Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet1111111.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Мазмұны:

1. Кіріспе............................................................................................................. 3

1.1 Құрылыс материалдары............................................................................... 4

2. Қоғамның құрылу тарихы.............................................................................. 6

2.1. Кәсіпорынның бірнеше сала бойынша орталықтары............................... 9

2.2. Реформалау................................................................................................... 14

2.3. Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу............................. 15

2.4. Еурокод.......................................................................................................... 17

2.5. Тәжірибеде пайданылған арнайы құралдар............................................... 19

3. Қорытынды....................................................................................................... 23

4. Пайданылған әдебиеттер................................................................................. 24

Кіріспе

Қазақстан Республикасының барлық жоғарғы оқу орындарында студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейлерін айқындау мақсатында практика ұйымдастырылады. Практика студентке өзін танып білуге, жұмыс берушімен жақын танысуға және болашақта алға қандай кәсіби мақсаттар қою керегін түсінуге көмектесетін бірден-бір әдіс. Қазіргі заманның ағымына сай әрбір студент шет тілдерін және компьютерді толық меңгерген болуы керек. Студент жұмысына жауапты болып, өз білімін әрқашан толықтырып отыруы, жаңа шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыра білуі керек. Жалпы алғанда практика мамандарды дайындаудағы ең басты фактор болып табылады. Практика барысында студенттер мамандық шеберлігін үйреніп, ұжымдағы ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын меңгереді.

Өндірістік тәжірибе – болашақ мамандық бойынша практикалық дағдыларды меңгеру мен алдынғы қатарлы кәсіби және ұйымдастырушылық тәжірибе алу, студенттің практикалық, нақты маман ретінде жұмыс атқаруы базалық және профильді пәндер бойынша теориялық білімді бекітуге бағытталған кәсіби тәжірибенің түрі болып табылады. Өндірістік тәжірибеден өту барысында студентті нақты өндірістік жағдайдың барлық бағыттары бойынша кәсіби әрекетке дайындау жүргізіледі.

Құрылыс инженерінің басты міндеті прорабтікімен дәлмедәл сәйкес. Прораб секілді, құрылыс инженері құрылыс орнындағы жұмыстың бәрін жүргізіп, бақылап, уақытында тапсырып, эксплуатацияға беру. Бұдан басқа, инженерге кешенді проектілеудегі пайда болған мүшкілді (проблема) шешу — сәулет-дизайн жағынан бастап конструктив-коммунал жағына дейін. Инженердің мойнында құрылыс аумағының дайын болуы — жолдың ыңғайлылығы және сапасы, құрылыс материалдарының сақталуы, жұмысшылардың тұратын жері мен тамағы және т.б. Атқаратын ісі:

  • кешенді проектілеу (сәулет, коммунал жүйелер, құрылыс жұмысының барысы, эксплуатацияға беретін уақытты белгілеу)

  • құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру

  • геолог, геодезист секілді жанжақты мамандармен кездесіп кеңесу

  • құрылыс объектілерін көріп тұру, тексеріп жүру

  • құрылыс материалдарының сатып алынуы, керекті жұмысшыны жалдау.

Кәсіби шеберлігі:

  • қауіпсіздік жүйелерін білу (құрылыстың кезінде, эксплуатацияға берер алдында)

  • құрылыс материалының сапасын білу

    1. Құрылыс материалдары

1-сурет Бетон

Бетон, (французша: bton, лат. bіtumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Кірпіш– жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру (сазды) не автоклавта булау (силикатты) арқылы алады. Түрлері:

2-сурет Кірпіш

  • Хромомагнезитті кірпіш (Кирпич хромомагнезитовый) — құрамында 8-15 Сг203, 65-75 MgO болатын, отқа төзімділігі 2000°С-тан жоғары кірпіш. Хромомагнезитті кірпіш негіздік және қышқылдық қасиеті бар ортада — химиялық байланыстағы суы кептіріліп, илемділігі жойылғанша, қақтала жабысатындай болып күйдірілген отқа төзімді, балшықтан не каолинненжасалған қыш. Мартен пештерінің күмбездері мен бүркеншіктерін, болат қорыту пештерінің ішкі қабырғаларын қалау үшін қолданылады

