Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet1111111.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Біліктілік арттыру орталығы

БАО қызметі қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру міндеттерін жүзеге асыруға, сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жобалау, жобалау-іздестіру, сараптау және құрылыс-монтаждау ұйымдары саласында және техникалық реттеудің жаңа еуропалық жүйесі бойынша маманданатын ИТҚ аттестаттауын ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған.

12-сурет Біліктілікті арттыру орталағындағы оқу залы

БАО келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аудандарында жұмыс істеуге рұқсат беру үшін құрылыс саласының инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;

  • құрылыс саласындағы, соның ішінде техникалық реттеу жүйесі бойынша басшылар мен мамандарды тиімді даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жүйесін құру;

  • ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру: құрылыс саласының ИТҚ-не арналған оқыту курстары бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы білім беру сапасын арттыру проблемалары бойынша білім беру және ғылыми-зерттеу ұжымдарының жұмысына қатысу;

  • ҚР БҒМ-мен және құрылыстық жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеу: оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін, оқу үдерісін, ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтап қорыту;

  • біліктілік арттырумен байланысты бағдарламаларды, жобаларды, ұсынымдарды және басқа да материалдарды сараптау;

  • ҚР Өңірлік даму министрлігінің салалық кеңесінің мәжілістерін және құрылыс саласы ИТҚ-нің біліктіліктерін арттыру және білім беру үдерісінің сапасы мәселелері бойынша басқа да кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

  • бейіндік жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарының оқытушыларын техникалық реттеудің жаңа еуропалық жүйесі бойынша қайта оқыту;

  • құрылыс саласының ИТҚ-не арналған оқыту курстары бойынша оқу және жұмыс бағдарламаларын әзірлеу;

Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық

Орталық функциялары:

құрылыс саласындағы техникалық нормалауды дамытудың негізгі бағыттары бойынша талдау жасау;

  • Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесін реформалау және құрылыстағы нормативтік базаны ары қарай жетілдіру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу;

  • Қоғам құзыретіне енетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің

  • түйткілді мәселелері бойынша ұсыныстар даярлау;

  • еуропалық стандарттарға сәйкес объектілерді жобалау мен салудың еуропалық нормаларын (EN Еурокодтарын) енгізуді сүйемелдеу және техникалық қамтамасыздандыру; 13-сурет ҚНжЕ кітапшалары

  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың сапалы әзірленуін қамтамасыз ету;

  • құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР ӨДМ Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитетінің құрылыс саласындағы техникалық реттеу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен ықпалдасуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]