Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих тест жауабымен.docx
Скачиваний:
115
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
399.07 Кб
Скачать

68..Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2013жж).

Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Бұл егеменді Қазақстанға демократиялық өзгерістердің нәтижесінде келген саяси плюрализмнің нақты көрінісі. Мұратымыз демократия құру болғандықтан, еліміздегі партиялық жүйені жетілдіру, оны дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады. Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын. Он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. 2004 және 2007 жылдардағы Парламент Мәжілісіне, 2005 жылғы Президенттік сайлаулар да партиялық алаңда біршама өзгерістер алып келді. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2006 жылы 10 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) құрылды. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. 1.«Отан» республикалық әлеуметтік-демократиялық партиясы: партия көшбасшысы – Елбасы Н.Назарбаев. Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады. 2. «Асар» партиясы көшбасшысы «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева. Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру. Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын. 3. Қазақстанның азаматтық партиясы еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту. Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев. 4. Қазақстанның аграрлық партиясы жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р.Мадинов. 5. «Руханият» партиясы әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген тұрғындарға сүйенеді: әйелдер, мүгедектер, негізінен білім беру және денсаулық сақтау саласындағы интеллектуалдық еңбек қызметкерлері, сонымен қатар партия аталмыш тұрғындардың мүдделерін қорғайтынын хабарлады. Орталықшыл мәтіндегі партия болып табылады. Өз бағдарламасына сәйкес партияның басты мақсаты – әйелдер мен студенттердің ғылыми, шығармашылық, техникалық зиялыларын саяси өмірге қатыстыру. Негізгі мақсаты – халықтың тәлімдік, діни жаңғыруы. Партия жетекшісі – А.Жағанова. 6. Қазақстанның демократиялық партиясы. Мақсаты – демократия қағидаларына, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа, бос нарықтық экономика мен заңның жоғарылығына негізделген хұқықтық мемлекеттікті нығайту. Төрағасы – М.Нәрікбаев. 7. «Ауыл» шаруашылық әлеуметтік-демократиялық партиясы: Партия төрағасы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА академигі Г.Қалиев. Осы сияқты басқа да саяси партиялар жұмыс істеуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]