Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДР.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
107.99 Кб
Скачать

1.4 Бақша өсірілетін аймақтардың климаттық жағдайы

 

Мырзашөл өңірінің климаттық  жағдайы құбылмалы, жартылай шөлге  жатады. Мырзашөл өңірінің климаты  тәуліктік жэне жылдық айналымдағы  ауаның үлкен ауытқуларында жылу корларының молдығымен сипатталады.

Қыс және көктем мезгілінде жауын-шашынның түсу мерзімділігі айқын көрінеді.

Ауаның орташа жылдық температурасы солтүстік-батыс аймақтарда +12,5°С-тан оңтүстігінде +15°С-қа дейін  көтеріледі. Жылы мерзімнің ұзақтығы солтүстікте 170-190 күн, оңтүстікте 230-250 күнге дейін созылады. Аудандар бойынша  жылы мерзімдегі оң температуралардың қосындысы төмендегіше: солтүстікте және солтүстік-батыста – 4000-4100°С, орталықта – 4300-4400°С және оңтүстікте – 4600-5000 °С-ты құрайды.

Бақша дақылдары оның ішінде қауын мен қарбыздың өсіп-дамуы  үшін жоғарыда аталған температура мөлшерлері толығымен жеткілікті саналады.

Температуралардың жалпы  саны артқан сайын өсімдіктің суға деген сұранысы артады жэне бүл жағдайды суғарганда есепке алу қажет. Жауын-шашын  көлемінің жылдық мөлшері 210 мм-ден 400 мм-ге дейінгі аралықты құрайды.

Топырақтағы тұздардың жэне ылгалдың орын ауыстыру процесіне ауаның ылғалдылығы әсер етеді. Оңтүстік аудандар үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылыгы бір жылда орташа 51 -56%-ды құрайды. Солтүстік-шығысқа қарай орын ауыстыру мөлшеріне қарай ол 61-64%-ға артады.

Жылдық булану солтүстік-шығыс  және орталық аудандарда 1120-1280 мм болса, оңтүстік аудандарда 1590-1690 мм-ге дейін  жетеді.

Өсіп-даму мерзімінде ол 910-1330 мм, яғни жылдық мөлшердің 79-82%-ын құрайды.

Жылы мерзімнің ұзақтығы орташа 194 күнді құрайды (15 - сэуірден 25 - қазанга дейін).

Көпжылдық көктемгі суық түсудің орташа мерзімі сәуірдің екінші онкүндігіне және күзгі суық түсу қазанның үшінші онкүндігіне тура келеді.

Жауын-шашын мөлшерінің орташа көпжылдық қосындысы 262 мм-ге тең болып келеді. Ол жыл маусымдарында әртүрлі түсуімен сипатталады.

Жауын-шашынның жалпы  жылдық мөлшерінен жаз мезгілінде З,8%, күзде – 17,6%, кыста – 37,2%, көктемде – 41,4%-ы түседі. Атмосфералық жауын-шашынның басым бөлігі жаңбыр түрінде жауады. Жауын-шашынның басым бөлігі негізінен көктем-қыс айларында түседі. Ол жылдық жауын-шашын мөлшерінің 73-85%-ын қурайды. Кейбір жылы жазда мүлдем жауын-шашын болмайды.

Қысы қысқа, ұзаққа созылмайтын  болып және салыстырмалы түрде суық болып келеді. «Мақтаарал» метеостанциясының  мәліметі бойынша қаңтар айының орташа ауа температурасы минус 3,4°С-қа тең болады. Қардың қалыңдығы 10-35 см болып, ұзақ жатпайтындығымен сипатталады. Қар жатқан күндердің саны жылына 43 күнге жетеді. Орташа тәуліктік ауа температурасы 0°С-тан төмен болған мерзімдер 45-65 күнді құрайды.

Топырақтың тоңазуының жоғарғы тереңдігі 20-60 см-ге, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 81%-ға тең  болады.

Көктемі температураның қарқынды көтерілуімен және жауын-шашынның көп түсуімен сипатталады, әдетте жылы болады, ұзаққа созылмайды және салыстырмалы түрде ылғалды болып келеді.

Тұрақты нөлден жоғары орташа тәуліктік температура ақпан  айының ортасына келіп қалыптасады. Бірақ ауытқулар 15-25 күнді құрайды. Кейбіржылдары көктемнің келуі наурыз айының аяғына тура келеді немесе сәуірдің аяғына дейін де созылуы мүмкін. Көктемгі мерзімнің орташа ауа температурасы +14"С-қа тең немесе +12°С-тан +20°С аралығында болады. Сәуір айында ауаның орташа температурасы +15,1°С-ка тең. Көктемде ауаның салыстырмалы ылгалдылығы 60%-ды қүрап, көктемнің аяғына келіп 50%-ға төмендейді.

Жазы қүрғақ жэне орташа тәуліктік тұрақты ауа қызуы +25,1°С болады. Ең жоғарғы ауа қызуы +45°С-қа дейін жетуі мүмкін. Атмосфералық жауын-шашындар дерлік болмайды. Шілде  айының орташа ауа қызуы +26°С-қа тең  болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 46-47%-ға дейін, кейбір жылдары 26%-га дейін де төмендеп кетеді. Бұл мерзімде солтүстік жэне солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым келеді. Шаруашылықтың аумағында орташа жылдамдығы 1,9 м/сек болған солтүстік-батыс бағыттағы жел басым болады.

Күзі жылы, орташа ауа  қызуы +11,7°С-қа тең болады. Қыркүйек айында температура төмендейді. Мақта қозасының өсіп-дамуын тоқтататын алғашқы күзгі суық түсуі қазан айының басы мен ортасына тура келеді. Күзде 117-114 мм мөлшерде атмосфералық жауын-шашын түседі. Орташа айлық ауа температурасы +18,5°С болып, қараша айында ол +4,6-5,1°С-қа күрт төмендейді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 56%-дан (қыркүйек) 74%-ға (қараша) көтеріледі.

Келтірілген мэліметтер қарбызды жэне басқа да ауылшаруашылық дақылдарын өсіріп баптауға қолайлы жағдайлардың бар екендігін айқындайды.

Атмосфералық жауын-шашындардың  түсуін жыл маусымдарына бөлгенде мыналарды  айтуга болады.

