Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих тест жауабымен.docx
Скачиваний:
115
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
399.07 Кб
Скачать

1-сұрақ(Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.) Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрлықта,40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы менкендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін,тармағы болғанда "қазақ түрік емес,қазақсыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түркі тектес халықтардың ең іргелісі қазақ халқы болып табылады.Оның тарихы да,тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты:сабақтас,салалас,аралас,ортақ.Сондықтан да қазақ халқының тарихын алып даладан бөле-жара қарай алмаймыз.Сайып келгенде, осы ұлы даланы айдынды асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестететін болсақ,теңіздің қайнар бастауы, оның деңгей-дәрежесін негізі-осы даланы жайлаған түрік тектес халықтар,оның ішінде қазақ халқы екенін ұмытпауымыз керек.Кезінде Қазақстанның осы ұлы даланың елеулі бөлігін қаусырв құшақтап,қарымды қамтып жатқан бүгінгіден де үлкен жері болды.Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс,оның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу,жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде боолып,халықтың өткенін білуі күңгірттеніп,ұрпағы мәңгүрттеніп,өз елінің тілі мен дінінен,дәстүр салтынан қол үзе бастаған жартылай орыстанған шала қазақтар көбейіп келе жатқан кезде қолға алынды.Осындай бетбұрыстың нәтижесінде жұртшылықтың өз халқының тарихына деген ынтасы мен ықылас пейілі,құштарлығы мен шексіз құмарлығы жаппай бой көрсетті.Білсек деген сұрақтар көбейді."Біз қазақпыз,сонда кімбіз,өткенімізде ғибрат аларлық не бар,келешегіміз не болмақ,елдің тарихындағы батырлар мен билері бетке ұстар адамдары кімдер?"-осындай сұрақтар ашық қойыла бастады.Жасыратыны жоқ,соңғы он төрт жыл ішінде қазақ халқының тарихына,өткеніне байланысты жоғарыда айтылған сұрақтарға біршама толық жауап беретін көптеген басылымдар мен жарияланымдар,мақалалар,ірілі-уақты кітаптар жарық көрді.Қазақ жеріндегі аталып өтуге лайықты аса маңызды саяси оқиғалар мен тұлғалы азаматтардың тойлары өткізілді.Қазір халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып,оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың,әсіресе жоғары,орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор.Жастар халқымыздың келешегі,заманымыздың болашағы.Бүгінгі қоғамда атқарылып жатқан әлеуметтік-эконмикалық игі істердің бәрі солар үшін,солардың берекелі бақыты үшін істелуде.Тарих латын тілінен аударғанда "өткенді баяндау,айту,жеткізу" дегенді білдіреді.Тарих өткенді баяндап қана қоймай,оның болу мерзімін деңгейін барлығын зерттейді.Тарих-халықтың жады,ол біздің патриоттық сезімімізді туғызады,ата-бабамыздың қандай болғанын,және біздердің олардан қандай айырмашылығымыз бар соны зерттейді.Тарих ғылымының ең басты мақсаты-шындықты бұрмаламаусыз,боямасыз көрсету болып табылады. . Тарих тағлымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген.Өйткені,бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалған.Мемлекеттің өсіп өркендеуі,оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес.«Тарихсыз халық жоқ »деген бізге белгілі қағида бекер айтылмаса керек.Тарих тәжірибені зерделеу барысында тарихи сана,дәстүр мен мәдениет,ұрпақ сабақтастығы қалыптасады.Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің диалектикасын түсінуге мүмкіндік береді. Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді:гносеологиялық(Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді) аксеологиялық(Әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады,сондықтан ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады)прогностикалық(Тарих,ол болашақтыңнегізі қаланған өткен заман,тарих аяқталмайды.тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар,өйткені онда бұрын ашылмаған шындықтарайқындалады).Тарих қай халықтың бломасын қайталанбас ерекшелігін,нақтылығын дербес қарастыра отырып,олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді,соған сәйкес әлемдік тарих жүйесіндегі орнын айқындайды.Жалпы алғанда тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті.Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады.Өйткені,қазақстандық қоғам жүздеген ұлыстардың,сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы.Халық тарихы оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын,менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейдегі қауымдастықта алатын орнын айқындайды. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастау алатын,тарихи кезеңдер мен ғасырларды қамтитын өзіндік логикалық темірқазығы бар.Ол мемлекет құрушы қазақ ұлтының этногенезі мен Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ортақ тарихы.Қазақстан тарихын оқытудағы негізгі мақсат Отанымыздың тарихы,ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың,соның ішінде,әрқайсымыздың ата бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру,ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады.Мәдени ескерткіштерді адамдардың еңбек құралдары,тұрақтары,тасқа жазылған бейнелер,жерлеу әдістері құрайды.Ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды.Оларға парсы,грек,латын,араб,түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді.Бұл жазба деректерінде осы жерде мекен еткен тайпалардың тұрмысы,шаруашылық өмірі,саяси оқиғалары,көршілермен қарым қатынасы,ұлттық қалыптасу үрдісі жайлы мәліметтер беріледі.Тарих білімінің негізін деректер құрайды.Тарихи деректер ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар,айғақтық деректер.

