Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меланома кожи - копия.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
956.74 Кб
Скачать

Тері меланомасының эпидемиологиясы

Тері меланомасының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстан бойынша орташа есеппен 1,7%ооо тең, ал оның әрбір облыстарында бірыңғай емес (№12- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (3,0%ооо), Қарағанды (2,8%ооо), Қостанай (2,7%ооо), Павлодар (3,0%ооо) облыстарында және Алматы қаласында (2,8%ооо) тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш - Қызылорда (0,3%ооо) Оңтүстік Қазақстан (0,6%ооо), Ақтөбе (0,7%ооо), Атырау (0,7%ооо) және Жамбыл (1,0%ооо) облыстарында анықталған.

Тері меланомасының Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі (№13- сурет), осы заңдылыққа сәйкес келеді. Тері меланомасының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (3,0%ооо), Орталық (2,0%ооо), Солтүстік (2,1%ооо), өңірінде және Алматы қаласында (2,8%ооо), анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (0,8%ооо) тіркелген. Жалпы республика бойынша тері меланомасының аурушаңдық көрсеткіші орта есеппен - 1,7%ооо ге тең.

Жас пен жыныстық ерекшеліктері. Әйелдер ер азаматтарына қарағанда жиірек ауырады және неғұрлым жас ұлғайған сайын ауруға шалдығу мүмкіншілігі ұлғая түседі (70-тен асқандарда). Тері рагындағы жасқа байланыстылық, меланомада сезілмейді.

Эпидемиологиялық заңдылықтары: Жағырапиялық ерекшеліктер меланомада да кездеседі, бұл заңдылық ультракүлгін сәулесіне тығыз байланысты.

  1. Ультракүлгін сәулесіне көбірек қақталған сайын соғұрлым қауіпті, әсіресе, 12 мен 16 сағат аралығында, себебі бұл мезгілде ультракүлгін сәулесінің мөлшері (дозасы) өсіп, оның тікелей зианды әсері басым келеді.

  2. Меланомамен еуропалық ақ нәсілді этностар жиі шалдығады. Әсіресе, олардың шаштары және көздерінің қаралығы аз болса.

  3. Қазақстан және Қырғызстанға қоныс аударғандарда (еуропалықтар), жергілікті тұрғындарға қарағанда науқастардың саны мен аурушаңдық көрсеткіштері жоғары екендігі анықталған.

  4. Орта теңіз аймағында тұратындарда, еуропалықтарға қарағанда, тері меланомасы аз кездеседі, себебі олардың терісі пигментке бай, ол күнге қақталған кезде қорғаныс рөлін атқарады.

  5. Меланомада, өлім саны тері рагына қарағанда 5-6 есе жоғары, бұл меланоманың адам өміріне өте қауіпті ісік екенін білдіреді.

Кликалық түрлерімен белгілері

Меланома теріде өте жиі орналасады, ал көздің қарашығында, әйелдердің сыртқы жыныс мүшелерінде, қынапта және тік ішекте сирек кездеседі. Көбінесе меланома аяқта, кеудеде және қолда пайда болып, тек 10-20,0% жағдайда бас пен мойынды зақымдайды.

Меланома негізінде үш бағытта өседі: 1-тері үстімен, 2- терінің жан-жағына, 3- аралас тері ішімен және тері астымен. Тері үстімен өскен кезде көлемі жайылып ұлғаяды, мұны көлденең бағыттағы өсу дейді (№14- сурет). Бұл кезде терінің зақымдануы негізгі теріге дейін жетеді. Ал енді өсудің екінші деңгейінде ісік тік бағытта өсіп (№15-сурет), негізгі теріні зақымдап, одан соң бөгелме ісікті береді, және аралас түрде де (№16- сурет) кездеседі.

Меланоманың неше түрлі бағытта өсуі оның клиникалық белгілерін дер кезінде анықтауды қиындаты, сондықтан жоғарыда көрсетілген пигментті, пигментсіз қалдардың меланомаға айналуының 15 белгісін дер кезінде байқау маңызды іс.

Ісіктің асқынуы мынадай белгімен айқындалады - қалдың айналасында қара-қошқыл белгілер пайда болады, олар тері ішінде орналасады, мұны сателлит деп атайды, бұл меланоманың лимфа тамырлары арқылы таралғанын білдіретін белгі.

Кейіннен барып жоғарыдағы белгі теріде ойық жара пайда болғаны көрінеді, ол саңырауқұлақ тәріздес теріден сыртқа шығып тұрады, қою қара түсті, тез қанағыш жараға айналады. Бұдан басқа да клиникалық көріністер болады, ал пигменті жоқ меланомада тері папилломасы (1,9% ), ал 3,6% жағдайда ең алғашқы клиникалық белгісі алыстағы бөгелме ісіктер болып саналады.

Сондықтан мұндай жағдайда алғашқы ісік көзін табу оңайға соқпайды. Лимфа бездері өте жиі бөгелме ісікпен зақымданады, олар қара түске айналып, қолға қатты болып сезіледі. Осымен қатар, меланома айналасындағы тері де, тікелей бөгелме ісікке шалдығып, тәж тәрізді сателлиттер пайда болады. Бұлар бірімен-бірі бірігіп, теріде жайылмалы сателлиттер қаптап, тері ісініп, көкшіл-қызыл түсті болып, науқас адамды қатты мазалайды, аурсыну сезімі күшейіп, ісік ағзаға тарап, миды, өкпені, бауырды, сүйектерді зақымдайды.