Қысқы-көктемгі мерзім топырақтың жыртылатын қабатындағы өсімдікке  зиянды түздарды шайып кетеді, бүл  өз кезегінде топырақта ылғал қорын түзеді, ал тұщы немесе аз минералды жер асты сулары жақын жайласқан жерлерде ол күзгі-қысқы сор шаюдан пайда болган жоғарғы тұщы қабатының ұлғаюына жағдай жасайды.

Кейбір жылдары жауын-шашынның басым бөлігі сәуір-мамыр айларына ауысып кетеді де, бұл өз кезегінде уақтылы топырақты өңдеуді және қарбызды егуді қиындатады.

Ауаның ылғалдылығы  Мырзашөл өңірінде топырақтың суда еритін тұздары мен ылгалының жылжу процесінде манызды роль ойнайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қыста жоғарғы және жазда төменгі дәрежеде болады. Жыл бойы ылғалдың бірқалыпты болмауы және ауа қызуының көктемнен жазға өткенде тез көтерілуі екі гидротермикалық мерзімімен: ылғалды жылы көктемі және ыстық құрғак жазымен ерекшеленетін өзіндік су-жылу жүйесіне ие болуымен анықталады.

Топырақ бетінен булану көлемі көктемде - 296,4 мм, жазда - 456,9 мм , күзде - 144,7мм, қыста - 71,5 мм-ді қүрайды. Мырзашөл өңірінде жылдық булану 969,5 мм, жылдық жауын-шашын 261 мм-ге тең болады.

Жер асты суларының деңгейі 1,5-2,5 м тереңдікте болса булануға кеткен судың жалпы шыгыны 1460 мм-ді құрайды, жер асты суларының деңгейі төмендеген сайын судың шығыны да кемиді, және керісінше жер асты суларының деңгейі артқан сайын су шығыны арта түседі.

Жауын-шашынның аз болуы  және жоғары булану нәтижесінде кектемнен күзге дейінгі мерзімде топырақтың қүрамындағы судың мөлшері азаяды, бүл өз кезегінде топырақтың үстіңгі қабатында тұздардың жинақталуына алып келеді.

Ылғалдылық дәрежесі бойынша мәліметтер зерттеу жүргізілген аумақтың өте құрғақ екенін көрсетеді. Аумақтың гидротермикалық коэффициенті 0,22-0,48-ге тең болып, ылғал дәрежесінің жылдық көрсеткіші Н. Иванов көрсеткіші бойынша 0,12-0,22-ге, сәуір-қыркүйек айларында 0,02-0,10-ге тең, қуаңшылық коэффициенті 19-дан 39-ға дейін өзгеріп тұрады, яғни аумақ жартылай шөлдің ландшафтық аймағына жатады.

Шілде айында канығудың  жетіспеушілігі жогарғы шегіне жетеді. Ауа температурасының жоғарғы дәрежесіне жеткен кезде қанығудың жетіспеушілігі топырақтан ылғалдың булану процесінің күшеюіне ықпал етеді. Осы мерзімде 60 см тереңдіктегі топырақтың қызуы +25°С-қа тең болады. Қыркүйек айына келіп топырақтың екі метрлік қабатының температурасы +22°С болады. Топырақтың бір метр қабатының ең төмен температурасы желтоқсан және қаңтар айларына, ал ең жоғарғысы - шілде-тамыз айларына тура келетіні анықталды.

Мырзашөл өңірінің сортаң жерлерінің басым бөлігі сорланудың хлоридті-сульфатты түрімен сипатталады. Демек, топырақ температурасының көрсеткіштері желтоқсан айына дейін жүргізілетін күзгі-қысқы сор шаюдың өте тиімділігін көрсетеді.

Шаруашылық аумағына жер бетінен және топырақтың терең қабатынан ылғалдың жоғары буланушылығы тән болып келеді, кейбір жылдары оның мөлшері 2000 мм-ге дейін жетеді. Мақтаарал жагдайында жылдық булану 960-1460 мм, және өсіп-даму кезеңінде 800-1200 мм-ді кұрайды.

Мырзашөл өңірінде бұлтты ауа райы көп болмайды, ашық күндердің  орташа жылдық саны 150-ге тең, бұлтты күндер саны - 70-ке тең болады.

Бұлтты күндердің аздығы, жарықтың молдығы, жауын-шашынның жыл маусымдарына бөлінуі жэне ауаның жылылыгы мақта, жоңышқа, бақша, дәнді-бұршақ, дәнді дақылдарды ж.т.б. өсіруге колайлы жағдайлар жаратады.

Мырзашөл өңіріндегі жылы мерзімнің ұзақтығы, бақша дақылдарынан жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік береді.

Демек, сұр топырақты  аймақтың климатына тән ерекшеліктері: жауын-шашынның аз мөлшері, оның жыл  маусымдарында біркелкі түспеуі, жазда  ауа температурасының жоғары және қыста  едәуір төмен болуы, жылы мерзімде ауаның өте құрғақ болуы, жер бетінен  ылғалдың жоғары дәрежеде булануы болып табылады.

Климаттық жағдайлар  өсімдіктің өсіп дамуына, ауылшаруашылығы  дақылдарының өнімінің құралуына тікелей  әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ көпшілік жағдайларда агротехнологиялық  әдістердің тиімділігін айқындап береді.

Ағымдағы жылы жазғы өсіп-даму кезеңінің 1-22 шілде аралығында ауа температурасы 40-44°С-қа дейін жоғары дәрежеге жеткен.

Өсіп-даму кезеңіндегі  көпжылдық орташа ауа температураларын салыстыру мақсатында соңғы 6 жылдық мәліметтер (3-кесте) келтірілген. Көктемнің  сәуір және мамыр айларындағы ауа температурасы ауылшаруашылық дақылдары оның ішінде бақша егісінің уақтылы жүруіне мүмкіндік берді, сәуірде ауа температурасы 18,2° С, ал мамырда 20,0° С-қа тең болды.

Орташа айлық ауа  температурасы, өсімдіктің жақсы өсіп, дамуына жағдай жасады.

Ағымдағы жылы атмосфералық жауын-шашынның мөлшері бұрынғы  жылдардағы мөлшерден айтарлықтай  айырмашылық болмады. 15-ші сәуірден бастап жауын-шашынның түспеуі осы  күндері егіс жүргізуге мүмкіндік  берді, сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының негізгі егісі сәуір айынан бастап жүргізілді.