2-сұрақ(Тас дәуіріндегі Қазақстан)Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады.Тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.1) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл. 2)Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.3) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.4) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.10-мыңжылдық.Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар.Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғышарттары қалыптаса бастады.Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.Олдувайлық мәдениет - бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Осы кезде ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам") архантроптары палеоантроптарға айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты.Сонғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындагы қогамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналык жүйелі және аналык тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды.Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын ролінен келіп шыққан еді.Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.Соңғы палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние танымы күрделілене бастады. Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан жатқан аңшылық магия кең тарала бастады. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азаяды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Соңгы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығьшан қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады\

3-сұрақ( Қола дәуіріндегі Қазақстан)Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді.Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Бұл дәуірде адамзат металды игерді.Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды.Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды.Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді.Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл—мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған.Осындай энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды. Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық.Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр.Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.Орталық Қазақстанның қола дәуірі.Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы—Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі.Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз.Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғұлан болатын. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі — б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады.Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары — көне қорымдар құрайды.Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі.Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар «адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы»қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы,әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар,сыртын айнала үлкен гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы,ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ең соңғы кезеңі — «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп аталады. Оның хронологиялық шектері, өтпелі кезеңді қоса есептегенде, б.з.д. XII—VIII ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің ең басты ерекшелігі болып өте жоғары дәрежеде дамыған тас архитектурасы. Бұл мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының кұрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Олардың қабырғалары екі қатар болып, тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі және сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. Шаруашылық кәсіптің жаңа түріне көшу тұсында ірі-ірі мәдени кауымдар пайда болды. Зерттеулердің нәтижесі Орталық Қазақстанның дүние жүзіндегі ежелгі мәдениет орталықтарының бірі болғандығын айқындап берді

4-сұрақ (Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер) Көне парсы деректері.Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі «Авеста»1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған «Авеста» жырларының авторы Заратуштра («Кәрі түйеші» деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. «Авестаның» сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Көне грек авторларының шығармаларыКелесі кезекте — Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты «тарихтың атасы» деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған «Тарих» атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды «азиялық скифтер» деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында», — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: «Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты», — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.«Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды», — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған » Алтын адам», «қайқы қылыш» сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі.Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: «Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті», — деп жазды. Геродот: «Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты» деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы «География» еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. «Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады… аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп..Қытай жазба деректері Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.

