Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих тест жауабымен.docx
Скачиваний:
115
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
399.07 Кб
Скачать

31.Абылай ханның мемлекеттік қызметі

Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат. Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мəжбүр болды. Тарихшы – ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «Ұлы мəртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мəртебелі патшаға қараймын». Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мəжбүр болғаныменшынмəнінде ешкімге де бой ұсынбаған тəуелсіз басшы болды». Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым–қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының жəне де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мəртебелі сый–сыяпат көрсеткен жəне де «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл əлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен–тегін айтпаған болар. Осы мəселеге байланысты орыс деректерінде былай жазылған: «Он, Аблай, от зюнгарцев с великим награждением отпущен, а именно: дана ему палатка, шитая золотом шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и прочее». Жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан – Церен «менің ұлымды өлтірген сен бе?» - дегенде Абылай былай жауап берген екен «… балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана». Бұл оқиға туралы Үмбетей жырау «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты жырында былай дейді: «Өлтірем деп Қалдан хан Орайына Шарыштың, Сөзіне қарсы сөз айтып, Жауаптастың, қарыстың. Қапияда тұтылдың, Қалмаққа бітеу жұтылдың, Шешендік жолын тұтындың, Үш ауыз сөзбен құтылдың …» ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нəтижесінде 1756-1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды. XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мəселелерді қарайтын жəне де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мəселелері қарастырылып отырды. Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді. Мемлекеттің тəуелсіздігін сақтау үшін, басқыншылардан елін қорғай алатын жауынгерлік қабілеті бар əскери күш жинап, оларды басқаратын тапқыр əскер басшыларын өзінің қасына жинай білген жəне де өзінің жоғары дəрежедегі қолбасшылық қасиеті бар кенін көрсете алған. Орыс казактары салып жатқан бекініс, қамал–қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден айырылып қалмау үшін, орыс мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге əрекет етті. Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дəрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жəрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды жəне Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. 1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, əйтпесе, оған əлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куəлік алудың қажеті жоқ», - деп жауап берген. Шын мəнінде де Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бəрінен де жоғары санады. Сондықтан, Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойып, шауып тастағаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты. Қытай империясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген Абылай хан онымен бейбіт келісімге келіп, сауда–саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт қарым–қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси жəне экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал–қалалар салып, оларды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда жəне де Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тиім салу жөніндегі жарлықтарын шығарғанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мəселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып алу саясатының құрбаны болу қаупі тұрғанын сезді. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып,қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым–салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «… өзі əулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді», - дейді Ш. Уəлиханов. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тəжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бəрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінəйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді». Бұл жерде Абылай ханның XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі қазақ қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде жəне күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір құбылыстарына арналған жəне де ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай ханның күйлері туралы Ш. Уəлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым–зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б. «Бұл күйлердің бəрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді Ш.Уəлиханов. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тəуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру əр түрлі жолдармен іске асты, яғни əскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау жəне т.б. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тəуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды.

32. С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық қозғалысы.18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды.Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қазақ жасақтары Нижневральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде қаза даласына жазалаушылар келе жатқанын естіген Сырым 2700 адам жасақ жинады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленші әскері қосылады. Оларды шекеара бойына қалдырып Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Сырым бекіністі ала алмады. 1785 ж. жазында тағы да адамдар қосылады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр, Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жІгіттері Сырымды қолдап, орыс әскерлеріне қарсы күреседі.1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты.1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Алайда Сырым жасақтары Ойыл өзені бойына көшіп кетті. Жазалау сәтсіз аяқталды.Есім хан өлгеннен кейін Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі Нұралының ұлдарының бірі – Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр да бұл мәселеден сырт қалмады. Ол халықтың пікірімен санасуды айтты. Хан сайлау төңірегіндегі тартыс Кіші жүз сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатуды айтты. Жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ тағайындалды. Кеңес мүшелігіне 4 адам кірді. Оған Сырым да, Нұралы хан туыстары да енгізілмеді. Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы Қаратайды хан деп жариялады. Бұл Нұралыға қарсы топтың Сырымға жақындасуын күшейтті. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым Хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

33. XIX ғ. қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.Рухани мәдениеті: XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масқұт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы (1845-1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері - ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады және бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бұл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. Ұлы ақын:

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде”

деген болатын. Сол сияқты ақын орыс әдебиеті мен мәдениетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығармаларын аударумен шұғылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына тұңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын насихаттады.Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Манасты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі - ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даярлады.Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер және ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы” және “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.

34.ХIХғ Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы», «Орынбор қырғыздары туралы жарғы».1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді.Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып ,олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды.1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген.

