Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
66.25 Кб
Скачать

Баға шкаласы**

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздыққұрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Білім бағасының белгілері**

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

* Ескерту: Кредиттік жүйеде білім алушылар үшін.

**Ескерту: ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер» негізіндерінде құрастырылған.

Рейтинг санау әдісі мен пән бойынша интегралды бағалау. (2015-2016 оқу жылы ҚММУ-де бекітілген рейтингілік жүйесіне сәйкес толтырылды)

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасындағы сабақтардың барлық түрлерін бағалаудың ережелері

Оқу журналында білім алушыға әрбір орындалған тапсырма/бөлім (құрамына бірнеше сабақ кіретін интеграцияланған тақырып) үшін ағымдық бағалар 100 балдық шкала бойынша оқытушысымен қойылады. Тапсырма/бөлім үшін ағымдық бағаны қойған кезде оқу жұмысының барлық түрлері – тәжірибелік сабақтар, БӨЖ, БОӨЖ – есепке алынады. ODM-3229 «Дәлелді медицина негіздері» пәні 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығында оқитын 3 курс білім алушыларына бірінші кредиті (бөлімі) үшін баға келесі тапсырмаларды орындаған кезде қойылады:

1. №1-3 дәрістерге міндетті түрде қатысу. Бұл жағдай оқу журналында дәріске қатысқаны туралы мәліметімен, білім алушыда бұл дәрістер бойынша мағлұматтың қысқаша конспектілері бар болғанымен расталады.

2. №1 тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, №1 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары бойынша тестілік тапсырмаларды шешу және ауызша сұхбаттасу. Тестілеу бланклерінің барымен, білім алушының ауызша жауап беру ерекшеліктері туралы сипаттамасы түрінде қысқаша белгімен расталады (қажеттілік болғанда). № 2-3 тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, № 2-3 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары бойынша ауызша сұхбаттасудан және тестілік тапсырмаларды шешуден өту. Тестілеу бланклерінің барымен, білім алушының ауызша жауап беру ерекшеліктері туралы сипаттамасы түрінде қысқаша белгімен расталады (қажеттілік болғанда). № 4-6 тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. №4 тақырыбы бойынша PICO бойынша клиникалық сұрақтарды құрастыру бойынша тәжірибелік тапсырма (жазбаша жұмыс). Командалық-бағдарланған оқыту арқылы № 5-6 тәжірибелік сабақтардың тақырыптарын меңгеруде белсенді және нәтижелі қатысу. Тестілеу бланклерінің барымен, TBL бағалау парағын толтырумен, қажеттілік болғанда сипаттамасы түрінде қысқаша белгімен расталады. Тәжірибелік сабақтар бойынша қойылған 6 бағадан орташа арифметикалық баға есептеледі.

3.БОӨЖ екі тапсырмасын орындау: № 3 (презентацияны дайындау) немесе №6 (презентацияны дайындау) немесе № 1(№4 және №5 тақырыптардың (талдау жасау үшін Ғаламтордағы ДМ мәліметтерінің электрондық базаларында медициналық жарияланымдарды іздестіру) орындалуын аяқтайтын AGREE сұрақнамасы негізінде сапалы клиникалық ұсыныстарды/хаттамалларды іздестіру (бір хаттаманы ұсыну)) және №2 (медициналық жарияланымды жазбаша талдау) тақырып білім алушының таңдауы бойынша. БОӨЖ бойынша қойылған 2 бағадан орташа арифметикалық баға есептеледі.

4. БӨЖ екі тапсырмасын орындау: № 1(презентацияны дайындау) немесе №2 (презентацияны дайындау) немесе №3 (презентацияны дайындау) немесе №4 (AGREE сұрақнамасы негізінде сапалы клиникалық ұсыныстарды/хаттамалларды іздестіру (бір хаттаманы ұсыну)) немесе №5 (презентацияны дайындау) немесе №6 тақырып (медициналық жарияланымды жазбаша талдау) білім алушының таңдауы бойынша және №7 (жоба дайындау). БӨЖ бойынша қойылған 2 бағадан орташа арифметикалық баға есептеледі. Содан кейін тәжірибелік сабақтарға БОӨЖ және БӨЖ үшін қойылған 3 бағадан пән бойынша орташа арифметикалық баға есептеледі (аралық бақылаудың бағасы ескерілмейді).

Білім алушы БОӨЖ мен БӨЖ бойынша орындаған тапсырмаларды өткізу мерзімі - өткізу түрінен тәуелсіз кредиттің соңғы күні.

Білім алушымен алынбаған БӨЖ және БОӨЖ тақырыптарының сұрақтары пән бойынша аралық және қорытынды бақылауларында ұсынылады.

Білім алушыда және оқытушысында осы силлабуста көрсетілген БОӨЖ және БӨЖ орындау формасына сәйкес электрондық тасымалдаушының (CD-диск) барымен расталады.

Сонымен қатар білім алушы кез келген кредит (бөлім) бойынша баға алу үшін міндетті түрде осы силлабуста жазылған пәннің саясатын ұстануы керек.