Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДР.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
107.99 Кб
Скачать

11 Кесте – Қарбыздың «Сапалы» сортын

өсірудің экономикалық тиімділігі

 

Нұсқалар

Өнімділік,

ц/га

Сатудан түскен түсім, тг/га

Өсіруге кеткен шығындар, тг/га

Пайда, тг/га

Өзіндік құны,

тг/ц

Рента бель-дік, %

I-ңұсқа – Ницца сорты, N60P80, 2 суару

251,3

628250

155000

473250

616,7

3,05

2-нұска- «Сапалы» сорты, N60P80, 2 суару

328,4

821000

167000

654000

508,5

3,9

3-нұска-«Сапалы» сорты, N80P80, 4 суару

341,2

853000

175000

678000

512,9

3.87

4-нұска – «Сапалы»

сорты, N100P80,

5 суару

357,7

894250

180000

714250

503,2

4.0

 

27-кестеден, ең жоғары  пайда 4-нұскада алынғанын, яғни  ұсақтап сату бағасы – карбыздың 1 келісі 25 теңге болғанда 714250 теңгені құрағанын көруге болады. Экономикалық жағынан қарағанда, 4-нұсқаға салыстырғанда кәдуілгі технология қолданылған 1-нұска 241000 теңгеге, 2-нұсқада 60250 тг, 3-нұсқада – 362250 тг кем пайда алынды.

 

12 Кесте – Минералды тыңайтқыштардың әртурлі мөлшерін

 суарумен үйлестіре отырып енгізу

 

Нұсқа

1 гектардан алынған өнім

Қосымша өнім, ц/га

Жеміс массасы, кг

 

2 терімнен

Жалпы

Ерте терім

Жалпы

 

ц

%

ц

%

 

 

1-нұска - Ницца сорты, N60P80, 2 суару

187,4

100

251,3

100

-

-

2,3

2-нұска- «Сапалы»

сорты, N60P80, 2 суару

210,5

112.3

328,4

130,6

23,1

77,1

3,4

3-нұска- «Сапалы»

сорты, N80P80, 4 суару

220.4

117,6

341,2

135,7

33

89,9

4,1

4-нүска-«Сапалы»

сорты, N100P80, 5 суару

244,5

130.5

357.7

142,3

57,1

106,4

5,2

 

28-кестеден, қарбыздың  жоғары өніміне «Сапалы» сорты өсірілген нұсқалардан алынғанын және қосымша өнім 2-нұсқада – 77,1; 3-нұсқада – 89,9;4-нұсқада – 106,4 ц кұрағанын көреміз.

Ең жоғарғы өнімділік N100P800 енгізілген, 5суару жүргізілген,  суландыру мөлшері 3000 текше метр болған 4-нұсқада алынды. Жалпы өнімділік 357,7 ц/га құрады, бұл бақылау нұсқасына салыстырғанда 106,4 центнерге артық, ал 3-нұсқадан 16,5 ц-ге жоғары көрсеткіш.

Жоғары мөлшердегі минералды тыңайтқыш енгізілген, 5 рет суарылған 4-нұсқаны ең тиімдісі деп есептелінді. Шығындары 1 гектардан алынған жоғары өніммен қапталып кетеді.

Зерттеулер кезінде  тәжірибелік алқапқа Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы Басқармасының бұйрығымен түзілген комиссия кұрамы тарапынан апробациялық бақылау жұмыстары жүргізілді (14-сурет).

 

5 Сурет – Тәжірибелік алқаптың апробациясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қарбыз егісінде жүргізілген  ғылыми-зерттеулер мен алынған мәліметтер негізінде төмендегі қорытындылар жасалынды:

  1. Ағымдағы жылдың жазғы вегетациялық кезеңінде ауа  температурасы қарбыздың түйіндерінің пайда болуына әсер  ететіндей жоғары болуына қарамастан, тәжірибенің 4-нұскасында  1-2-3-нұсқалармен салыстырғанда жоғары өнім алынды –  357,7 ц/га.

  2. N100P80 енгізілген жағдайда алғашқы өнім 2 жиын-терімде 6-9 кұнге ерте пісіп жетілді.

3. Қарбыз дақылдарының тарамдалған тамыр жүйесін есеп-  ке ала отырып, қарбыз егісіне азот тыңайтқыштарын 12-14 см  тереңдікке 2-3 рет бөліп енгізу тиімді.

  1. Қазақстаннын суармалы аймақтарында суландыру  мөлшері 3000 текше метр болған жағдайда оңтайлы суару мөлшері  600 м3/га кұрайды, өйткені жемісінің 95 пайызы судан тұратын  болғандықтан, қарбыз суды кѳп талап етеді.

  2. Қарбыздан жоғары өнім алу үшін суармалы жерлердегі  механикалық күрамы ауыр топырақтарда агротехникалык іс-  шаралар жиынтыгына 4-5 қайтара қатар аралығын терең  чизельдеуді енгізу керек.

  3. Қарбыздан жоғары өнім алу үшін өсімдікті екі рет  домбықтау (окучивание) жүргізу керек: 1-шісі 1-2 нағыз жапырақ  пайда болғанда, 2-шісі 3-4 нағыз жапырақ ашқанда.

7. Бір гектарда 12 мың өсімдік жайласқан оңтайлы орналасу жиілігіне қол жеткізу үшін қарбызды 4-5 см тереңдікке 2,2-2,5 кг/га мөлшерінде сапалы тұқымы себіледі.

8. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аймактарының сұр топыракты жағдайында бақша дақылын өсіруші диқандарға қарбызды N100P80 мөлшерімен тыңайткыш енгізумен үйлестіре отырып, 600 м3/га мѳлшерінде 5 рет суару ұсынылады - бұл өзінің тиімділігін ғылыми негізде дәлелдеген және жоғары өнімділікті камтамасыз етеді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қ.К.Әрінов,Қ.М.Мұсынов,А.Қ.Апушев,Н.А.Серекпаев  Н.А.Шестакова С.С:Арыстанқұлов «Өсімдік шаруашылығы» Алматы:2011ж 581-595 бет

2.М.М.Жанзақов «Өсімдік  шаруашылығы» Қызылорда: 2007ж 246-258 бет

3.Н.Г.Щепетков,М.Ә.Ысқақов  «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» Алматы,2011ж  519-529бет

4.Қ.К.Әрінов, Н.И., Можаев  Н.А. Шестакова.,М.Ә. Ысқақов, Н.А.Серикбаев

«Өсімдік шаруашылығы  практикумы (оқу құралы) Астана,2004ж 280 бет

5.Сейітов И., СаудабаевТ., Әбдірашев Ш. Агрономия негіздері.-А.  Ана тілі,1991.

6.Жаңабаев К.Ш., Саудабаев  Т.С., Сейітов  И.С. Өсімдік «шаруашылығы  өнімдерін өндіру технологиясы»  Оқулық.*Алматы: Кайнар, 1994,-352б.

7.Жаңабаев К.Ш. және  баскалар. Қазақстанда жиі кездесетін  арамшөптер және олармен күрес.-      Алматы,1994.

8.Тоқтамысов Ә.М.т.б.  Ауылшаруашылық негіздері. –Қызыл-Орда , 2005.

9. Иванников А.В., турарбеков А.Т. Солтүстік Қазақстан егіншілігі.-Алматы, 1990.

10.Үмбетаев И .Биғараев  О   Қарбыздың «Сапалы» сортын  өндіріске енгізу ұсыныстары   Атакент  2011ж