Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet1111111.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

2.2. Реформалау

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес (2013 жылдың 10 сәуіріндегі №01-7 5(04-95) хаттамалық шешім) Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі тұжырымдаманың жобасы әзірленді. Тұжырымдама жобасы ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі отырысында мақұлданды және Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратына ұсынылды. 2013-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстанның техникалық нормалау жүйесінің құрылымы еуропалық нормалау базасына ұқсас қалыптастырылады. Ол заңдардан, техникалық регламенттерден, құрылыс нормаларынан, ережелер жинақтарынан, құралдардан, әдістемелік нұсқаулардан, нұсқаулықтардан, стандарттардан және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардан тұрады. Техникалық нормалау жүйесін реформалау негізіне ескірген ұйғару әдісінен баламалы шешімдерді қолдану мүмкіндігі қарастырылған және құрылыс саласына инновацияларды енгізуге септігін тигізетін заманауи параметрлік әдіске көшу алынған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау міндетін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетіне жүктеді. Ал негізгі орындаушы болып «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ғалымдар ұжымы белгіленді.

Жүргізіліп отырған реформа бойынша отандық және шетелдік сарапшылардың, соның ішінде Германия, Жапония, Ресей, Белоруссия, Украина сияқты елдер сарапшыларының оң пікірлері алынды. 2011 жылы әзірленген Қазақстан Республикасы құрылыс нормаларының жобаларын ресейлік сарапшылардың қарап шығуы нәтижесінде олардың бастапқы материал және ТМД-ның құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтік құжаттарын әзірлеу үшін негіз бола алатындығы атап көрсетіледі.

Жүргізіліп жатқан реформа аясындағы 4 жыл ішінде (2010-2013) едәуір жұмыс атқарылды, 356 нормативтік-техникалық құжат әзірленді, «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ҚР Техникалық регламенті әзірленіп, бекітілді. Еурокодтарға теңдестірілген EN ҚР ҚН ұлттық нормалары (58 бөлік) ұлттық қосымшаларымен және Еурокодтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулығымен қоса әзірленді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық және заңға тәуелді актілердің талдауы жүргізілді және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар даярланды.

2.3. Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу

Халықаралық ынтымақтастық Институт қызметінің бір бағыты болып табылады. Институт сейсмикалық ықпалдың, топырақ пен құрылыстың өзара ықпалдасуының есепті үлгілерін әзірлеуде Германия фирмаларымен, Македония Республикасының сейсмология және сейсмикалық төзімді құрылыс институтымен, Бохумдағы Рур университетінің инженерлік-құрылыс конструкциялары институтымен және т.б. бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Темір-бетон конструкциялар, белсенді сейсмикалық қорғау және сейсмикалық оқшаулау жүйелері саласында бірлескен зерттеулер, сейсмикалық төзімді құрылыс, инженерлік сейсмология, жер сілкіністерінің салдарын талдау саласында ақпарат алмасу, арнайы бағдарламалар бойынша оқыту үшін студенттермен, мамандармен алмасу жүреді.

1-диаграмма: Научный потенциал института

Институт ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңес жұмысына тұрақты негізде қатысады, соның ішінде ҚҚЫҮК-нің (құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңес) 2013 жылдың қазан айында Челябинск қаласында (РФ) өткен XXXV отырысына қатысты.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі ретінде ҚМҒТК (құрылыстағы стандарттау, техникалық нормалау және сәйкестікті бағалау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия) жұмысына қатысады.

Жыл сайын құрылыстағы техникалық реттеу проблемаларын талдауға, Кеден одағының техникалық реттеудегі бірыңғай қағидаттары аясында интеграциялануды есепке ала отырып, оларды шешу перспективаларына арналған «Құрылыстағы техникалық реттеу» халықаралық конференцияларының жұмысына қатысады.

2011 жылдың наурыз айында Брюссельдегі Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетте (CEN-CENELEC) Қазақстанда еуропалық нормативтер базасын қабылдау мәселесі бойынша таныстырылым өткізілді. «CEN еуропалық стандарттарын қабылдау туралы рамалық келісімге» қол қойылды. Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы аумағында Еурокодтарға теңдестірілген EN ҚР ҚН құрылыс нормаларын (0-9) қолданудың мүмкіндігі туралы «CEN» қорытындысы алынды.

Институт қабырғасында жыл сайын «Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасы аумағында Еурокодтар мен сілтемелік стандарттарды қолдану жөніндегі өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады және өткізіледі, онда CEN елдері мен Қазақстан Республикасында бірыңғай Еуропалық есептеу қағидаттарын (Еурокодтарды) қолдану және пайдалану; Халықаралық және өңірлік ISO және EN стандарттарын Еуропалық одақ елдері мен Қазақстан Республикасында үйлестіру, жобалаушылар мен құрылысшыларды, жоғары оқу орындары оқытушыларын бірыңғай Еуропалық есептеу қағидаттары (Еурокодтар) бойынша даярлау және біліктіліктерін арттыру мәселелері пысықталады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]