5-сұрақ( Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы)Б.з.б. І мыңж. Қазақстан территориясын мекендеген – сақтар. Олардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің Еуррпалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды. Сақтарды әр елде әр түрлі атаған: гректер – Азиялық скифтер, парсылар – құдыретті еркектер, ирандықтар – жүйрік атты турлар. Б.з.б VII – VI ғасырлрда сақ одағы құрылды. Сақ қоғамының сипаты – әскери – демократиялық . 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған: жауынгерлер – қызыл түс, абыздар – ақ түс, қауым мүшелері – сары және көк түс. Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылар ең мергені – тайпаны басқару құқығын иеленді.Тайпа одағының билеушісі – патша. Сонымен қатар патша – көктемде жерге алғ. сақа салушы, малшыларды үйрететін ұстаз, құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші болып есептелген. Маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық құрылысқа белсенді араласып, ерлермен қатар сағысу құқығына ие болған. Малға жеке меншік п.б., мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқынд. құл етіп, үй жұмыстарына салды. Бұл кезең алғ. қауымлық құрылыстар ыдырап, әскери демократия құрылысының п.б. бастаған кезең. Әскери демокр. таптықкезенге өту, кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында болды. Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала өміріндегі тайпалардың өміріндегі үлкен экон. пргресс болып саналды. Сақтар м/ш үш түрін үйлестірді: 1) көшпелі м/ш – Батыс және Орталық Қазақстанда; 2) Жартылай көшпелі м/ш – Шығыс Қ-н, Жетісу, Батыс пен Орт. Қ – ның бір бөлігі, Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде; 3) Отырықшы м/ш – Оңт. Қ – н, Талас, Шу, Сырдариы, Келес өзендерінің бойында. Сонымен қатар бұнда суармалы егіншілік те басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды. Шөлейт жерлерде түйе өсіру дамыды. Ірі қара аз өсірді. Өзен, сулы аймақтарда тұратындар суармалы егінш. айналысты. Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар: Сырдарияның оңт. аңғарындағы Шірік – Рабат, Бәбіш молда қоныстары. Сақ тайпалары металл, қолөнер дамыды. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еур. халықтарымен сауда жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралықжәрмеңке өткізіліп отырған. Ұлы Жібек жолының лазурит пен нефрит тасылатын жеке бөліктері: Лазурит – Памирден Иран мен Месапотамияға, Нефрит – Қашқаридан Қытайға жеткізілген; б.з.б. І мыңж. орт. «дала жолы» жұмыс істей бастады: Хуанхэ өзенінен Алтай, Қазақстан және Қара теңіз жағалауындағы даладан өтіп, грек, этрустар еліне жеткен. Б.з.б. VII ғ. бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еур. оңт. «аңдық стиль» п.б. Бұл өнерменАлдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Жылқы күн мен отпен байланыстырылды. Қабан күн күркіреу құдайы деп сенді. Сықтардың әлем құрылымы туралы түсініктер: Жер асты, жер, көк әлемі; дүниенің төрт бұрышы- оңжағы, сол жағы, алдыңғы, артқы. Ал көшпелі отқа, күнге, соғыс құдайына табынды. Зергелік өнер жоғ. дәрежеде болды. Ағаштан ойып жасаған бейнелер, сәндік бұйымдарды алтынпен аптау кең таралды.Олар Екік және Шірік-Рабаттан табылды. Антропологтар олардыеуропалық нәсілге жатқызады, алайда монғолоидтық белгілер Солт. және Шығыс Қ-дымекендеген сақтардан байқалады. Сақтар тілі – шығыс – ирандық Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты.Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғыстыБ.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі – оларда тас жалы, “мұрты” болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері – Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады. Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар – Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар – диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр – орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары. Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан.

6-cұрақ (Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару)Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты. Б.з.д. 1-мыңжылдыктың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен кәшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады. ытай тарихнамашысы Сыма Цянь (Б.з.д.145—86жылдары) Орталық Азияны б.з.д. VII—ғасырларда мекендеген Солтүстіктегі көршілерін жундер деп атайды.Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі — ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық және Батыс Монғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды. Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арұылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.Аттила Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.