  • Шамот кірпіш (Кирпич шамотный) — отқа төзімділігі 1320— 1730°С. Шамот кірпіш домна пештерін астарлау, оның ауа қыздырғыштарын қалау, мартен пештерінің қабырғаларын, қож үстағыштарын, төменгі қабаттарын қалау үшін қолданылады.[1]

Асбес (грек. asbestos — сөнбес, бұзылмас) — силикаттар класының серпентиндер мен амфиболдар топтарындағы аса жіңішке талшықты минерал. Хим. құрамы жөнінен магниймен темірдің, ішінара натрийдің сулы силикаты болып табылады. Серпентин тобындағы хризотил А-тің хим. формуласы: Ол монклиндік сингонияда кристалданады, кесектерінің түсі жасыл, сұрғылт сары келеді, ажыратылған талшықтары — ақшыл, боз, жібектей жылтыр. Қатт. 2-2,5, тығызд. 2,4-2,6 г/см3, талшықтары иілгіш, майысқыш, балқу темп-расы 15000С-қа жуық, жылу мен электр тогын нашар өткізеді.

3-сурет Цемент

Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас) — гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі;органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.

Арматура (латынша: аrmatura — құралдандыру, жабдықтандыру) — машиналардың, құралымдардың және ғимараттардың негізгі бөлігінің құрамына енбейтін, бірақ олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы (әдетте бір қалыпты) құрылғылар мен бөлшектер жиынтығы.

4-сурет Арматура

Асбестцемент — суға иленген портландцемент пен асбест қоспаларынан жасалатын құрылыс материалдары. А. құрамындағы асбестің нәзік талшықтары цементпен кірігіп, берік те икемді, ыстық-суыққа төзімді әрі тығыз құрылыс материалдарына айналады. Оны кесу, тесу, тегістеу оңай. Одан табақша, тақта, құбыр пішінді құрылыс бөлшектерінің қырықтан астам түрі ғимараттардың шатырын жабуға, іргесін, қабырғаларын көмкеруге, шарбақ жасауға, құбыр желілерін тартуға, а.ш. құрылыстарын салуға қолданылады.

Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы[1]; темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.[2]

Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды.

2. Қоғамның құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ.  

1931 жылы 7 қыркүйекте Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚАКСР) Халық Комиссарлары Кеңесі техникалық бейіндегі алғашқы институтты – Құрылыс материалдары мен ғимараттар ғылыми-зерттеу институтын (ҚМҒҒЗИ) ұйымдастыру туралы № 46 қаулыны қабылдады. Кейіннен болған бірқатар өзгертулерден кейін ҚМҒҒЗИ құрылыс және сәулет бағытындағы бөлімшелері 1957 жылы КСРО Құрылыс және сәулет академиясының (ҚСА) Қазақ филиалының құрамына енді. КСРО ҚСА таратылуына байланысты 1964 жылы олар КСРО Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің ҚазөнеркәсіпқұрылысҒЗИжоба институты болып қайта аталған Қазөнеркәсіпқұрылысжоба институтына берілді және институттың ғылыми бөлігін академик Т.Ж.Жүнісов басқарды.

КСРО Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1989 жылдың 29 қарашасындағы № 154 қаулысымен, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылдың 14 желтоқсанындағы № 17-8/6-95 тапсырмасымен және Қазақ КСР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1990 жылдың 25 қаңтарындағы № 9-ОС бұйрығымен Қазақ мемлекеттік жобалау және ғылыми-зерттеу институты (ҚазөнеркәсіпқұрылысҒЗИжоба) ғылыми бөлігінің негізінде 1990 жылдың қаңтар айында Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ) құрылды.

Кейіннен институт республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК) болды.

Қазақ КСР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен 1990 жылдың 23 ақпанында бекітілген Жарғыға сәйкес, ҚазҒЗСТҚСИ, инженерлік-геологиялық жағдайлары аса күрделі аудандар мен жер сілкіністері жиі болатын өңірлерді қоса алғанда, Қазақстанның құрылыс кешені проблемалары бойынша Республикада жалғыз мемлекеттік бас ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымы болып табылады.

