Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих тест жауабымен.docx
Скачиваний:
115
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
399.07 Кб
Скачать

69. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013жж).

Болашақ мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның келешек үшін маңызы. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Нұр Отан» ХДП-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіретін кадрлар жасақтауға белсене араласып, партиядағы әлеуеті зор жас мамандардың ролі айрықша аталып көрсетілді. Жас ұрпақ, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері еліміздің ертеңі үшін барынша белсене қызмет етуге міндетті деп есептеймін. Келешекте кәсіби білікті мамандар халықтың әл-ауқатын арттыруда шешуші роль атқара алатындай дәрежеге жетуі тиіс. Біздің қоғам үшін жастардың саяси білім деңгейі жоғары, талғамы биік, аналитикалық ойлау қабілеті болғаны керек. Бұған тек ақпараттық-мәдениет ғана емес, нақты практикалық іс-тәжірибе арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан Елбасы ұсынысы бойынша «Нұр Отан» ХДП «Жастар қанатының» құрылуы пар­тия­лық-идеялық сабақтастықты қамтамасыз ету шарасынан туған қажеттілік деп білеміз.«Болашақ» бағдарламасы Елбасының жастарға деген шынайы қамқорлығынан туған, ТМД көлеміндегі бірден-бір жастарға арналған және Нұрсұлтан Әбіш­ұлының жеке бастамасымен қабылданған ерекше бағдарлама екенін ескерсек, бұл біздің жастарымызға бұйырған бақыт деп бағалауымыз қажет. Президент атынан берілетін «Болашақ» стипендиясы – бұл жастардың қабілеттерін саралаудың ең биік деңгейлерінің бірі болғандықтан үміткерлерге деген талаптың өте жоғары болуы орынды.Бағдарламаның жүзеге асырылуы арқылы жаңа буын мамандарды үздік шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау дер кезінде қолға алынған және оның Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын шешуші тарихи қадам болып отыр. Сол бағдарлама негізінде бүгінге дейін жүздеген жас буын өкілдері әлемнің атақты оқу орындарында білім алып, біліктіліктерін ел игілігіне жұмсауда. Бүгінгі күні ел экономикасы ертеңгі күннің сұранысына жауап бере алатындай бәсекеге қабілетті қалыпта дамып отырған болса, бұл жетістікте қазір әртүрлі салаларда қызмет атқарып жүрген «болашақтықтардың» да үлесі зор. Аталған бағдарламаның және бір тиімділігі – стипендиаттар қай елде білім алса олар сол елдің экономикалық моделінен, даму ерекшеліктерінен, тарихы мен мәдениетінен, ұлттық құндылықтар жүйесінен мол хабардар болып оралады. Жастардың таным-түсінік дең­гейінің осынша өсуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатын білікті­лікпен жүзеге асыруда, интеграциялық процестерді байыппен жүргізуде қажетті интеллектуалды мүмкіндік болып табылады.2005 жылдан бастап 4000-нан астам үміткер «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. «Болашақ» бағдарламасы түлектерін шетелде алған біліктіліктеріне сәйкес ел экономикасының басымдыққа ие салаларына жұмысқа орналастыру қолға алынуда. Әсіресе, жастарды ауылға тарту үшін ауылдық жерлерде осы заманғы әлеуметтік инфрақұрылымдар құра отырып, оларды жұмыс істеуге ынталандыратын түрлі әлеуметтік же­ңілдіктер берілуі қажет. Бұл жеңілдіктер қатарында қосымша көтерме қаржылар төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысын көбейту мәселелері жақында ғана Мәжілісте қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак­тілеріне ауылдық елді мекендердің әлеу­меттік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылды. Аталған Заң жобасы аясында ауылдық жерлерде қызмет жасауға бел буған денсаулық сақтау, білім беру, әлеу­меттік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарына біржолғы көтерме жәрдемақы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]