Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тоыш Нржан мат-101 ОТЧЕТ.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
807.18 Кб
Скачать

1.2 Кестелерді құру

Параметр арқылы берілген қисықты салу

Параметр арқылы берілген қисықты салу ұқсас жүзеге асырылады. Ерекшелігі аргумент және функция позициясында сәйкес функциялар өрнектері немесе аттары енгізілетінінде.

Полярлық координаталар жүйесіндегі графиктер

Полярлық координаталар жүйесіндегіәрбір нүкте ф бұрышымен және r(ϕ) радиус-векторының модулімен беріледі. Функция графигі, әдетте, ϕ бұрышы белгілі шекте, жиі жағдайда 0-ден 2π-ге дейін өзгергенде радиус-вектор шеті сипаттайтын сызық түрінде құрылады. Полярлық координаттары (Polar Plot) опциясы мұндай графиктер қалыбын деректер қалыбымен шеңбер пішінінде шығарады. Осындай грфиктерді құру алдында ϕ айнымалысының мәнін және r(ϕ) функциясын енгізу қажет.

1.3Векторлар мен матрицалар

Векторлар және матрицалармен математикалық операцияларды орындау үшін Matrix (Матрицалар) құралдар математикалық панелін пайдаланған ыңғайлы. Бұл панельде негізгі матрицалық операторлар бар, олардың бірқатарын сонымен қатар пернетақтадан шақыртуға да болады. Осы операторлардың кейбіреуі 2 кестеде келтірілген.

1 Кесте.Негізгі матрица операторлары

ю№ р/р

Операторлар

Батырмалар

Панельде белгіленуі

11.

Векторлар және матрицалардың өлшемдері мен элементтерін енгізу үшін диалог терезесі

(СtrlжәнеM)

22.

Қосу

+

33.

Азайту

-

44.

Скаляр көбейтінді

*

x·y

55.

Векторлық көбейтінді

(Ctrl и 8)

x×y

66.

Матрицаны анықтауышы

| |

|x|

77.

Матрицаны айналдыру (дәреже –1)

А-1

х-1

88.

Матрицаны тасымалдау

MT

99.

Матрица элементтерін қосу

åv

110.

Матрицаның (вектордың) төменгі дәрежесі

[n

хn

Мысалдарды қарастырайық.

Векторлардың қоындысын, айырымын, скаляр және векторлық көбейтіндісін есептеп шығару

Векторлар берілген А = (2; 5; 1) В = (-3; 4; 3).

Орындау тәртібі:

  • Мatrix (Матрицалар) құралдар панелін шақыртамыз (тінтуірдің сол жақ батырмасымен)

  • Пернетақтадан А: = тереміз

  • А векторының өлшемдерін енгізу үшін Matrixпанелінен диалог терезесін шақыртып, жол саны (1) мен бағана санын (3) көрсету керек:

Шақыртылған терезеде орналасқан ОК батырмасын басу керек. Экранда А векторының элементтерін енгізу үшін қалып пайда болады:

  • Пернетақтадан А векторының 1-ші элементін енгіземіз, одан кейін Tab батырмасын басып немесе нұсқар көмегімен келесі позицияларға ауысып, қалған элементтерді енгіземіз.

  • Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді В векторы үшін қайталаймыз.

  • А және В векторларын тасымалдау (Маткад жүйесінде математикалық операцияларды вектор-бағандармен ғана жүргізуге болады):

АТ = ВТ =

  • АТжәне ВТвекторларының сомасын, айырымын, скаляр және векторлық көбейтіндісін есептеп шығаруды жүргіземіз:

АТ + ВТ = АТ – ВТ = АТ · ВТ = 17 АТ´ ВТ =

Векторлық көбейтінді үшін Matrix панелінен батырманы пайдаланған дұрыс болады. Егер А:=АТ және В:=ВТорындасақ, ауыстырылған векторларға олардың бастапқы аттарын қалдыруға болатынын ескере кетейік.

Векторлар мен матрицаларда элементтер индексі әдетте 0-ден басталатынына назар аударыңыз. Егер индексті 1-ден бастап нөмірлеу қажет болса, онда бағдарлама басында жүйелік айнымалыға 1-ді беру қажет: ORIGIN:=1.