ҚазҒЗСТҚСИ алғашқы директоры білімі бойынша инженер-құрылысшы, техника ғылымының докторы, профессор, академик, қазіргі уақытта «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры М.Н.Алпысбаевтың кеңесшісі Төлеубай Жүнісұлы Жүнісов болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 30 шілдесіндегі №922 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2012 жылдың 29 қазанындағы №1147 бұйрығына сәйкес, «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты» РМК (ҚазҒЗСТҚСИ РМК) «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы (ары қарай – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ) болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: 

1) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігін, олардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ықтимал жер сілкіністері мен табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттардан болатын әлеуметтік-экономикалық залалды азайтуға бағытталған ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-эксперименталдық, технологиялық және жобалау жұмыстарын жүргізу;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жаңа және инновациялық ғылыми-техникалық әзірленімдерді (материалдарды, конструкциялар мен технологияларды) енгізуге қатысу, сейсмикалық төзімді құрылыс саласында қолданылатын жаңа материалдар мен технологияларды сараптау, сондай-ақ оларды енгізу бойынша ұсынымдар беру; 

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді, соның ішінде мемлекетаралық және халықаралық нормативтерді әзірлеуге қатысу; 

4) сейсмикалық төзімді құрылыс ғимараттары мен құрылыстарының сенімділігін қамтамасыз ету саласында сараптау жұмыстарын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету; сондай-ақ сейсмикалық қауіпті аудандардағы жобалау, құрылыс-монтаждау және арнайы жұмыстар саласында маманданатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту мен аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;

5) сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы инновациялық және инвестициялық жобалардың, соның ішінде ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту бойынша жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;

6) құрылысы жүріп жатқан ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ эксперименталдық құрылыс конструкцияларының сейсмикалық төзімділігін анықтау жұмыстарын орындау;

7) жер сілкіністерінің ықпалына және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттарға ұшыраған сейсмикалық аудандардағы ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларына зерттеулер жүргізу, сондай-ақ қайта құрылып жатқан немесе жер сілкіністеріне және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да дүлей апаттарға ұшыраған ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларын қалпына келтіру және күшейту бойынша ұсынымдар беру;

8) құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу; 

9) Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын және Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасы жобасын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу;

10) сейсмикалығы 9 баллдан асатын аудандарда және/немесе жер бетінде тектоникалық жарықшақтардың пайда болуы ықтимал аймақтарда орналасқан құрылысқа арналған алаңдарды пайдалану мүмкіндігі мәселелерін қарастыру жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; 

11) түрлі климаттық аймақтардағы сейсмикалық және сейсмикалық емес аудандар үшін ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларын әзірлеуге қатысу; 

12) сейсмикалық шағын аудандарға бөлу әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысу; 

13) сейсмикалық төзімді құрылыс саласында отандық және шетелдік ұйымдармен ғылыми-техникалық байланыстарды жүзеге асыруға қатысу; 

14) Техникалық реттеудің еуропалық жүйесіне – құрылыстағы Еурокодтарға негізделген техникалық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 

15) сейсмикалығы 9 баллдан асатын аудандарда және/немесе жер бетінде тектоникалық жарықшақтардың пайда болуы ықтимал аймақтарда жобалау мен құрылыс салуға арналған техникалық шарттарды әзірлеу.

2011 жылы институт Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен ғылыми-зерттеу ұйымы ретінде аккредиттелді.

Бүгінгі таңда «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылымында Астанадағы филиал, Оңтүстік Қазақстандық және Шығыс Қазақстандық филиалдар, сондай-ақ 7 орталық қызмет етеді:

  1. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет орталығы

  2. Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі орталығы

  3. Типтік және индивидуалды жобалау орталығы

  4. Біліктілік арттыру орталығы

  5. Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық

  6. Құрылыстағы баға белгілеу орталығы

  7. Жиынтықтау және шығару орталығы 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]