Мамыр айындағы қысқа  мерзімді жаңбырлар ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына кері әсерін тигізген жоқ. Маусым айынан қыркүйек айына дейін жаңбыр жаумады.

 

1-кесте – Ауа температурасының (ºС) және атмосфералық жауын – шашынның (мм)

Салыстырмалы көрсеткіштері

 

Жыл

Айлар

Бір жылда

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Ауа температурасы , ºС

2005

-11

-13

5,6

15

19,8

25,1

25,5

22,8

18,9

13,0

5,5

6,4

11,1

2006

-1,4

5,5

7,4

16,8

22,2

24,9

25,4

24,2

18,9

13,0

6,3

-0,5

13,5

2007

-8,2

1,9

10

14,7

21,4

25,8

26,1

22,6

17,8

13,6

10,1

2,6

13,3

2008

-3,9

5,9

11

17,2

23,8

26,7

26,7

25,4

19

13,4

9,5

3,0

14,9

2009

0,9

4,9

8,5

18,2

21,6

27,1

28,4

25,9

20,3

13,2

8,6

3,1

15,0

2010

-10,6

-1,9

13,8

17,2

23,5

28

36,7

26,7

20,1

16,7

10,0

3,9

13,0

2011

1,5

2,5

9,7

17,8

22,5

29,9

28,2

25,6

19,2

13,6

-

-

-

Орташа

көпжылдық

-4,6

0,8

9,4

16,7

22,1

29,9

28,2

24,6

19,2

13,8

8,3

3,1

13,4

Жауын – шашын, мм

2005

24,6

40,0

46,8

53,1

32,3

5,7

1,2

0

1,7

47,6

63,8

25,9

343

2006

18,7

17,1

95,9

60,0

13,6

12,3

14,7

0

0

23,8

36,9

57,3

350

2007

18,4

40,5

34,7

54,3

22,1

0

0

0

0

1,3

27,7

92,9

292

2008

52,7

33,4

25,7

20,4

3,9

1,4

3,3

0

0

5,6

26,0

55,6

228

2009

16,5

32,8

67,2

22,7

42,6

2,4

0

2,8

0

11,0

28,0

45,6

271

2010

18,5

34,2

20,0

26,6

22,0

0

0

0

8,5

16,0

26,0

13,0

184,8

2011

26,0

74,0

58,0

21,0

30,0

11,0

0

0

0

29,0

-

-

-

Орташа көпжылдық

25,0

38,8

49,7

36,8

23,7

4,8

2,7

0,4

1,7

13,7

21,5

46,2

238

 

       2.Технологиялық бөлім

          2.1 Ауыспалы егістегі орны

 

Бақша дақылдарына, әсіресе, қарбыздарға жер бедері күшті әсер етеді, оларға жоғары жайласқан, жақсы қызатын және жарық жетерлі дәрежеде түсетін алқаптар оңтайлы келеді. Осындай жерлерде өсімдік жақсы ѳседі, ѳнімі ерте піседі, дәмі және сапасы жақсарады.

Төмен жайласқан жерлерге егісті жайластыру өте қауіпті. Мүндай алқапта топырақ тығыз болып, ұзақ әрі төмен дәрежеде қызады, фузариозды солу ауруына шалдығу (ең алдымен қарбыздың) қаупі бар.

Бақша дақылдарының ең жақсы  алғы дақылдары көпжылдық және біржылдық  шѳптесін ѳсімдіктер, күзгі дәнді дақылдар, жүгері және көкөніс дақылдары. Бақша дақылдарының орнына келесі жылы және бақша өсіру саңыраукұлак ауруларын өріштеді. Бақша егілген алқаптарға кемінде төрт-бес жылдан кейіп ғана қайта оралуға болады. Бақша дақылдарына органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану жақсы әсер етеді. Тыңайтқыштардың әсерінен пәлектері және жапырактары жақсы өседі, гүлдерінің саны көбейеді, түйіндеуі жақсарады, сәйкесінше, өсімдіктегі өнім саны мен спасы да артады.

Көкөністермен ауыспалы егісін алып барғанда бакша дақылдарын алқа тұкымдастарынан немесе қырыққабаттан  босаған алқаптарына өсіріледі.

Мұндай жерлерге егілген  қарбыздар көп жағдайларда біршама  дәмді және ірі, қанттылығы жоғары мол  өнім береді.

Тыңайған және көпжылдық  шөптесін өсімдіктермен ауыспалы егіс қолданылған жерлерде қарбыздың өнімі ескі жерлерге қарағанда 52 %-ға жоғары болады

 

           2-кесте  Орташа құнарлы жерлерде өсірілген қарбыз өнімі

 

Көрсеткіштер

 

Егіс тізбегі, см

1 гектардағы өсімдік саны

5660

10000

7450

13350

Өнімділігі, ц/га

257

341

362

425

 

Тұқым жетістіруші аудандар үшін суармалы егіс жағдайында төмендегі кезектестіру тізбектері ұсынылуы мумкін: 1-алқап – алқа тұқымдастары,2-алқап – екінші жылғы айқышгүлділер (төрт гүл жапырақшалы кос ұрыкты өсімдіктер)-(крестоцветные), 3-алқап – бірінші жылғы пияз текті және тамыр жемістілер, 4-алқап – асқабақ және бұршақ тұқымдастар, 5-алқап – бірінші жылғы айқышгүлділер, 6-алқап –екінші жылғы пиязтектілер мен тамыр жемістілер.

Қарқынды түрде суару  жұмыстары жүргізілетін оңтүстік аймақтары  үшін алғы егін таңдағанда жерлердін, мелиоративтік жағдайын жақсартуды, сорлану мен саздануға, топырақтың шайылуына қарсы күресуді есепке алу керек.

Жоңышқа егісінде топырақ  кұнарлылығы біршама артады. Оның тамыр жүйесі айдалатын қабаттан едәуір тереңге жайыла отырып, тамыр жайласатын қабатты толығымен жақсартады. Жоңышқа суармалы жерлерде өзіне тән дренаж ролін атқарады, мұнда тереңде жайласқан тамырлаы арқылы (әсіресе олар қурап қалғаннан кейін) жер асты суларын терең қабаттарға жылжуын кұшейтеді. Жоңышқа қайта сорланудың алдын алады немесе сорлану бар анықталған жағдайда оны төмендетеді, сондай-ақ терең қабаттардағы ылғалды пайдалану арқылы жер асты суларынының деңгейін төмендетеді.