35.Исатай Тайман ұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі. (1836-1838).1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жертапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті. Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты. Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді. Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлыныңжасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікіріменсанасу керектігін түсінді.

336..Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батыллығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалай күрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынан танбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір ортамықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган – өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Ресей императоры Кенесары бастаған көтерілісті басу мәселесін ұдайы ерекше бақылауда ұстады. 1843 жылы ол қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды. Ханның басына 3 мың сом мөлшерінде сыйлық жарияланды. Көтерілісшілерге қарсы старшина Лебедев басқарған 300 солдаттан тұратын жазалаушы отряд жіберілді. 1843 жылдың тамыз айында сұлтандар А. Жантөреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екінші әскер жабдықталды. Онымен бір мезгілде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты. Патша үкіметінің әскерлері жергілікті жер жағдайын нашар білді. Оның үстіне, дала сарбаздарына қарсы ұрыс жүргізудің ерекше әдісі қажет еді. Мүның бәрі де патша үкіметі жазалаушы әскерінің сілесін қатырды.Туған өлкенің жер жағдайын жақсы білетін Кенесары жауға қарсы шабуылды одан әрі үдетті. 1844 жылы шілденің 20-сынан 21-іне караған түні Кенесары хан Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында Жантөре сұлтанның әскеріне күйрете соққы берді. Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкіметіне елеулі шығын келтірді. Сондықтан 1845 жылдың ақпан айында Орынбор басшылығы Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшілік жіберуді қажет деп тапты. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты.

37.Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері19 ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей және т.б рулар қысты Сырдарияның төменгі жағында тек малшы көшпенділер ғана емес, сонымен қатар егіншілікпен айналысатын отырықшы қазақтар да тұрды. Бұлардың көпшілігі кедей жатақтар, олардың негізгі кәсібі суармалы егән шаруашылығы еді. Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери күштерді пайдаланды. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды. Шекті рулары басшыларының бірі Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде данққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түсті. Оның жасақтары Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын корғауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып қала коменденты Бабажанды өлтірді. 1843 ж Жанқожа батырдың жасақтары қуандария бойындағы хиуалықтар тұрызған қамалды талқандады. Ал 1845 ж осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген 2 мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. Осыдан кейін Сырдария қазақтарымен Хиуа билеушілерінің арсындағы күрес күшейе түсті. 1847 жылы Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды егістікпен және пайдалы мал жайылымынан айыру үшін Қуандария өзенін бөгеп тастады, сөйтіп олардың қазақ жеріндегі озбырлығы одан ары қарай жалғасты. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша әскерлерімен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Бұл кезде Жанқожаның әскерінің саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске басқа рулар да, соның ішінде құмды аймақтардағы көшпелілер де қатысты. Нәтижесінде көтерілісшілер саны ең әуелі үш мыңға , ал 1857 жылдың қаңтар айында бес мың адамға жетті. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды. Кө терілістің кеңінен таралуы Орынбор генрал губернаторлығы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Оның құрамында 300- казак-орыс, 320 жаяу әскер, үш зеңбірек және екі ракеталық зеңбірек кірді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек мылтықпен жақсы қаруланған Фитинговтың әскеріне қарсы Жанқожаның ақ туын көтерген көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден алып ығып қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілісшілерді жеңген Фитингоф қазақтарың 212 үйін өртеп 20 мыңнан астам ірі қарасын тартып алып кетті. Жанқожа бастаған көтерілісшілер Сырдарияның оң жағалауына ондағы Хиуа хандығының жеріне өтуге мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшп кетті.жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара, Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтас іздеді бірақ оның бұл саясатынан ештеңе шықпады. Жанқожа бастаған көтеріліс осылайша аяқталды. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі –Есет Көтібарұлы бастаған кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Көтерілістің шығуының басты себебі Арал теңізінің басты жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз ж/е Жем өзендерінің бойын мекендеген Шекті руына түтін салығы салынуы және жылдан-жылға патша үкіметінің қысымының күшеюімен байланысты еді. 20ғ 50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы орыстардың отарлауына қарсыбелсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. 1855 ж жазында Көтерілісшілер ме патша әскерлерінің арасында қырғын шайқастар жүрді. 8-шілде күні Есеттің жасақтары күтпеген жерден А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, сұлтанды және он-шақты би старшындарды өлтірді. Аайда оқ дәрісі мол мылтықтармен қаруланған патша әскерлерімен көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды. 1858 ж қыркүйекте Бородин басқарған патша әскерлері Есет батыр бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады. Сөйтіп, патша үкіметінің отарлау саясатына және жергілікті бай шонжарларға қарсы бағытталған кіші жүз қазақтарының Есет батыр бастаған тағы бір көтерілісі сәтсіздікпен аяқталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]