Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
24 К улану бмф 2,3.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
134.66 Кб
Скачать

Аммиактың ауада барлығын анықтау.

Аммиак мусатыр спирттің, жарылғыш заттарды, бояуларды, лакты, соданы т.б. өндіретін кәсіпорындардың жұмысханаларының ауасында көп кездеседі. Аммиак тоңазытқыш істерінде, ауыл – шаруашылығында көп қолданылады. Ауада аммиак жинақталуыдың рұқсаттық шегінен асса жұмысшыларды өте ауыр уландырады, не әр түрлі созылмалы ауруға душар етеді.

Әдістік нұсқауы. Аммиакты Несслер сезілдіргіші (реактив) әрекеттескеннен кейін пайда болатын сары – қоңыр ерітіндінің өнінің шырайлылығын колориметриялық әдіспен анықтауға болады.

Сынама алу сорғыштық тәсілі арқылы орындалады. Ауа 10 мл 0,01 шартты күкірт қышқылы құйылған сіңірткіш аспаптар арқылы 60 л/сағ жылдамдықпен сорылады. Жинақталудың рұқсат етілген шегіндегі аммиакты анықтауға 1 – 2 л ауаны сорса да жеткілікті.

Сабақты жүргізгенде ауаны сынамасы бар ыдыстан сору, күкіртті газды анықтағандай.

Колориметриялық анықтаудың үлгілік ретінде пайдалану тәсілі:

а) түстік межені дайындау, бұл үшін он шақты түтікті ыдыстарға 0,5:1,0:1,5 т.б. хлорлық аммонийдің үлгілік ерітіндісін құяды, оның 1 мл – і 0,01 мг аммиакка сәйкес. Тек бір ғана бақылау ыдысына үлгілік ерітінді құйылмайды. Барлық ыдыстарға 0,01 шартты күкірт қышқылының ерітіндісі құяды. Сосын әрбір ыдысқа тағы да 0,5 мл неселер сезілдіргішін құйып, шайқай араластырады.

б) енді сіңірткіш аспаптан 5 мл ерітіндіні хлорияметриялық ыдысқа құйып алады, оны 0,01 шартты күкіртті ерітіндісімен 10 мл жеткізіп, 0,5 мл неселердің сезілдіргішін құяды. 5 – 10 минут араластырып шайқаған соң сынаманың бояуының қарқының үлгілік межемен салыстырады.

Есептеу тәсілі күкіртті газды анықтағандай. Аммиактың жинақталуының рұқсаттық шегі 20 мг/м3.

Қосымша5.

Көмір тотығын (со) жедел анықтау әдісі.

Зерттейтін ауаны индикатор түтігі арқылы өткізеді. Көмір түтігі осы түтіктен өткенде, ондағы сезгіш заттың түсін, ақшылдау жасылдан күңгірт көкке дейін өзгертеді. Осы түстің өзгеруіне қарап, көмір тотығының зерттейтін ауада қаншама жинақталғанын білуге болады.

Сынаманы алу. Сынаманы шыны шөлмектерге ерітіндіні құйып, не вакуум арқылы немесе қол добының месіне ауаныц насоспен не корикпен толтырады.

Анықтау. Екі шетінен 3 – 4 мм – дей жерден егеумен кесіп, индикаторлық шыны түтікшені ашады. Оның ақ ұнтақты қорғаныш заты бар, шетін аспапты шекарасы жаққа қаратып, түтікті аспаптың цилиндр бөлігіндегі тесікке тірелгенше кіргізеді. Сосын резеңке қуықты қолменен қысып талдау (анализ) басталғанша ұста укерек.

Аспаптағы түтікті қолмен қыздырып, ішінен сынама бар қол добының месіне жалғап, оның түтіктері қысқышын ашып, қуықты босатып, ауаны толық өткізген соң (қуық толық ашылғанша), индикаторлық түтікті меспен аспаптан ажыратады. 10 минут өткен соң индикаторлық заттың түсін аспаптың цилиндрлік бөлігінде орналасқан үлгілердің түсімен салыстырылады. Үлгілердің номерлеріне қарсы орналасқан цифрлар СО жинақталуының мг/л белгілері.

Мысалы, индикаторлардың заттың бояуы 10 минуттан кейін анықталғанда № 6 үлгінің бояуына дәл келсе, онда СО жинақталуы 0,1 мг/л тең. СО жинақталуының рұқсаттық шегі 20 мг/ м3 тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]