Суармалы аймақтарда бұршақ тұқымдастар  және жүгері бақша дақылдарына жақсы  алғы дақылдар болуы мүмкін. Оларға әдетте, көп мөлшерде органикалық тыңайтқыштар еңгізіледі және оның әсерін қарбыз да пайдаланады.

Дақылдардың дұрыс алмасуын сақтаған жағдайда ғана ауыспалы егіс жоғары пайда келтіреді. Бір алқапта бірнеше жыл қатарынан бір дақылды егу қолайсыз нәтижелерге алып келеді. Дақылды ауыстырмау топырактың физикалык касиетін нашарлатады, егілген дақылға байланысты белгілі бір кабаттарының құрамындағы қоректік элементтер азайып кетеді.

Сондықтан ауыспалы егісте дақылдарды анықтауда олардың биологиялық ерекшеліктерін – суға және қорекке талабын, сондай – ақ арамшөптер мен зиянкестермен арақатынасын есепке алу керек. Ауыспалы егісте дақылдардың дұрыс ізбе-ізділігі өсімдіктің тұтынатын коректік элементтерінін шығынын реттеумен бір уақытта топырактың қорын да толтыруға жағдай жасайды. Әрбір алғы дақыл осылайша өзінен кейінгі дақылға едәуір оңтайлы жағдай жаратады.

Ауыспалы егісте дақылдарды тандауда және олардың ізбе-ізділігін реттеуде ұйымдастырушылық-шаруашылық жағдайларын да есепке алу керек. Дакылдарды, сорттарды және агро әдістерді тандауда өсіріп баптауға кеткен еңбек шығындары уақыт бойынша біркелкі бөлістірілуі қажет. Сондай-ақ суару жағдайларында суландыру жүйесіне салмақ түсуінің немесе су жетіспеушілігінің алдын алу үшін дакылдар құрамын тандап алу керек.

          Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми – зертеу институтының көпжылдық деректері бойынша ауыспалы егісті игеру дәрежесіне қарай енім 19 дан 78 %-ға дейін артқан. Ауыспалы егісті дұрыс жолға койылганға дейін 1 гектардан алынған қарбыз өнімі орташа 17,5 тонна болған болса, ал кейін ол 32,4 тоннаны құрады.

Суармалы жағдайларда бақша өсіруде басқа да агро іс-шаралар сияқты ауыспалы егістің де тиімділігі онімнің бір бірлігіне кететін су шығынымен бағаланады. Әдіс қаншалықты тиімді болса, өнім де сонша жоғары, сәйкесінше, өнімнің бір-бірлігіне жұмсалған су ціығыны да соншалықты төмен болады. Осылайша топырақтың құнарлылығын арттыру арқылы сол жұмсалған су шығынымен 2,5 есе көп өнім алуга және өнімнІң 1 тоннасына кеткен су шығынын 2,8 есе қысқартуға болады.

Қарбыздың «Сапалы» сорты тәжірибе алқабында үш жылдық жоңышқа өсірілгеннен кейін егілді.

2.2Топырақты өңдеу

Тәжірибе алқабын сүдігер  жырту Т-4 тракторында ПЯ-3-35 соқасымен 35-38 см  тереңдікте қазан айының аяғында жүргізілді.

Бақша өсірілген жерді  сүдігер жыртуды күзде уақытында  жүргізген дұрыс. Бақша дақылдарының мықты тамыр жүйесі терең өңделген топыракта ғана дами алады. Сондықтан да бақша дақылдары өсірілетін алқапты мүмкіндігінше тереңірек - 35-40 см етіп айдау керек. Әсіресе көп уақыттан бері айдалмаған ескі жерлерді терең жырту өнімнің артуына және едәуір ірі жеміс алуға жағдай жасайды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аймақтардың механикалық  құрамы ауыр жерлерде қарбыздан жоғары әнім алу үшін топырақты 40 см, кей жерлерде 50 см-ге дейін терең айдау топырақтың терең қабаттарының тұздарының шайылуына жағдай жасайды (12-кесте).

Терең сүдігер жырту  жердің арамшөптермен ластануын  едәуір төмендетеді. Қарбыздың тамыр  жүйесі терең қабаттарда жайласады. Топырақтың терең қабаттарының бос  құрылымы суды жақсы өткізуге жағдай жасайды (13 кесте).

Бұл аталған барлық факторлар суды үнемдей отырып, жоғары ѳнімге кол жеткізуге жағдай жасайды (14-кесте).

Сүдігер жыртудан кейін  қыскы сор шаю бір тегіс жүргізілуі үшін жер тегістеліп, ылғалды сақтауы үшін екі ізбен тырмаланды. Тәжірибелік алқапты желтоқсан айының басында ұзын базалы агрегатты Т-150 тракторымен тегістелді. Тәжірибе алқабында ұзындығы 150-200 м бөгеттер қазылды. Сор шаюды 20 қаңтарда 2500 м/га мөлшерімен жұргізілді.

 

                        Түрлі тереңдікте сүдігер жырту жағдайындағы

топырақтағы хлор мѳлшері (%)              3 кесте

 

Сүдігер жырту

Тереңдігі, см

 

0-10

10-20

20-30

30-40

40-50

50-60

Кәдуілгі 25-30 см

0,107

0.071

0,064

0,1 56

0.273

0.372

Қос қатарлы 35-40 см

0.018

0.014

0,014

0,011

0,011

0,011

 

 

                                       Топырақтың өнделуіне қарай

сіңірілген судың мѳлшері (мм)

    4-кесте                                       

Сүдігер жырту

 

Уақыт, минут

 

10

30

60

90

120

Кәдуілгі 25-30 см

14,0

19,5

24,0

27,0

31,5

Қос қатарлы 35-40 см

17,5

29,5

40.5

49,5

57.5

                                  Топырақтың оңделуіне қарай орташа сорланған

  жерлердегі қарбыз өнімі (ҚазМШҒЗИ)

                                                                                                           5-кесте

Топырақты өңдеу

Өнім

Өнімнің суды пайдалану өнімділігі

ц/га

%

1 т өнімге, м

1 м суға алынган өнім, ц/га

Кәдуілгі 25-30 см

182

100

222

0,45

40-45 см-ге терең қопсыту

333

183

121

0,83

45 см тереңдікке сүдігер жырту

410

224

97

1,02

 

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты вегетациялық кезеңде суарудың қатаң тәртібін сақтауды және қысқы сор шаюда мол сумен суаруды ұсынады. Бұл ұсыныстар көптеген шаруашылықтарда оң нәтиже берді.

