасының сейсмикалық төзімді құрылыс нормаларының талаптарына бейімдеу.

Орталық құрылымы:

Орталықтың құрамына сәулет бөлімі, конструкторлық бөлім, инженерлік бөлім, жобалау кабинеті, смета бөлімі, жиынтықтау және шығару бөлімі кіреді. 

Біліктілік арттыру орталығы

БАО қызметі қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру міндеттерін жүзеге асыруға, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жобалау, жобалау-іздестіру, сараптау және құрылыс-монтаждау ұйымдары саласында және техникалық реттеудің жаңа еуропалық жүйесі бойынша маманданатын ИТҚ аттестаттауын ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған.

БАО келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аудандарында жұмыс істеуге рұқсат беру үшін құрылыс саласының инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;

  • құрылыс саласындағы, соның ішінде техникалық реттеу жүйесі бойынша басшылар мен мамандарды тиімді даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жүйесін құру;

  • ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: құрылыс саласының ИТҚ-не арналған оқыту курстары бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы білім беру сапасын арттыру проблемалары бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу ұжымдарының жұмысына қатысу;

  • ҚР БҒМ-мен және құрылыстық жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеу: оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін, оқу үдерісін, ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтап қорыту;

  • біліктілік арттырумен байланысты бағдарламаларды, жобаларды, ұсынымдарды және басқа да материалдарды сараптау;

  • ҚР Өңірлік даму министрлігінің салалық кеңесінің мәжілістерін және құрылыс саласы ИТҚ-нің біліктіліктерін арттыру және білім беру үдерісінің сапасы мәселелері бойынша басқа да кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

  • бейіндік жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарының оқытушыларын техникалық реттеудің жаңа еуропалық жүйесі бойынша қайта оқыту;

  • құрылыс саласының ИТҚ-не арналған оқыту курстары бойынша оқу және жұмыс бағдарламаларын әзірлеу;

  • оқу орталықтарының оқытушыларын «Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері», «ҚР құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесі» курстары бойынша даярлау және аттестаттау;

  • инжинирингтік қызмет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]