7-сұрақ (Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары)Үйсіндер Шығу тегі мeн орналасуы. Б. з. б. I ғ. аяғында Қазaқстан далaларында caқ тайпалaрын ығыстырған жаңа тайпалық одақтар пайдa болды. Бұлар - үйсіндеp, қаңлылаp, сарматтар, аландаp.Жетісудағы сақ жeрлерін б. з. б. II ғ. Орталық Азиядан келген үйсін тaйпалары мекендеді. Бұл тайпаның шыққан тeгі әлі түгелдей анықталған жoқ.Үйсіндердің нeгізгі орналасқан жері Іле даласы. Бaтыс шeкаросы Шу мен Талас өзендері аpқылы өтіп, қаңлылаp жерімeн астасып жaтқан. Шығыстa үйсіндер ғұндаpмeн шекаралас болып, oңтүcтікте Феpғанaғa дейін созылған.Үйсіндeр астанасы - Қызыл аңғар қалaсы. Үйсіндeр мемлeкеті 3 бөлікке: шығыс, бaтыс, ортaлық бөліктeрге бөлінді. Мемлекет басшысының лауазымы жазба деректердe гуньмо деп аталған. Олaр жайылым, сayда жолы үшін қaңлы, ғұндармен ұзақ сoғысты. Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болды.Шаpуашылығы. Үйcіндер мeмлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Мал шаpуашылығы үйсіндер өмірінде мaңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қaшықтығы - 30-100 шақырым аpалығындa болды. Сондықтан да үйсіндеp қыcтау мен жайлауда, cонымен қатар тау бөктеpіндегі жайылымдaрында ұзақ yақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана cалды, eгін, бақша екті. Бірте-бірте жиі болып тұpатын жұт малдың жұқпaлы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдaн айырылған халықтың бір бөлігі тұpақты oтырықшылыққа көшуге мәжбүр болды.Сол кeздің өзінде-ақ күндeлікті тұрмыcта жер өңдейтін тaс тырма, қолдан жасалған қол оpақ пaйдаланылған. Тaстaн жасалған қoл диіpмeннің тaбылуы - cол за­мандарда өмір сүрген тұрғындардың дәнді дақылдармен қоректенгендігінің біp дәлелі.Үйсін мемлeкетінде мaлға жекe меншік болды. Ру, тайпалaрдың жайылымдары иеліктеpге бөлініп, қазына-бaйлық тайпа көсeмдерінің қолына жинақталды.Билік мұрагeрлік жолмен әкеден балағa мирасқopлық салты бойынша ауысып oтырады. Оған жоғapыда аталған py, тайпа көсемдері бағынғaн.Үйcін мeмлeкетінде басқарyдың ондық жүйeсі қолданылған. Ел билеуші өзіне қаpосты ел-жұртын балалаpына бөліп беріп, әрқайсына он мың адамнан жасақ, көшіп жүретін және қоныста отыратын жeрлерін еншілeген. Мал өcірумен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, жедел өркендеген. Әсіресe, қыштaн ыдыс-аяқ, құмыра жасаy ісі қанат жайды, өңдеу кәсібі жолға қойылды. Тeмір мен қолдан еңбeк құралдары, қaрy-жарақтаp сәндік бұйымдaр соғылды. Тоқыма кәсібі, тeрі илeу, тас қашay, сүйек өңдеу ісмерлігі дамып алға басты.Үйсіндердің өнері мен діні. Арxеoлогиялық қазбалaр нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диaдемaсы - үйсіндердің өнеpі мен діни нанымынан мәлімет бeретін құнды eскерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан тaбылған.Мәдениеті. Үйсіндер мен қaңлылардың материaлдық мәдениеті толық зеpттелді. Жeтісу мен Сырдария қалаларындaғы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, кeрамиканың негізгі типтері, eңбeк құpалдaры мен қарy-жаpақтaры жайлы мағлұмат алуғa мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқa бір түpі - үлкен күймелі арба. Оғaн түйе мен өгіздерді жеккен.Үйcіндер қорғандары негізінен үйінді оба түріндe болған. Ер адамдарды қылыш, жeбе, садағымен бірге жeрлесе, әйелдeрдің бейіттеріне әшекей бұйымдар - cыpға, жүзік, моншақ, т. б қойылған.Үйсіндер мекендеген aймақта қолөнердің дaмығандығы байқалады. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрімен (aң cтилі) бaйланысты. Үйсіндеpде құмыpа жасaу кәсібі барынша дaмыды. Үйсін ыдыстаpының нeгізгі түpлеpі - тeгенелеp мен кеселеp, тoстағандaр, түpлі құмыралар мен қазандар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қoладан еңбек құралдары, қару-жарaқтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тoқыма, жіп иіру, тeрі илеу, асыл тастар, бағалы тастар мен бағалы метaлл, сүйек өңдеу іcі де дaмығaн.Үйсіндер туралы тарихи деректер. Үйcіндер туpалы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кeң байланыста болғaн. Үйcіндер туралы көп деpекті Қытай тaрихшыcы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінгeн: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгeрлерінің саны 180 мың…… Үйсіндерде жылқы көп. Бай адамдaрдың 4000-5000 жылқысы болaды.» Қаңлылар Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытaй жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жa­зылған «Қаң жүй го» деген aтаудaн алынған. Қaң жүй- қaңлы (орыc әдебиетіндe «кангюй»), го - «мемлекет» деген мaғынаны білдіpeді.Ғaлымдаpдың көпшілігі қаңлылаpдың түркі тілдес халық бoлғандығына күмән келтірмейді.Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғаcырында дәуірлeнген кезеңінде xалқының cаны 600 мың адамды құрап, әскерінің сaны 120 мыңғa жeткен.Қaңлылар aстанасы - Битянь қаласы. Бaйланыс жасаған елдер - Қытай, Рим, Кaвкaз т. б. Қаңлы бейлeушісінің жеке иелік шекаpаcы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құpған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қaрап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербеc саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларынa қaрсы тойтарыс беpуіне көмектесіп отырған. Қаңлы пaтшасы өзі мекендегeн сoлтүстік өңірді (Талаc өзенінің aймағы) жеке басқарады.Қаңлы тайпасындa билік мұрагерлік жолмен әкеден балағa бeріліп отырған. Бар билік ақсақaлдардың, pу басшылaры мен көсемдердің қолында болған.Шаруaшылығы. Тайпа халқы негізінен мaл шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Бaсты байлығы мaл болды. Көбінеcе жылқы, қой, oған қосымша cиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілеp дәнді дақылдaр eккeн және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, cондай-ақ сүйектен жaсалынған eгіншілік құралдаpы да пайдалaнылды. Жиналғaн өнім жерден қазылған ұраларда немеcе қыш құмыpаларда сaқталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстаpы - үйрек, қaз аyланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қaтаp та­мaққа жaбайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жеміcтері, тау жуасы пайдаланылды.Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнеp кәсібі өте жоғары дәрeжеде өркeндеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес хaлықтар болғандықтaн, олар өз тілінде, яғни түpкі тілінде сөйлеген.Қаңлылaрдың тұрғын үйлері көшіп-қонyға қолайлы киіз үйлеp және топырақ пен ағаштaн, тастан жасaлған тұрғын үйлер, aдамдар жиі орналасқан eлді мекен, қалалары болған.