Мақтаарал ауданы жағдайында көптеген алқаптарға сор шаю мөлшері гектарына 2-ден 3 мың текше метрді құрайды, ал дренделуі жақсы қамтамасыз етілген ерекше сорланған жерлерде сор шаю мөлшерін 4 мың текше метрге дейін арттыруға болады. Қайта сорлануға ұшыраған, жер асты сулары 2,0-2,5 м тереңдікте жайласкан дренажсыз жерлерде сор шаюдың төмендегі көрсеткіштері ұсынылады:

  1. Әлсіз сорланган алқаптарда 1500-2000 м3/га;

  2. Орташа сорланған алқаптарда 2000-3000 м3/га;

  3. Күшті сорланған алкаптарда 3000-4000 м3/га.

Мұнда сор шаю жумыстарын 2000-3000 текше метр мөлшерінде бір рет, ал күшті сорланған жерлерде сор шаю мөлшерін 4000 текше метрге дейін арттыруга болады, бірақ ол мѳлшерді екі рет сор шаю арқылы жүзеге асыру керек.

Сор шаюды бастау мерзімі топырақтың ауырлыгына карай белгіленеді, топырак каншалыкты ауыр болса, сор шаюды сонша ерте жүргізу керек: Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ауыр топырақты жерлер үшін казан айының басы-аяғы – желтоқсанның ортасы, орташа топырақтар үшін – желтоқсанның аяғы – каң-тардың басы және жеңіл топырақ үшін – қаңтар айы белгіленген.

Қысқы сор шаю жұмыстарын топырактың сорлану дәрежесін есептемей жатып, өте жоғары мөлшермен жүргізуге болмайды. Бұл сор шаю жұмыстарын жүргізу уакытын дұрыс таңдау су-тұз тәртібіне едәуір әсер етеді. Мақтаарал ауданында сор шаю жүмыстары жыл сайын күзгі-қысқы мерзімде гектарына 2000-30000 текше метр мөлшерімен жүргізіліеді. Айта кететін жәйт, сор шаю мѳлшері мен саны топырақтың құрамындағы суда еритін тұздардың мөлшеріне түрліше әсер етеді.

Тәжірибелік алкаптағы көктемгі дала жұмыстары 15-нау-рызда суару арықтарын тегістеу жұмыстарымен басталды, 21 –нау-рыздан бастап екі ізбен тырмалау жүргізілді. 6-күннен кейін 27-наурызда тырмалаудан соң, 16-18 см тереңдікте тырмалаумен бір уақытта екі ізбен чизелдеу жүргізілді. Топырақты терең қопсыту үшін Т-150 тракторына тіркелген чизель-культиватор қолданылды. Тырмалаумен бір уақытта екі ізбен чизельдеу арамшөптердің өскіндерін жояды, топырақ қүрылымын араластырады және тұқымсепкіштің (сеялка) тұқымдарды тереңге егуі үшін оңтайлы жағдай жасайды.

Топырақтың өңделетін  кабатының толық копсытылуын арттыру мақсатында, кұнарлылығы төмен сорланған жерлерді құнарландыру және вегетациялык суару кезінде су ѳткізгіштігі жоғары болуы үшін бағандарға терең қопсытатын ауыспалы сүйір табандар орнатылды.

Терең қопсыту ауаның және карбыздың тамыр жүйесінің топырактың тереғ кабаттарына ѳтуін жеңілдетеді, сондай-ақ топырақтың қызуына жағдай жасайды.

   2.3Тұқымдар және егіс

 

Қарбыздың «Сапалы» сортын егу үшін жоғары сапалы, жақсы жетілген, ірі, ауыр салмақты, ѳңгіщтігі жоғары (95 пайыз және жоғары) тұқымдар іріктеп алынды. Тұқымның өңгіштігі мен өсу энергиясы зертханалық жағдайларда анықталды.

                          Тұқымдар көлемінің оның ѳнгіштігіне,

 ѳсу энергиясына және «Сапалы» қарбызының өніміне әсері

                                                                                         6-кесте

Тұқымдар 

Өсу энергиясы, %

өңгіштігі, %

өнімі, ц/га

Ірі толық салмақты

95,0

100

223

Майда жеңіл салмақты

64,5

75,4

98

 

Ірі тұқымдардың жоғары ѳңгіштігі және ѳнімділігі жоғары ѳсімдік алу бойынша артыкшылығы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің, тәжірибелерінде анықталды.

Тұқымдарды 25-30 пайыздык ас түзының ерітіндісіне салу аркылы салыстырмалы салмағы анықталады, мұнда сау, толық пісіп жетілген тқкымдар батып кетеді, ал жеңіл, майдалары ерітіндінің бетіне қалқып шығады. Тұқымдарды електен өткізу аркылы кѳлемі бойынша да сүрыптайды.

Өнім бойынша ең жақсы  нәтижелерді 2-3 жылдық тұқымдар көрсетеді. Бір жылдық тұкымдарды егіс алдында екі сағат бойы 40-50 градус температурада қыздыру қажет. Мұндай қыздыру өсу энергиясын және өңгіщтігін арттырады, аналық гүлдердің пайда болуын тездетеді.

Егер де егіс уақытында ауа-райы құрғақ болса немесе егіс кеш қалған болса, өскін алуды тездету және бірыңғай өскіндер алу үшін Оңтүстік Қазақстан жағдайында жібітілген тұқымдарды егу ұсынылады. Қаптағы тұқымдарды 4-5 сағатқа жылы су қүйылған ыдысқа салып кояды, содан соң қапты алып, артық суын ағызып, екі тәулік жылы бөлмеге қояды, бұл жерде қаптың құрғап және мұздап қалмауын қадағалап тұру керек. Содан соң тұқымдарды шашыраңқы болуы үшін бір қабат етіп жаяды; оларды сол күні-ақ ылғал топыраққа себеді.

Егер де егіс қолмен жүргізілген  болса (кішігірім алқаптарда немесе қайта егуде), бөртіп шыққан тұқымдарды ылғал топыраққа егу керек. Қатқалақ болудың алдын алу үшін егілген жерлерді құрғақ топырақпен жабады.

