Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меланома кожи - копия.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
956.74 Кб
Скачать

Суретті қараңыз!!!!!

Осы аталған қалдардың меланомаға айналудың 15 белгісі бар, олар болжамдық үлесінің «салмағына» қарай көрсетілген:

  1. Қал бетіндегі тері түсінің (суретінің) өзгеруі

  2. Қал бетінің жылтырап, тегіс болуы

  3. Кал шеттерінің ассиметриясы, көрінісінің бірқалыпты болмай (фестон тәріздес болып) өзгеруі (№10-сурет),

  4. Қалдың жайыла көлденең өсуі ,

  5. Қал айналасында қышу мен күйдіргі тәрізді сезінуі,

  6. Қалдың беті түлеп, құрғақ қабықтануы,

  7. Қал бетіндегі түгінің біртіндеп түсуі, не оның болмауы

  8. Қал-меланома түсінің жартылай (бірқалыпты емес), не толық өзгеруі, яғни пигменттің жоғалуы (депигментациялануы) ,

  9. Қал-меланома бетінде майда түйідердің пайда болуы,

  10. Қал-меланоманың айналасындағы тіндерден оқшауланып, тік өсуі,

  11. Қал-меланоманы сипап қарағанда тығыздығының өзгеруі ( жұмсаруы),

  12. Қал-меланома бетіндегі эпидермистің ойық жараға айналуы,

  13. Қал-меланома мен айналасының қабынуы,

  14. Қал-меланома бетінің ылғалданып, одан кан кетуі,

  15. Қал-меланома аналасындағы теріде пигменттелген, не қызылдау тәжі тәріздес өспелердің (саттелиттер) пайда болуы,

Патологиялық анатомиясы

Меланоманың гистологиялық құрылысы саналуан, бірақта, оларды клинико-гистологиялық түріне қарай төртке бөледі (11- сурет).

Соның ішінде ең көп кездесетін түрі беткей орналасқан жайылмалы (lentigo) түрі (70,0%), оның ерекше бір нұсқасы – веррукозды меланомасы – ол эпидермистің кератозы мен гиперплазиясы ретінде сипатталады. Екінші бір түріне – түйін тәрізді (nodular) меланома (15,0%) жатады. Үшіншісі – акрально-лентигозды (алақан- табанды және тырнақ асты), ал төртіншісі – қатерлі лентиго текті меланома (5,0%), соңғы түрі тағды екіге бөлінеді – десмопластикалы және нейротрофикалы болып.

Жалпы меланоманың клиникалық бағытын болжау үшін екі нәрсені анықтау керек: біріншісі - Қларк жіктеуі, ол ісіктің тері қабаттарының қаншасын зақымдағанын, екіншісі - ісіктің қалыңдығын Бреслау кестесі бойынша анықтайды. Бөгелме ісіктері қан, немесе лимфа ағымы бойынша таралады. Орташа есеппен 50,0% жағдайда меланома әруақытта бөгелме ісік береді, бұл теріде, лимфа бездерінде байқалады, оларды екіншілік бөгелме ісік деп атайды. Мұнымен қоса, бөгелме ісіктер бауырда (62%), өкпеде (67%), сүйектерде (49%), мида (38%), жүректе ( 44% ) және асқазанда ( 41% ) байқалады.

Меланоманың tnm жүйесі бойынша жіктелуі.

Өсу сатысы лимфа және басқа мүшелердің зақымдануы мен, ал негізгі жерде оның теріде таралуымен, оған қоса морфологиялық зерттеумен анықталады.

Т- бірінші ісік көлемі. Ол тек ісік тұтас сылынғаннан кейін анықталынады.

N-- аймақтық лимфа бездері.

- аймақтық лимфа бездері анықталмаған, белгісіз.

No - аймақтық лимфа бездері білінбейді.

N1 - зақымданған жағында қозғалмалы лимфа бездері бар,

N2 - зақымданбаған, немесе екі жағында, қозғалмалы лимфа бездері бар,

N2а - лимфа бездеріндегі бөгелме ісік көлемі 3см- ден асса,

N2б - сателлиттер көп болса,

N2с - соңғы екі жағдайдың екеуі де қабаттасып келсе,

М- - алыстағы бөгелме ісік.

Мо-- алыстағы бөгелме ісік жоқ.

М1 - алыстағы бөгелме ісік бар.

М1а- бөгелме ісік теріде, немесе тері асты май қабатында бар болса және ол аймақтық емес лимфа бездерінде орналасса,

М1б- ішкі мүшелер бөгелме ісікпен зақымданса. жарақаттанса.