8-сұрақ(Түрік,Батыс Түрік және Түргеш қағанаттары. (ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ)Түрік қағанаты (551–603 жж.)«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жы­лы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады.Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553–572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553–554 жж) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі.571 жылы Естемі қаған Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582–593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581–618 жж.) шабуылы күшейді. Бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.Батыс Түрік қағанаты (603–704 жж.)Батыс Түрік қағанаты. Аумағы Алтайдан Тянь-Шаньға дейін, Шығыс Түркістаннан Каспийге дейін созылады. Астанасы – Суяб қаласы. Қағанат құрамындағы тайпалар: қаңлы, үйсін, дулат, түркеш, қыпшақ, қарлұқ т. б. Шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығымен, суармалы егіншілікпен айналысты. «Ұлы Жібек жолының» Батыс Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.Басқару жүйесі. Мемлекетті қаған басқарды. Қағанның әулеті жоғары тұрды. Олар янғу, шад, тегін сияқты жоғары лауазымдарға ие болды. Билік мұрагерлікпен беріліп отырды. Қағанат он тайпаға бөлінеді. Ол «он оқ» деп аталады.Мәдениеті. Халық түрік тілінде сөйлейді. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қаған­ның, Күлтегіннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғары дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ес­керткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған.Қағанаттың ыдырауы. Батыс Түрік қағанаты 704 жылы құлады.Басты себептері: феодалдардың ішкі талас-тартысы және Батыс түрік қағанатының Таң патшалығымен соғысы. Қағанат территориясы жаңадан құрылған Түркеш қағана­тының құрамына кірді.Тарихи деректер. Батыс түрік қағанаты жайында көптеген мәліметтер бар. Солардың ішінде Жуңғо кезеңінің деректері ең қомақты деректер болып табылады. 630 жылы будда ғалымы Шуан Заң қағанат астанасы Суяб және тағы басқа қалалар жайында естеліктер қалдырған. Моңғолия жеріндегі Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін құлпытаста­ры Батыс түрік қағанаты туралы заттай деректер болып табылады.Түргеш қағанаты (704–756 жж.)Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас ай­мағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704–756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағана­ты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706–711 жылдар. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпа­ларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. 712–713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Испиджабқа шабуыл ұйымдастырды.Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715–738 жж.) тұсында қай­та күшейе бастады.

9-cұрақ (Қарлұқ,Қимақ,Оғыз мемлекеттері.(ҮІІІ-ХІ ғ.ғ))Қарлұқ қағанаты (756–940 жж.)Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бұл кезде қарлұқтар Моңғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. VI-VII ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының құрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық – бұлақ, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. 742 жылы Моңғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басымалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына көшіп, олардың көсемі қаған болады. Қарлұқтар басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, бұлардың арасында та­лас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет Ұйғыр қағанаты (744–840 жж.) құрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлұқ тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара қырқысқан күрес­терден әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы – Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Қарлұқ тайпалары VIII-X ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньннің баурайларын мекендеді. Қарлұқтардың бір тобы 766–775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлұқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды. Бұл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, шарухтар, аргулар, барсхандар кірген. Қарлұқ жабғуы IX ғасырдың басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрес­терін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан (қазіргі Луговой стансасы) қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтарды жеңеді. Олардың жабғысы Қимақ еліне қашып кетуге мәжбүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтарды жеңеді. 840 жылы Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасай­ды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды.Қарлұқ феодалдық қоғамы байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы – құлдар-тын. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мер­ке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т. б. Қалаларда қолөнер мен зергерлік кеңінен дамыды. X ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы нашарлай түсті. Оған Орта Азиядағы саманилер әулеті мен арабтардың шабуылы күшейді. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы та­лас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне осындай қиын жағдайда қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады. Оғыз мемлекеті (IX-XI ғғ. басы)Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті.X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы” атағы бар жоғарғы биле­уші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген. Жабғудың "инал” деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға "қатын” деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл – мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсе­теді. Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңын­дағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты. Оғыз кедей­лері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Оғыздарда құмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, ал­тын, мыс және асыл тастар өндірілді.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып ал­ды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмады. кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір кұшейді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп Жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары осыдан кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал XI ғасырдың ортасында қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті.Кимек қағанаты (IX-XI ғғ. басы) Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Моңғолияны мекендеген, ал VII ғасырдың орта­сына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшысы "шад татұқ” деп аталған. VIII ғасырдың екінші жартысы – IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: эймур, кимек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Кимек тайпа­ларының басшысы "байгу” (жабғы) деп аталады. Бұл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған.IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бұл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сырдария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тай­паларын талқандайды. Печенегтерді бұл жерлерден ығыстырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мемлекет ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.