Бөртіп шыққан түқымдарды алу үшін жібітілген тұқымдарды ылғал  қаппен жауып, 35 градус температурада жылы жерде сақтау қажет, қаптың құрғап қалмауын қадағалап, ылғалдандырып отыру керек. Тұқымдардың 3-5 пайызы өніп шыкқан кезде оларды егеді.

Термикалық ѳндеу әдісі де ѳте тиімді: егіске арнайы іріктеп алынған тұқымдарды 60-65 градус жылы суға 3-4 минутқа салып, үнемі араластырып отырады. Содан соң түқымдарды ыдыстан алып, 15 см қалыңдықта кірленге жайластырады. Кірленнің түбіне мақтадан жасалған тѳсеніш тѳсейді, ал тұқымның үстін жылы сумен ылғалданған жылы жапқышпен жабады. Тұқымдарды 3-4 күн бөлмеде 25 градус температурада сактайды. Ауа біркелкі келіп түсуі және бірдей температура болуы үшін тұқымдарды әрбір екі сағаттан араластырылып түрады. Тұқымның кабығын қолмен ысқылағанда қабығы еркін аршылып, дән жарнағы ыдырайтын дәрежеге жеткенше ұстау керек. Мұндай тұқымдар егіске дайын. Оларды сусымалы болуы үшін құрғақ құммен араластырады. Тұқымдар осындай дайындықтан ѳткен жағдайда және қарбыз өсіріп баптаудың қажетті барлық агротехникалық іс-шараларын орындаған жағдайда Қазақстанның оңтүстігінің суармалы аймақтарында 350 ц/га ѳнім алуға болады.

Егістен алдын 2-3 күн бүрын құрғақ тұқымдарды формалин ерітіндісінде (40 пайыздық формалиннің 1 бөлігін судың 300 бѳлігіне араластырады) дәрілейді. Формалин ерітіндісіне сирек етіп тоқылған қаптарға салынган тұқымдарды 2-3 минутқа салып алады. Содан сон, тұқымдарды осы ерітіндіге суланған брезент немесе қапқа төгеді және үстіне брезент не қап жауып қойылады. Осылайша екі сағат бұқтырып қойылғаннан кейін тұқымдарды жұқалап жайып, біраз кептіреді және егеді. Тұқымдарды Фентиуран препаратымен де дәрілеуге болады. Оның 2-3 грамын 1 келі қоспаға жақсылап араластырады.

Тұкымдарды микроэлементтердің (марганец, бор, молибден) 0,05 %-дық ерітіндісіне 16 сагат бойы салып кою жақсы нәтиже береді. Тұқымды егіске дайындаудың міндетті әдісі – оларды ТМТД-8% препаратымен 1 келі түқымға 5 г есебімен дәрілеу болып табылады. Қарбыздың тұқымдарын жазғы дәнді дакылдардың егісі басталғаннан 15-20 күн ѳткеннен кейін немесе топырактың 10 см қабатындағы температура 10-12 градустан артқанда және ѳскіндер үшін көктемгі суықшалу қаупі сейілгенде егу ұсынылады.

Оңтүстік Қазақстанда  қарбыз егісінің жобалы күнтізбелік мерзімдері –наурыз айының аяғы, мамыр айының ақыры. Қарбыз егісі мамыр айының бірінші онкүндігінің аяғында жүргізілгенде гектарынан 250 центнер ѳнім алынады, ал 28-30 мамырда -150 ц/га ѳнім береді.

Қазақ мақта шаруашылығы ғылымн-зерттеу институтының 3 жылдық орташа мәліметтері бойынша ашық жер жағдайында мамырайының 15-20-жұлдызында егілген қарбыз өніімі гектарынан 283 центнерді, ал 25-30 мамырдағы егісте 202,9 ц/га құрады.

Көптеген шаруашылықтарда  карбыздың тұқымы шаршы-ұялы әдісімен СШ-6А немесе дәл егетін мақта тұқым сепкішімен егіледі. Шаршы-ұялы егісінде қарбызды күтіп-баптауға кеткен қол еңбегінің шығыны 2-3 есеге қысқарады. Бұл егу әдісінде ѳңдеу жұмыстарында қопсыту тек ұяшықтарда ғана жүргізіледі, ал ұяшықтар егілген алкаптың 3-5 пайызын ғана иелейді. Бұл жұмыстарға гектарына 2-3 адам-күні жұмсалса, ал қатарлап егу әдісінде осы жүмыстарға 6-8 адам-күні жұмсалады.

Қарбыздан жоғары өнім алу  үшін бірыңғай өскін алынғаннан өсімдіктің пәлек жайғанына дейінгі кезенінде өсімдік аралығын бастапқы екі қатараралық өңдеу және екі қопсыту жұмыстарын уақтылы жүргізу керек.

Осы кезеңде бақша егісінің 100 гектар жерін өңдеу үшін қатарлап егу әдісінде күн сайын 22 адам қажет болса, ал шаршы-ұялап егу әдісінде адам кажет болады. Қарбызды белгіленген қашықтықта шаршы-ұялап егуді дәнді дақылдардың тұқым-сепкішімен егуге болады, алайда мұнда СШ-6А немесе дәл себетін мақта тұқым сепкішіне қарағанда тұқым шығыны көбірек болады.

Тұқымдардың егіс мөлшері  ірі тұқымды сорттарында гектарына 3-4 келі, майда тұқымдарда 2-2,5 келі болып, өңгіштігі 95 пайыз жэне одан да жоғары болады. Тұқымдарды егу терендігі топырақтың ылғалдылығына және тұқымнын көлеміне қарай 4-6 см болуы керек. Тығыз және ылғал топырақтарда тұқымды жер бетіне жақын, ал бос құрылымды, жеңіл кебетін топырақтарда – тереңірек егеді.

Қарбыздың тік бүрышты-ұялап  егу әдісінде шаруашылықта қолданылатын трактор маркасына қарай төмендегі егіс тізбегі ұсынылады:

 

Ескі алкаптарда 200+80 х70 (60)

           2

                                       Жоңышқадан босаған алқапта

                                     270+80 х 70 (60)

                                       2

 

Өнімді ерте жинап  алу мақсатында карбыздың көшеттері  компосты ыдыстарда ѳсіріледі. Өніп шыққан тұқымдарды мамырдың бірінші онкүндігінде бір ыдысқа екі тұқымнан салып егеді. Ыдыс көлемі 10x10 см; ыдыстардағы топырақ қоспасын дайындауда минералды тыңайтқыштардың төмендегі мөлшерлері қосылады: 100 келі топырақ қоспасына - 15 гр аммиак селитрасы, 30 гр хлорлы калий, 90 гр суперфосфат, 200 гр әк.

