Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих тест жауабымен.docx
Скачиваний:
115
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
399.07 Кб
Скачать

78. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәріздері-елтаңба,әнұран,ту.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.4-маусым мемлекеттік рәміздер күні!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.

Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГИМНІ

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары

1. Жас ұрпаққа тәрбие және білім беруде Қазақстан тарихы пәнінің маңызы мен орны, мақсаты мен міндеттері.

2. Тас дәуіріндегі Қазақстан.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

4. Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер.

5. Сақтардың тайпалық одақтары: шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті.

6. Ғұндардың тайпалық одағы. «Ұлы қоныс аудару».

7. Үйсіндер және Қаңлы мемлекеттері.

8. Түрік, Батыс Түрік және Түркеш қағанаттары (ҮІ-ҮІІІ ғғ.).

9. Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттері (ҮІІІ-ХІ ғғ.).

10. Оңтүстік Қазақстанды арабтардың жаулауы және Қазақстанға ислам дінінің таралуы.

11. Қарахан әулетінің мемлекеті: саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

12. Найман, Керейт, Жалайыр ұлыстары.

13. Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

14. ҮІ-ХІІ ғғ. Қазақстанның экномикасы мен мәдениеті.

15. Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азия жерін жаулап алуы.

16. Алтын Орда: саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениеті.

17. Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны.

18. Ноғай Ордасы.

19. Моғолстан мемлекеті.

20. Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті).

21. ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстан экономикасы мен мәдениеті.

22. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.

23. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Керей мен Жәнібек, Бұрындық хандар.

24. ХҮІ ғ. Қазақ хандығы. Қасым, Хақназар, Тәуекел хандар.

25. ХҮІІ ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар.

26. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақтардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.

27. Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы.

28. Қазақ жеріне Жоңғар мемлекетінің шапқыншылығы («Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»). Қазақ елінің жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.

29. Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.

30. ХҮІІІ ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты.

31. Абылай ханның мемлекеттік қызметі

32. С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы.

33. ХҮІІІ - ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының мәдениеті.

34. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы».

35. Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі.

36. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

37. Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері.

38. ХІХ ғ. 60-жж. ортасында қазақ жерлерін Ресей мемлекетінің жаулап алуының аяқталуы және оның зардаптары.

39. ХІХ ғ. 60-90-жылдарындағы Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалар.

40. 1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі.

41. ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты.

42. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

43. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс.

44. ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.

45. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.

46. Қазақстандағы алғашқы ұлттық-саяси партиялар: «Алаш», «Үш жүз».

47. 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.

48. Түркістан (Қоқан) және Түркістан АКСР-нің құрылуы.

49. Алаш автономияларының құрылуы және қызметі.

50. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері.

51. Қазақ АКСР-нің құрылуы және оның одақтас республикаға айналуы (ҚазКСР).

52. Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері.

53. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері.

54. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.

55. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс.

56. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Жаппай саяси жазалау (репрессия).

57. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың мәңгі өшпес ерліктері (1941-1945 жж.).

58. Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.).

59. 1946-1964 жж.Қазақ КСР-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

60. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.

61. 1965-1985 жж. Қазақ КСР-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.

62. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.).

63. 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.

64. 1946-1991 жж. Қазақстанның мәдени өмірі.

65. КСРО-ның ыдырауы: себептері мен салдары. ТМД-ның құрылуы.

66. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы. (1991 ж. 16 желтоқсан).

67. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2015 жж.)

68. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2015 жж.).

69. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2015 жж.)

70. Қазіргі Қазақстан территориясындағы діндер тарихы.

71. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.

72. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2015 жж.).

73. Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы және ұлт көшбасшысы.

74. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарихы.

75. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.

76. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» (11 қараша, 2014 ж.).

77. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары: мақсаты мен міндеттері, іске асыру тетіктері.

78. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]