Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.97 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ. 

Қоғамның құрылу тарихы

 

1931 жылы 7 қыркүйекте Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚАКСР) Халық Комиссарлары Кеңесі техникалық бейіндегі алғашқы институтты – Құрылыс материалдары мен ғимараттар ғылыми-зерттеу институтын (ҚМҒҒЗИ) ұйымдастыру туралы № 46 қаулыны қабылдады. Кейіннен болған бірқатар өзгертулерден кейін ҚМҒҒЗИ құрылыс және сәулет бағытындағы бөлімшелері 1957 жылы КСРО Құрылыс және сәулет академиясының (ҚСА) Қазақ филиалының құрамына енді. КСРО ҚСА таратылуына байланысты 1964 жылы олар КСРО Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің ҚазөнеркәсіпқұрылысҒЗИжоба институты болып қайта аталған Қазөнеркәсіпқұрылысжоба институтына берілді және институттың ғылыми бөлігін академик Т.Ж.Жүнісов басқарды.

КСРО Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1989 жылдың 29 қарашасындағы № 154 қаулысымен, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылдың 14 желтоқсанындағы № 17-8/6-95 тапсырмасымен және Қазақ КСР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1990 жылдың 25 қаңтарындағы № 9-ОС бұйрығымен Қазақ мемлекеттік жобалау және ғылыми-зерттеу институты (ҚазөнеркәсіпқұрылысҒЗИжоба) ғылыми бөлігінің негізінде 1990 жылдың қаңтар айында Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ) құрылды.

Кейіннен институт республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК) болды.

Қазақ КСР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен 1990 жылдың 23 ақпанында бекітілген Жарғыға сәйкес, ҚазҒЗСТҚСИ, инженерлік-геологиялық жағдайлары аса күрделі аудандар мен жер сілкіністері жиі болатын өңірлерді қоса алғанда, Қазақстанның құрылыс кешені проблемалары бойынша Республикада жалғыз мемлекеттік бас ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымы болып табылады.

ҚазҒЗСТҚСИ алғашқы директоры білімі бойынша инженер-құрылысшы, техника ғылымының докторы, профессор, академик, қазіргі уақытта «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры М.Н.Алпысбаевтың кеңесшісі Төлеубай Жүнісұлы Жүнісов болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 30 шілдесіндегі №922 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2012 жылдың 29 қазанындағы №1147 бұйрығына сәйкес, «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты» РМК (ҚазҒЗСТҚСИ РМК) «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы (ары қарай – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ) болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: 

1) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігін, олардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ықтимал жер сілкіністері мен табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттардан болатын әлеуметтік-экономикалық залалды азайтуға бағытталған ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-эксперименталдық, технологиялық және жобалау жұмыстарын жүргізу;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жаңа және инновациялық ғылыми-техникалық әзірленімдерді (материалдарды, конструкциялар мен технологияларды) енгізуге қатысу, сейсмикалық төзімді құрылыс саласында қолданылатын жаңа материалдар мен технологияларды сараптау, сондай-ақ оларды енгізу бойынша ұсынымдар беру; 

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді, соның ішінде мемлекетаралық және халықаралық нормативтерді әзірлеуге қатысу; 

4) сейсмикалық төзімді құрылыс ғимараттары мен құрылыстарының сенімділігін қамтамасыз ету саласында сараптау жұмыстарын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету; сондай-ақ сейсмикалық қауіпті аудандардағы жобалау, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстар саласында маманданатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту мен аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;

5) сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы инновациялық және инвестициялық жобалардың, соның ішінде ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту бойынша жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;

6) құрылысы жүріп жатқан ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ эксперименталдық құрылыс конструкцияларының сейсмикалық төзімділігін анықтау жұмыстарын орындау;

7) жер сілкіністерінің ықпалына және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттарға ұшыраған сейсмикалық аудандардағы ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларына зерттеулер жүргізу, сондай-ақ қайта құрылып жатқан немесе жер сілкіністеріне және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттарға ұшыраған ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларын қалпына келтіру және күшейту бойынша ұсынымдар беру;

8) құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу; 

9) Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын және Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы жобасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу;

10) сейсмикалығы 9 баллдан асатын аудандарда және/немесе жер бетінде тектоникалық жарықшақтардың пайда болуы ықтимал аймақтарда орналасқан құрылысқа арналған алаңдарды пайдалану мүмкіндігі мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; 

11) түрлі климаттық аймақтардағы сейсмикалық және сейсмикалық емес аудандар үшін ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларын әзірлеуге қатысу; 

12) сейсмикалық шағын аудандарға бөлу әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысу; 

13) сейсмикалық төзімді құрылыс саласында отандық және шетелдік ұйымдармен ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыруға қатысу; 

14) Техникалық реттеудің еуропалық жүйесіне – құрылыстағы Еурокодтарға негізделген техникалық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 

15) сейсмикалығы 9 баллдан асатын аудандарда және/немесе жер бетінде тектоникалық жарықшақтардың пайда болуы ықтимал аймақтарда жобалау мен құрылыс салуға арналған техникалық шарттарды әзірлеу.

2011 жылы институт Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен ғылыми-зерттеу ұйымы ретінде аккредиттелді.

Бүгінгі таңда «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылымында Астанадағы филиал, Оңтүстік Қазақстандық және Шығыс Қазақстандық филиалдар, сондай-ақ 7 орталық қызмет етеді:

  1. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет орталығы

  2. Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі орталығы

  3. Типтік және индивидуалды жобалау орталығы

  4. Біліктілік арттыру орталығы

  5. Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық

  6. Құрылыстағы баға белгілеу орталығы

  7. Жиынтықтау және шығару орталығы 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]