Ыдыстар жылыжайда сақталады. Ыдыстардың аралығын олардың шеттері аз ғана көрінетіндей етіп топырақпен толтырылады. Өсімдіктің тамыр мойнының шіруінің алдын алу үшін топырақтың бетіне ѳскіндер кѳрінгеннен кейін 1-2 см қалыңдықта құм төселеді. Алғашқы нағыз жапырақ пайда болғанда шуақты күндері үсті ашып қойылады, түнде ауа температурасы 8 градустан төмен болса, үсті жабылады. Оларды шектен тыс дымқыл болмайтындай етіп, жылы сумен суарады. Температураны күндіз 25, түнде 13-15 градус дәрежеде ұстап тұру керек.

Көшеттер екінші нағыз  жапырақ шығарғанда бірінші қорек-тендіріледі, екінші қоректендіру көшеттердің топыраққа  көшірілуінен 3-4 күн алдын жүзеге асырылады. Қорек үшін сиыр көңі 10 есе көп сумен араластырады немесе қүс саңғырығы 15-20 есе сумен араластырылып дайындалады. Осы коспаның бір шелегіне 10 гр калий тұзы және 20 гр суперфосфат қосады. Қоспаның бір шелегін 2 қатарға жұмсайды. Дайындалған қоспаны көшеттердің жапырақтары мен сабақтарына тигізбей, ұқыптап еңгізеді. Қорек енгізілгеннен кейін оның жапырақтарынан қоспаны жуу үшін сусепкіш арқылы таза сумен суарады. Кешеттерді ашық жерге егуде алқапта 20-25 см тереңдіктегі шұңқыр қазады, оған жылқының ыстық көңін салып, топырақпен үстін жабады. Шұңқырға екі өсімдіктен отырғызады.

Суық желден қорғалган  оңтүстік немесе оңтүстік-батыс өңірлерде қарбыздың жібітілген тұқымдарын тікелей ашық жерге еге беруге болады. Қарашірінді салынған шұңқырларға бірнеше тұқым салынады. Өсімдіктер қатайғаннан кейін шұңкырда едәуір мықты, жақсы дамыған өсімдікті қалдырады.

  2.4 Егісті күтіп баптау

Тәжірибелік алқапта  қарбыздың «Сапалы» сортының егісі 2011 жылдың 28-наурызында сапалы тұқымдарды қолдана отырып, 4-5 см тереңдікте дәл егетін тұқымсепкішпен жүзеге асырылды. Егіс тізбегі 2,2 х 1,8 х 0,5 м, тұқымның шығын мөлшері 2,5 кг/га.

Алғашқы өскіндер 2-3 сәуірде алынды. 100 пайыз бірыңғай өскін егістен 10 кұн өткен соң, яғни 7-сәуірде алынды.

Өскін алынғаннан 7 күн өткенде - 14-сәуірде алғашқы нағыз жапырақ пайда болғанда, 1 метрде 3-4 өсімдік қалдыра отырып, бірінші жегенелеу жүргізілді. Екінші жегенелеу 17-сәуірде үшінші нағыз жапырақ пайда болғанда 1 метрде 2 өсімдік қалдыру арқылы орындалды.

Өсімдіктердің нақты  орналасу жиілігі 1 гектарда 12 мың өсімдіктен тура келді. Жегенелеу жұмыстарын өз уақытында жүргізу керек, әйтпесе жегенелеу кеш қалғанда жиі өскен бақша өсімдіктері өте әлсіз дамиды. Құнарлы және суармалы жерлерде тәлімі және құнарлылығы төмен жерлерге қараганда 1 гектардағы өсімдік санын көбірек қалдырады. Құнарлылығы төмен жерлерде жиі орналасқан өскіндер майда, қанттылығы темен ѳнім береді.

Фенологиялық бақылауларға қарағанда бастапқы кездегі өсімдіктердің  өсіп дамуы температураның тѳмендеуінен және жауын-шашынның әсерінен біршама баяу жүрді, соған қарамастан Сапалы сорты барлық нұсқаларда бақылау сортына салыстырғанда алда болды.

        

                                           4 сурет Бірінші катараралық өңдеу

 

Үшінші нағыз жапырақ  пайда болған кезде 18-сәуірде 16-18 см тереңдікте қатараралық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Екінші қопсыту жұмыстары 18-20 см тереңдікте чизель жәрдемінде жүргізілді. 23-сәуірде өскіндердің айналасындағы топырақ қолмен қопсытылды. Жас өсімдіктердің айналасындағы топырақты қопсытқанда оның жүргізілу сапасына ерекше назар аудару керек. Терең қопсыту өсімдіктің жақсы ѳсуіне және өнімнің артуына жағдай жасайды.

Кейінгі қопсыту жұмыстары әр 12-15 күннен 18-20 см тереңдікте жүргізілді, одан да терең қопсыту тамыр жүйесіне зақым келтіруі мүмкін. Қатараралығы толық қабысып кетуі үшін 6 рет өндеу жұмыстары жүргізілді

    

   2.5 Тыңайтқыштар енгізу жүйесі

 

Тәжірибе алқаптарының барлық нұсқаларына сүдігер жыртудан алдын қараша айында гектарына 80 келі әсерлі зат мөлшерінде суперфосфат тыңайтқышы еңгізілді.

Бірінші катар аралық өңдеу жұмыстары 15-сәуірде мннералды тыңайтқыштар енгізумен бір уақытта жүргізілді: 1-нұсқа – N15; 2-нұсқа – N20; 3-нұсқа – N25; 4-нұска – Nзо келі әсерлі зат. NH4NO3.

Аммиак селитрасы үш кезеңге бөліп енгізілді:

  1. - 2-3 нағыз жапырақ кезеңі;

  2. - пәлек жаю кезеңі;

  3. - гүлдеу кезеңі.

Екінші қатараралық өңдеу 25-сәуірде жүргізілді. Аммиак селитрасын МТЗ-80 тракторына тіркелген КПН-4,2 мақта копсытқышымен төмендегі мөлшерлерде енгізілді: 1-нұсқа – N20; 2-нүсқа – Nзо; 3-нұсқа – N35; 4-нұсқа – N40. қатараралық терең өңдеумен бір уақытта аммиак селитрасын үшінші рет енгізу 5-мамырда жүргізілді. Тыңайтқышты енгізу үшін МТЗ-80 тракторына тіркелген арнайы құрылғысы бар чизель пайдаланылды. 1-нұсқа – N25; 2-нұсқа – N20; 3-нұсқа – N20; 4-нұсқа – N30.

