Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДМ-12.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
524.29 Кб
Скачать

8 Бәсеңдеткішті жобалаудың екінші кезеңі

Бұл кезеңде негізінен, бірінші кезеңді толықтыру, яғни мұнда біліктерді, бөлшектерді қондырған түрінде, май ұстағыш сақиналардың, қондырылған гайкалар мен шайбалардың, тығын мен қақпақтардың кілтектердің сызбасын салады.

Аталған бөлшектерді технологияларды талаптарға сай орнатып өңдеу негізінде қондырады . Әр бөлшектің өзіне тән қондырма орны бар. Мысалыға май ұстағыш сақинаны қондырғанда оның шеті ішкі қабырғадан шығыңқырап тұру керек.

Бәсеңдеткіш сәйкес өстік болғандықтан, оның ортасындағы қабырға қалыңдығы қалған қабырғалармен сәйкес келеді. Ортаңғы қабырғаға стақан орнатылады.

Майдың бір орынға қарай ағуын қамтамасыз ету мақсатында редуктордың табанын май төгілетін жағына қарай көлбеу етіп жасайды.

Бұл кезде мойынтіректердің ашық қиылған сызбаларын түсіреді, көрінбейтін сызықтарды (қабырғалар мен табандар) сызады. Ортаңғы білікте қымтағыш қоймаймыз өйткені ондағы қойылған қақпақ тұйықталған.

Барлық бөлшектерді қондырып болған соң бәсеңдеткіштің габаритті өлшемдері анықталады.

9 Бәсеңдеткішті сызу

Бәсеңдеткішті 1:1 масштабта 2 проекцияда сызуды бастаймыз. Әр сызбаның өзіне тән спецификациясын жазамыз. Сепцификация стандарт бойынша толтырылады.

Жобаланған бәсеңдеткіштің кейбір құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіп өтейік.

Мойынтірек орналасқан қуыс бір жағынан май ұстағыш сақинамен, ал екінші жағынан манжетті қымтағышпен бекітілген. Жетектегі біліктің мойын тірегі жетекші біліктің мойынтірегі сияқты бекітілген.

Май құю және тісті берілістерді бақылау үшін редуктордың қалыбының төбесінде терезе орнатылған. Бұл терезе қақпақпен жабылған, қақпақтың тегіс жатуын және тығыздалуын қамтамасыз ету үшін арасына техникалық картон төсеніш ретінде қолданылады.

Май құйылатын тесікті қақпақпен жабамыз және май ұстағыш резеңкелі төсенішпен тығыздаймыз. Май деңгейін май көрсеткішімен тексереміз.

Бәсеңдеткіш фундаментке алты бұрандамамен бекітіледі.

10 Май түрін таңдау

Тісті берілістердің майлануы тісті дөңгелектердің майға батырылуымен қамтамасыз етіледі 10.8 кесте (1) бойынша майдың тұтқырлығын анықтаймыз. жанасу кернеуі мен, майдың тұтқырлығы жуық шамамен-қа тең болады.

10.10 кесте (1) бойынша И-30А(МЕСТ 20799-75) индустриялды майды қабылдаймыз.

Мойынтіректерді пластикалық майлау материялдарымен майлаймыз. Майлау материялдарын мойынтірек бөліміне орналастырамыз. Бұл май түрін 9.14 (1) кестесі бойынша қабылдаймыз, -солидол УС-2 маркасы

Қорытынды

Курстық жобаны қорытындылай келе, осы жобаны әдебиетте келтірілген жобалардан өзгеше етуге, технологиялық, конструкторлық жақтарын мейлінше жеңілдетуге, жақсартуға тырыстым.

Келешекте жаңа техналогияларға, жаңа өңдеумен алынған материялдарға байланысты редукторларды жобалауда ерекшк өзгерістер енетін болар деп ойлаймын.

Курстық жобаны орыдау барысында машина жасау және информациялық технология саласында көптеген мәлмет алдым.