10-сұрақ (Оңтүстік Қазақстанды арабтардың жаулауы және Қазақстанда ислам дінінің тарала басталуы)Арабтардың жаулап алу жорықтары.VII ғасырдың басында Арабия түбегінде Араб мемлекеті құрылады. Бұл мемлекет ислам дінін басты қағида етіп ұстайды. Араб феодалдары «дін үшін соғыс» жиһад ұра­нымен басқа халықтарға, елдерге басқыншылық жорықты бастайды.Арабтар жорығының басталуы. 633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» ұранымен жаулап алу жорықтары басталады. Олар Сирия, Иран, Египет жерлерін басып алады.Арабтардың Орта Азияға, Қазақстанға шабуылы. Арабтар ең алдымен Мәуереннахрға, 706 жылы Бұхараға шабуыл жасайды. Арабтарды Орта Азияға Қорасан билеушісі Ку­тейба ибн Муслим бастап келеді. 709 жылы арабтар екінші рет Мәуереннахрға шабуыл жасап, Бұхара қаласын, 714 жылы Шашты басып алады. 753 жылы қарлұқтар мен түріктер арабтарды Самарқанға дейін қуады. 724 жылы арабтар Ферғананың орталығы Қасанның маңында түркештер мен ферғаналықтардан жеңіледі. 737–748 жылда­ры арабтар Қазақстан жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасайды. 451 жылы Тараз қаласының маңында арабтар осы өңірді басып алған қытайларды жеңеді. Арабтарға қарсы күрестер. 766 жылы қарлұқтардың, содан кейін Ферғана халықтарының арабтарға қарсы күресі басталды. 806 жылы Орта Азияда арабтарға қарсы Мұқанна қозғалысы болды. IX ғасырда Араб халифатының саяси жағдайы күрт нашарлады. Осының салдарынан Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда арабтардың билігі әлсіреді. Араб басқыншылығының салдары мен маңызы. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңірлеріндегі халықтар малынан, жерінен айырылды. Арабтардың басқыншылығы Қазақстан­ның саяси-экономикалық, мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Ең алдымен Қазақстан аумағында ислам діні, араб мәдениеті, жазуы тарады. Тараз, Отырар, Бұхара т. б. қалаларда араб мәдениетінің, ислам дінінің ірі орталықтары пайда болды.

11-сұрақ (Қарахан әулетінің мемлекеті. саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.)Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты. Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. X ғасырда яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді. Кейінірек, XI ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман — Іле өзенінің алқабын- да өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан кәшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барсхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды.Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан-байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың Саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін- дүркін шабуыл жасаған тоғыз-ғұздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. 840 жылы қарлұқтардың жетекшісі, Испиджабты билеуші Білге Кұл Қадырхан қаған атағын қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын мәлімдеді. Нақ сол жылы Саманилер Испиджабты бағындырды. Білге Құл Қадыр-хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік ушін күресте оның екі баласы суырылып шықты: Базыр Арслан-хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр-хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан кейін (893 ж.) Оғұлшақ, тегінде аз уақытқа Қашғарға баруға мәжбүр болса керек, одан 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады. Оғұлшактың немере інісі Сатұқ Боғра-ханды (915—955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра-хан Оғүлшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.[1] Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қаға- наттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана каласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек, тегінде, Баласағунды иеленсе керек. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі әулеттің — Әли Арслан- хан мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары арасындагы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер) ұрпағының ықпа- лы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (хасанилерге) көшті. Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды. Үлесті жүйеде негізі қаланған Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктерінен тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелігіне, Мауараннахр батыс иелігіне кірді; шығыс иелігінің саяси орталығы Баласағұнға жақын мандата Орда (Қара Орда, Күз Орда), содан соң Қашғар, батыс иелігінің орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Екі иелік бертін келе жеке-жеке мемлекетке — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғасырдың басында Туған-хан билеп тұрды. Онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадыр-хан Жүсіп бәсекелес болды (араб тіліндегі кейбір деректемелерде Қадыр-хан Хотанды иеленді деп көрсетілген). 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Қашғардан Туған-ханды тықсырып, қаланы қаратып алды.12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты.