Суармалы жерлерде карбыз өсіруде тыңайтқыштар енгізу жоғары өнімге қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Қазақстанның оңтүстігінің суармалы аймақтарында бақша дақылдарының егісіне енгізілетін тыңайтқыштардың мөлшері мен түрлері зерттелмеген. Алайда Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері, суперфосфат 3 ц/га, аммиак селитрасы 3 ц/га және калий тұзы 1 ц/га мөлшеріндегі минералды тыңайтқыштарын енгізу ең жақсы нәтиже бергенін көрсетеді. Тыңайтқыштардың тиімділігі олардың топыраққа енгізу терендігіне де байланысты; суармалы алқаптарда фосфатты тыңайткыштарды едәуір терең өңделген жағдайында, әсіресе, сүдігер жыртуда олардың тиімділігі арта түседі.

Біздің жүргізген зерттеулеріміз бойынша Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аймактарда ѳсіп даму кезеңінде 3 рет қоректендіру қажет. Бірінші қоректендіру шатрик кезеңінен алдын енгізу керек. Екінші қоректі өсімдік пәлек жаюды бастаған кезде енгізеді. Үшіншісі гүлдеу және жемістері түйіндеген кезде енгізіледі. Қорек ретінде жергілікті және минералды тыңайтқыштарды да қолдануға болады. Тыңайтқыштарды құрғақ түрінде топырақтың 12-15 см кабатына енгізеді, ал сұйық түрінде ағын сумен бірге беріледі. Бір рет қоректендіру үшін гектарына физикалық салмақта 100 кг аммиак селитрасы, 100 кг суперфосфат және 40 келі калий тұзы енгізіледі. Бақша дақылдарының егісіне енгізілген минералды тыңайткыштар жемістің көлеміне, сондай-ақ сапасына да әсер етеді. Фосфор және калий тыңайтқыштары бақша жемісінің пісіп жетілуін тездететіні және қанттылығын да арттыратыны анықталды.

 

2.6 Суару

 

Қарбыздың суға деген  талабы өте жоғары. Қарбыз гүлдеу және ѳнім пайда болу кезеңінде суды ѳте көп мөлшерде талап етеді.

Сонымен бірге топырақтың шектен тыс жоғары ылғалдылығы қарбыз ѳсімдігіне кері әсер етеді. Біздің зерттеулеріміз бойынша жауын-шашын мөлшері қалыпты болған жылдары гектарына 600-700 текше метр мөлшерімен орташа 4-5 рет суару жеткілікті болады. Ылғал мол түскен жылдары 600м3/га мөлшерінде 3-4 ретке қысқарту керек.

Көптеген зерттеу мәліметтерінен, суаруларды: біріншісін – ылғал жинактау үшін (ылғалды аз мөлшерде жинақтауда); екіншісі – екі-үш нағыз жапырак шығарған кезеңінде; үшіншісі – гүлдеу кезеңінде және төртінші мен бесіншісі – жемістерінің өсу кезеңінде жүргізу ұсынылады.

Біздің тәжірибемізде суару тізбегіне сәйкес 4-нұсқада бірінші вегетациялық суаруды 600 м3/га мѳлшерімен пәлек жаю кезеңінде жүргізілді. Екінші вегетациялық суару барлық 4 нұсқада да аналық және аталық гүлдерінің ашылуы мен жеміс түйіндеу кезеңінде орындалды, 1 -2-нұсқаларда - 2 суару 1200 текше метр мөлшерімен, аралығы 10 күн, 3-4-нұсқаларда - 1800 м3/га мөлшерінде, аралығы 7-8 күнде 3 суару жүргізілді. Үшінші суару 2-3-4-нұсқаларда жемістерінің қалыптасуы мен өсу кезеңінде 600 текше метр мѳлшерімен жүргізілді.

Қазақстанның оңтүстік жагдайында бақша дақылдарын өсіруде суландырудын маңызы зор. Бақша дақылдары кұрғақшылықка төзімді өсімдіктерге жатады, сондықтан олар аз суарылды. Алайда Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жүргізілген зерттеулер, минералды тыңайтқыштарды енгізумен бірге суарулардың өте тиімді екенін, қарбыз өнімін екі есе арттыратынын көрсетті (20-кесте).

Тыңайтқыштарсыз суару жемістердің канттылығын 1% төмендетеді, ал суарылмаған және тыңайтылмаған нұсқаларға салыстырғанда тыңайтқыш қосып суарылған нұсқаларда канттылығы едәуір жоғары болады.

Қазақстанның онтүстігіндегі суармалы аймактарда қарбызды арасы 10-15 күн етіп 3-5 рет суарады. Суаруды пәлек жаю кезінде бастайды, гүлдеу кезінде тоқтатып, және түйіндеу кезінде қайта бастайды. Суару мѳлшері 600-700 м3/га. Қысқы сор шаюлар өте тиімді, себебі олар қарбызды егуде егіс алды суаруды қажет етпейді және вегетациялык суарулар санын қысқартады.

 

 – Суарулардың қарбыз өнімділігіне әсері

(3 жылдық орташа көрсеткіш)

                                                                                                                                   7 кесте

Тәжірибе нұсқалары

Өнімділігі, т/га

Қосымша өнім, т/га

Суарылмаған және тыңайтқыш енгізілмеген

20,6

-

I вегегациялық суару

23,8

3.2

2 вегетациялық суару+N60P80

32,6

12,0

3 вегетациялық суару+ N70P80

29,1

8,5

2 вегетациялық суару+ N80P80

38,7

18,1

2 вегетациялық суару+ N100P80

41,3

20,7

 

Жер асты сулары 3 м деңгейінде жатқан алқаптарда бірінші вегетациялык суару ѳскін алынғаннан 20-шы күні, ал кейінгілері 10-15 күннен кейін жүргізіледі. Вегетациялық кезеңде 3600-4200 текше метр мөлшерімен барлығы 6-7 рет суарылады. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жер асты суларының жайласу деңгейіне қарай қарбыздың төмендегі 21-кестеде көрсетілген суару тізбектерін ұсынады: