Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесікті өңдеуге арналған аспаптар.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
466.94 Кб
Скачать

4 Сурет - Бұрғының гоеметриалық параметрлері

Негізгі жазықтықтапланындағы көмекші бұрыштар φ1 қарастырылады (4 сурет). Бұрғыланған тесікте бұрғының қысылып қалуынан сақтандыру үшін бұрғының жұмысшы бөлігінің диаметрін сағасына қарай азайтады, яғни кері конустылықты жасайды. Қайрау әрекеттерінен соң бұрғы диаметрі шамалы ғана өзгеруі үшін, кері конустылықты – 100мм бұрғы ұзындығына 0,03...0,15мм деп алады.

Планындағы көмекші бұрыш φ1 деп көмекші кесу жүзінің (таспаша жүзінің) негізгі жазықтыққа түсірілген проекциясы мен жұмыс жазықтығының арасындағы бұрышты атайды. Оның мәні 10'-тан аспайды. Оны мына формула бойынша анықтауға болады.

tg φ1=(D – D1)/2ℓ,

мұндағы D және D1 бұрғының бағыттаушы бөлігінің басы мен соңының диа-метрлері; ℓ- бағыттаушы бөлік ұзындығы.

Бұрғының алдыңғы беті бұранда сызықтар тобында тұратын бұранда бет болып табылады. Олардың қадамдары бірдей, ал диаметрі түрлі болады. Сондықтан бұл бұранда сызықтардың көлбеулік бұрышы әртүрлі.

Бұранда бунақтың көлбеулік бұрышы ω деп, осы бунақты құрушы бұрама сызыққа жүргізілген жанама мен бұрғы өсіне параллель сызық арасындағы бұрышты айтамыз. Кесу жүзінің әртүрлі нүктесінде ол бірдей емес. Негізгі кесу жүзінің шеттік нүктесінде, яғни таспаша жиегі бойында ол максималды.

ω бұрышы өңделетін материялға, бұрғыланушы тесік тереңдігіне және тғаы басқа факторларға тәуелді. Дайындалатын бұрғылардың бұрыштары ω=15…600 болады.

Кесу жиегі басқа нүктелеріне бұрама бунақтың көлбеулік бұрышы бұл нүкте бұрғы өсіне жақын болған сайын аз болады. Бұрғының өсімен өсі дәл келмейтін, цилиндрлік беттерінің диаметрлері әртүрлі, бұрама бунақтың қада-мының ұзындығында, бұрғының жайылма қимасын қарайық. Салыстыру үшін бұл қималарды бір-біріне беттестіреміз(5 сурет ). 5- сурет-тен көрініп тұр,

tg ω=πD/H; tg ω1=πD1/H; tg ω2=πD2/H, tg ω3=πD3/H,

яғни кез – келгеннүкте үшін

tg ωх=πDх/H,

мұндағы D – шеттікбұрғы диаметрі ; D1,D2,Dx- қималар жүргізілген әртүрлі ке-су жиектеріне сәйкес келетін бұрғы диаметрлері.

Осыдан:

tg ωх=(Dх/D)tg ω .

Бұралма жоңқалық бунақтың көлбеулігі – бұлбұрғының алдыңғы бетінің бойлық бағытта көлбейеді.

Сондықтан, бұл бұрғының бойлық алдыңғы бұрышы, яғни γбой= ω. Бұл бұрыш rx радиусты цилиндрге жанама жазықтықта және бұрғы өсімен сәйкес келетін өс арасында өлшенеді. Бірақ бұрғылау процесін сипаттау үшін кесу шарттарын анықтайтын басты қима жазықтығындағы басты алдыңғы бұрышты білу қажет.Басты қима жазықтығы басты кесу жиегіне нормаль келеді (5 сурет).

Басты алдыңғы бұрыш γ - кесу жиегіндегі қарастырылушы нүктеден ал-дыңғы бетке жүргізілген жанама мен сол нүкте арқылы кесу бетіне жүргізілген нормаль арасындағы бұрыш. Алдыңғы беттің орналасуы мен пішінін бұрама бунақтың көлбеулік бұрышы анықтайтын болғандықтан сызбаларда бұрғы-ның алдыңғы бұрышын белгілемейді. Бұрғының алдыңғы беті болатын винттік ойықтың көлбеулік бұрышы шеттіктен бұрғы өсіне жақындаған сайын азаятын-дықтан, кесу жиегінің әртүрлі нүктесі үшін алдыңғы бұрыш та әртүрлі болады. Қарастырылушы нүкте бұрғы өсіне жақын болған сайын бұл бұрыш аз болады. Сыртқы диаметрде алдыңғы бұрыш γ=25…300 аралығында. Басты қиюшы жа-зықтық пен бойлық қимада өлшенген, бұрғының алдыңғы бұрыштар қатынасы кескіштердегідей:

tg γ=tg γбойл/sinφ,

мұндағы γбойл

Сәйкесінше, бұрғының шеттігінде tg γ=tg ω /sinφ, ал кесу жиегінің кез – келгеннүктесі үшін:

tg γх=tg ωх /sinφ= Dхtg ω /D sinφ.

Егер алдыңғы бұрыш бұрғыны дайындау кезінде пайда болса, онда артқы бұрышты қайрағанда аламыз.