Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 тема оценка мяса.конс каз.DOC
Скачиваний:
9
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
108.54 Кб
Скачать

1. Ет токсикоинфекциялардың қоры.

Малды семірту сою, оны қасақтау сияқты процестер санитарлық талаптарға сай келмесе, ет токсикоинфекциялардың себебі болады.

Санитарлық тұрғыдан токсикоинфекциялардың профилактикасы үшін ең маңыздысы-етті дайындау процесстері;

1. Малдың сою алдындағы жағдайы еттің бактериямен тұқымдануына тікелей байланысты. Еттің тұқымдануына инфекциялық аурулармен ауырған малдардан басқа, арықтағандары да,шаршағандары да, жүдегендері де қатер туғызады. Сондықтан жақсы бапталып семірмеген, арық малдарды союға рұқсат етілмейді, өйткені олар адам денсаулығы үшін қауіпті.

2. Қансыздандыру.

Жкқсы бауыздалып сойылған малдың еті сорпалы және таза болады. Шала қансыздандырған малдың етінің жаппай бактериялық тұқымдану қауіпі зор. Ал, толық қансыздандырылған ет көп сақтауға болады.

3. Ішін жару.

/Эвентрация/. Дұрыс және уақытында малдың ішек-қарынын бөлектептазалау етті жаппай тұқымданудан сақтайды.

4. Еттің сақталуы.

Еттің сапасына, дәмдік қасиеттеріне, оның қалай сақталуының маңызы зор. Еттегі химиялық, физикалы-химиялық, биологичлық ферменттік өзгерістер сүттің және фосфордфң қышқылдардың жиналуына, гликогеннің азайып және рН 5,5 кемуіне әсерін тигізеді. Еттің қышқылдануы, ондағы микрооргонизмдердің дамып көбеюіне мүмкіндік бермейді.

5. Ветеринарлы-санитарлық бақылау дегеніміз.

- Малдың ұшасын және ішек – қарынын /бауырын, жүрегін т.б./ мамандықпен қарау керек болғанда зертханалық зерттеу жүргізу.

Ветеринарлы – санитарлық сұрыптау етті таңбалаумен аяқталады. Бұл таңбаның үш принцептері бар:

I. Қатарлы – көк түсті жазуы бар дөңгелек бар.

II. Қатарлы – төртбұрышты мөр.

III. Шартты – жарамды ет, залалсыздануға тиісті «санитарлы өңдеуге» деген жазуы бар қызыл үш бұрышты мөр.

ІІ Ет гельминтоздарының /іш құрттарының/ қоры.

Кейбір гельминтоздардың пайда болуы еттің құрттарына байланысты.

1. Тенидоз /таспа құрт ауруы/ - өгіздің аспапсыз және аспапты шошқаның таспа құртының балапандары тараған етті пайдаланғанда дамитын ауру. Бұл құрттардың балапандары /финдері/ көбінде жүректің, тілдің, диафрагманың, қабырғалардың, жақтың т.б. еттерінің арасында орналасқан.

Осындай финоздық /құрттаған/ етті бағалағанда мынандай жайларды басшылыққа алу керек:

А. 40см2 еттің ауданынан не ішек-қарыннан 3-тен артық фин /құрт/ табылса, бұл ұша тегіс механикалық пайдаға асырылады.

Б. Егерде еттің 40см2 ауданынан 3-тен аз фин табылса, онда бұл ұшаны шартты жарамды деп тауып, пайдалануға тек алдын-ала залалсыздандырылған соң пайдалануға рұқсат етіледі. Яғни, етті 2кг асырмай , қалыңдығын 8см-ден артық қылмай бөлшектеп, ашық қазанның ішінде 2 сағат бойы қайнату керек.

2. Трихиннелез дегеніміз - өшпелі ауру, адамның еттерінің ішінде дөңгелекше келген ұсақ құрттардың – трихинеллдардың балапандары /личинкалары/ орналасқанда дамиды.

Ауру шошқаның, доңыздың, аюдың еттерін жегенде жұғады. Адамның еттеріне трихинеллдардың балапандары оралған шиыршық сым /спираль/ сияқты орналасады.

Трихинеллездің адам денсаулығына зор қауіптілігін ескере отырып, егерде қандай да болсын еттен тек, бір ғана трихинелл табылса, ол ет түгелдей бракка шығарылып жойылады да, техникалық пайдалануға да рұқсат етілмейді.

3. Эхинококкоз дегеніміз – созылмалы ауру, бауыр сияқты паренхималдық органдардың гильминттің балапаны – эхинококпен зақымданғанда пайда болады. Бұл ауру глисттің белсенді ересек түрінің иттің денесінде паразиттік тіршілік еткен жұмыртқалары адамға жұғады. Иттің нәжісімен сыртқа шыққан осы құрттың жұмыртқасы адамның ішегі арқылы қанға түсіп, қанмен бауырға, кейде өкпеге орналасып, балапанға /личинкаға/ яғни, бірнеше іші суық затқа толған қуыққа айналып, үлкейіп дами бастайды.

Эхинококтың балапан түрі адамға қауіпсіз. Осы себепті малдың ұшаларымен, ішек-қарынмен, ішкі мүшелерінде эхинококтың қуықтары көп болса, оларды бракка шығару керек.

4. Фаспиолоз – малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын гельминтпен – фасиолмен ауруы. Ересек түрлері мен жұмыртқалары адам үшін қауіпті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]