Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.33 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1 «Алматы ауыр машина жасау заводы» АҚ қысқаша тарихы

1.1 «ААМЗ» АҚ цехтары

1.2 Завод шығаратын мұнай жабдықтары

2. Электрлі ортадан тепкіш сораптың конструкциясын жабдықтау

3. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру

3.1 Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары

3.2 Мұнай өндірісінің сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары

3.3 Батырмалы электроқозғалтқыш

КІРІСПЕ

Мұнай өнеркәсібінің дамуында ұңғыны бұрғылау маңызды рөл атқарады. Барлық негізігі кезеңдерде, ұңғыны қазып өту процесінің нәтижесі, іздестіру мен барлаудан бастап мұнай кен орындарын өндіруге шейін, мұнай-газ қоры мен өнімнің көбеюін анықтайды. Бұрғылау қымбат процесс, сондықтан әр тоннаның жарты бағасы бұрғылау процесінің өзіндік құнымен анықталады.

Бұрғылау процессі аяқталғаннан кейін ұңғыны тазалау процесін бастайды . Ұңғыны пайдалануға дайындайды. Ұңғы түбіне жабдықтарды түсіреді соның ішінде сорап та бар. Сораптар мұнайдың құрамына байланысты таңдалады. Мысалға: парафиндігі жоғары ұңғымаларға винтік сорап таңдалады, ал 90% сулы ұңғымаларда ортадан тепкіш сорап таңдалады. Менің өндірістік есеп беруімде ортадан тепкіш сорап жайлы талқыланады. Қазіргі таңда ең көп қолданысқа ие сорап түрі штангалы сорап тербелмелі станок

1 «Алматы ауыр машина жасау заводы» ақ қысқаша тарихы

Алматы ауыр машина жасау заводы Ұлы Отан соғысы кезінде, 1941 жылы 17 қарашада Алматы қаласына эвакуацияланған Луганск паровоз құрастыру заводының негізінде құрылған.

1942 ж. Жабдықтар құрастырылып, іске қосылып, завод алғашқы әскери тапсырысты -бомба, мина, снарядтар жасауды – орындауға кірісті.

1946 ж. ААМЗ толық бейбіт мақсаттағы өнім шығаруға көшті. КСРО металлургия өндірісінің қажетіне арналған жаңа типті жабдықтар өндірісі игерілді.

1950 жылға қарай жаңа өнім түрлерінің саны 84 түрге жетті.

1951 ж. ААМЗ өнімі халықаралық нарыққа шықты.

1951-1960 ж.ж. Завод метиз және кабель шығару заводтарының қажеттері үшін 10-нан астам сүйретпе стандарының типтерін өндіруді игереді.

1960-1965 ж.ж. ААМЗ БМетМашҒЗИ-мен (Бүкілодақтық металлургия және машина жасау ғылыми зерттеу институты) бірге алюминий және мыс домалатпаларын тоқтаусыз құю құрылғыларын өндірістік жағдайда жасап шығаруға кірісті. «1700», «2000», «2500» жалпақ жолақты стандарды құрастыруға негіз жасалды.

1966 ж. Атом энергетикасына арналған жоғарғы тазалықтағы ерекше жұқа қабырғалы құбырлар созудың ерекше жаңа әдісінің негізінде ХПТР стандарын жасап шығару басталады.

1970-1975 ж.ж. ААМЗ сымның барлық түрлерін созуға арналған стандарды құрастыру және өндіру жөнінен КСРО - да көшбасшылық дәрежеге жетті.

1974 ж. Патон атындағы Киев электр дәнекерлеу институтымен бірге ВМЭП 6/350 ұнтақты сым шығаруға арналған стан жасап шығарды.

1978-1985 ж.ж. ААМЗ тетік жасау стандарын жасап шығаруды игерді.

1987 ж. ААМЗ-да қайта құру бітті, жалпы ауданы 49450 кв.м болатын негізгі цехтардың жаңа блогы іске қосылды.

1991 ж. ААМЗ - акционерлік қоғамға айналған саладағы бірінші мекеме.

1994 ж. Конкурентті және сапалы өнім өндірісі үшін ААМЗ Шығыс даму фондының (АҚШ) Халықаралық «Алтын глобус» сыйлығына ие болды.

1996 ж. Халықаралық маркетинг институты ААМЗ - на «Сапа үшін халықаралық бриллиант жұлдызын» табыстады.

2000 ж. ААМЗ мұнайгаз және тау-кен өндірісіне арналған импорт алмастырушы өнім шығарғаны үшін Қазақстан Республикасы үкіметінің марапатына ие болды.

2001 ж. «ААМЗ» АҚ 60 жыл. ААМЗ мұнайгаз және энергетика өндірісіне арналған жабдықтарды жобалау және өндіру құқығын беретін Мемлекеттік лицензия алды.

2003 ж. 14 шілде 2003 ж. «ААМЗ» АҚ-на менеджмент және сапа жүйесінің тексерілгенін және ИСО-9001:2000 стандартына сәйкес деп табылғанын куәландыратын сапа менеджментінің жүйесіне сәйкестік №03.090.026 сертификаты берілді.

2007 ж. ЛИП 10-19М ұнтақты сым жасап шығару линиясы іске қосылды.

Завод мұнайгаз өндірісіне арналған жабдықтар шығаруды қолға алды. Бүгінде ААМЗ қазіргі заманғы жоғары өнімді жабдықтармен жарақталған Қазақстандағы машина жасау өндірісіндегі алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі және ISO 9001- 2008 стандарының талаптарына сәйкестігі туралы сертификатқа ие. «ААМЗ» АҚ-да өндірістің технологиялық процесстерінің толық циклі қалыптастырылған: болат және шойын құю цехы, қалып участыгы, термиялық цех,механикалық өңдеу цехтарының комплексі, сынау стендтары бар құрастыру цехы, әртүрлі зертханалары бар.

Компания келесі бағыттар бойынша жабдықтар мен машиналарды жобалау, өндіру, сату жіне сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

  • металлургия өндірісінің жабдықтары

  • прокат және тарту жабдықтары

  • мұнай және газ өндірісінің жабдықтары

  • тау - кен өндірісінің жабдықтары

  • жалпы өндірістік жабдықтар

«ААМЗ» АҚ маркалы жабдықтар дүниежүзінің көп елдерінде табысты жұмыс атқаруда.

«ААМЗ» АҚ көптеген халықаралық сыйлықтар мен марапаттардың иегері. «ААМЗ» АҚ-да ерекше технологиялар мен жоғары білікті мамандар бар.

Күрделі өндіріс саласында ондаған жылдар бойы жұмыс істеу нәтижесінде заводта өте жоғары білікті мамандар қалыптасты, ол өз кезегінде кез келген тапсырысты жоғары сапалы және уақытында орындауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]