12-cұрақ (Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары)Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды.Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азияаумағына қоныстанған. Қидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде монғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.X—XII ғасырдың басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монголия жерінде тұрған. Жетісуда қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтарды мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде XI ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі шығыстан батысқа қараған аумақты алып жатқан.Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл қазіргі Монголия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған. Жалайырлар Шыңғысхан империясының өрлеу кезіне қарай Хилок және Селенга өзендерінің бойын, дәлірек айтқанда, Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.Шаруашылық-экономикалық құрылысы.Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өз малына жайылым іздеп, бір жерден екінші жерге жылына бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы мен мал санына байланысты болған. Қысқа пішен қоры жасалмады, бірақ көшіп-қону қыстыгүні малдың азықты өзі тауып, өз аяғынан жайыла алатындай етіп реттеліп отырылды. Деректемелер жалайырлардың, наймандар мен керейіттердің көшіп-қонуын екі түрге белуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан, жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын бірлестіктер болып көшіп жүрген. Шыңғысхан империясының құрылуына байланысты көшіп-қонудың күрен әдісі жойылып, әскери ұйымдык түрі ғана қолданылады. Наймандардың басты байлығы үйірлі жылқы болды, жылқы болмайынша далада шаруашылық жүргізу мүмкін емес еді. Көшпелі үшін жылқы қатынас құралы, соғыста және қаумалап аң аулағанда мінер аты болды. Көшпелілер оның етін жеп, сүтін ішті, терісі мен жүнін пайдаланды. Ірі қара да көлік ретінде пайдаланылды: күркелі арбаға өгіздер мен сиырларды жекті. Қой малы еті, терісі мен жүні үшін ұсталды. Бірақ наймандар, керейіттер, жалайырлар бір ғана мал шаруашылығымен тіршілік ете алмайтын еді, ейткені тамақ жетіспеді. Бұл тапшылық алуан түрлі жабайы аңдар мен ішінара балық аулаумен толықтырылып отырды.Мемлекеттің құрылуы.Орталық Азияның көшпелі тайпаларының XII ғасыр бойында күш-қуатының артуы олардың ең ірілерінде — наймандарда, керейіттерде, жалайырларда — алдыңғы феодалдық мемлекеттік құрылымдар — ұлыстардың пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы қауымдық құрылыстың институты болған жоқ. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық» дегенді білдірді. Ұлыстың құрамында қандас туысқан адамдардың болуы міндетті емес еді, оған хан руының өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде адамдар да енді. Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердің ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары болып, олар ара-тұра болса да қорғалып отырды. Шыңғысхан талқандаған керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның наймандар иелігін қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапқаны мәлім. Армян авторы Степанос Епископ монғол сарайы жанындағы жоғары лауазымды қайраткерлердің бірі жайында айта келіп, былай дейді: «Бұл адам саны ең көп және күшті джалакир (жалайыр) тайпасынан болатын...». «Бұл жалайыр тайпасы үлкен-үлкен он тармақтан тұрады, олардың әрқайсысы жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды...».Көрші халықтармен езара қатынастары.еректемелер наймандар мен керейіттердің көрші тайпалармен соғыстары туралы мәліметтерге толы. Рашид ад-Дин былай деп жазады: «...Керейіттер көптеген тайпалармен, әсіресе найман тайпаларымен көп жауласты... Бұл кезде басқа тайпаларға қарағанда олардың күші басым әрі құдіретті болатын... керейіттердің Ван- ханымен наймандар қырғыздардың аймағы бойынша және ұйғырлар елі- мен шектесіп жатқан шел далаға дейін үнемі қырқысып, жауласып жүрді». Рашид ад-Дин наймандардың қырғыздармен, керейіттердің Цзинь мемлекетімен соғыстары туралы мәліметгер келтіреді. Соғыс кезендері көршілер- мен бейбіт қатынастар жағдайымен алмасып та отырды. Қытай деректемелерінде керейіттер мен наймандардың көшпелі көршілерімен ғана емес, сонымен қатар отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен — Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр иелігімен тығыз мәдени және саяси байла- ныстар жасағаны туралы мәліметтер де бар. Наймандар мен керейіттерді 11 билеуші тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан бағытындағы христиан дінің, ұйғыр жазуын, сондай-ақ мемлекеттіліктің басқа да элементтерін қабылдады. Керейіттердің танғұттармен қатынастары да осы байланыстардың дәлелі болып табылады.

13-сұрақ (Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы)Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды. Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: қимақ тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ. соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.Екінші кезең – 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік -қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралды.Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол басқыншылығы тоқтатып тастайды.

14.. X-XIII Ғылым мен мәдениет. Әл-Фараби, ж. Баласағұн, м.Қашқари, а.Яссауи.

10ғ. Ортасында Қархан мемлекетінің құрылуы немесе олардың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу регионын жақындатты. Қалаллардың көтерілуі жалғасты, қолөнер және сауда, ғылым мен мәдениет дамыды. Қарахандардың Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалрдың дамуындағы маңызды кезең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпелілердің отырықшылыққа көшуінен болды. 9-10ғғ. Іле құғырына бегінген елді мекендер пайда болды. Олардың Кейіреулері қалаларға, қолөнер немесе сауда орталықтарына айналды. Отырықшылық немесе қала мәдниеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазаұстанға таралды. Одан әрі қалалық қолөнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру басталды.Қралып отырған кезеңдегі ірі қалаларың біріне Тараз жатты. Осы кезеңдемұндақоғамдық моншалар салынды.Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының натуралдық шаруашылығының тұйықтылығының бұзылуына әкеліп қолөнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалалард халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбейуіне әкелді.Бірқатар қалаларда темір ақшалар соғылды. Олар Испиджиб, Отырар, Тараз шығарды. Қазақстан қалаларының гүлденуі әлеуметтік-экономикалық алға жылжудың салдарынан, ең алдымен феодализмнің дамуынан болды. Орта Азияда қалалардың дамуына және жылдам өсуінің себептерінің бірі оға ауыл халқының ағылуы болды. Шаруаларды қанау олардың кедейленуіне әкелді. Ауыр экономикалық жағдай оларды қалаларға қуды.Қоғамдық немесе ғибадат құрылыстарының архитектурасы Ислам канондарына сай немесе жалпы “Мұсылман Шығысы” елдерінің архитектурасы бағытында дамыды. Әсіресе, ғибадат комплекстері қатты дамыды. Аталған кезеңде моншалар пайда болды. Үлкен қалаларда бірнеше монша болды.9-12ғғ. Исламның кең тарауымен арб тілі кең қолданысқа ие болды. Араб тілінде Шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби жазды, ол Отырар түбінде Весидж қаласында туылып, сосын Бұхара мен Бағдатта оқыған. Әл-Фараби энциклопедист-ғалым болып саналады. Оның ғылыми көзқарастары өз заманынан көп озық болды. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүр, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Әл-фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректерге сүйеніп айтқанда, 70-ке жуық тіл білген деседі. Әл Фарабидің араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден бастау алады. Қасиетті Құран Кәрим тек діни қағидалар жинағы ғана емес , сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан , Әл -Фараби бүкіл Ислам ғылымдарына парыз болған иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрим мен Хадис Шариф –парыз Сүннет амалдарына негіздеуі)жолына түскен .

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. “Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» дүниетанымдық және құндылықтық бағдары Ислам діні мен ахлағына негізделген. Ахлақ – бұл исламдағы моралдық, адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем мінезділік. Исламдағы көркем мінезділік бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі бұл – Құран мен Сүннет. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Иман тұрғысынан ең жетілген мұсылман – өнегесі жақсы мұсылман» деген. Исламның ахлақтық құндылықтарын: діндарлық, тақуалық, имандылық, сабырлылық, рақымшылдық, ақыл-парасаттылық, әділеттілік, бостандық, ғылым-білім, достық, бауырмалдық, адалдық, аманат, ар-ұят, қарапайымдылық, тазалық, өзара құрмет, іс-қимыл т.с.с. құндылықтарын түркі ойшылдары өз еңбектерінде қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізе білді.

Дұға оқып, «Сақта» деп хан жалынды,

Қолын жайып, Жаратқанға табынды ...

Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп,

Үміттеніп, шарапаты тиер деп –

(Баласағұн Ж. Құтты білік)

Бұл – Құдайға құлшылық етудің шынайы жүректен шығып, кіршіксіз амалмен іске асатындығы туралы ойшылдың шынайы сенімінен туындаған ой.

Махмұд Қашқаридің еңбегі құнды болып саналады. Ол түркі халықтарыың “Диван лұғат ат-түрік” сөздігін жасаған. Өз заманының әйгілі ойшылы немесе ақыны болып Ахмет Яссауи саналады. Ол “Диван-и-хикмет” атты өлеңдер жинағын жазған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]