Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меланома кожи - копия.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
956.74 Кб
Скачать

Tnm жүйесінің патогистологиялық жіктелуі (р tnm).

Бұл категория бойынша үш нәрсе еске алынады:

  • 1- ісіктің көлемі (мм )

  • 2- өсу деңгейі,

  • 3-сателлиттердің бар, жоқтығы (егер болса, онда ол негізгі көзінен 2-см ара қашық аймағында болса)

1965 жылы Кларк деген ғалым меланоманың тері астына өсуін 5-деңгейге бөлген:

1- деңгейі - ісік, терінің негізгі қабатындағы мембранасына дейін өсуі. Яғни ісіктің терідегі эпидермистің: 1-түлегіш, 2- мөлдір, 3- дәнді, 4- тегіс емес қабаттан өтуін айтады. Ендігі бесінші қабат базальды клеткасындағы мембраналық сызық болып саналады. Осымен эпидермис бітіп, одан соң негізгі тері қабаты (дерма) басталады.

2- деңгейі – ісік, эпидермистен өтіп, базальды мембранадан (сызықтан) асып, негізгі тері басталған жеріне жетуі,

3- деңгейі – ісік, негізгі терінің бірінші емізікті және екінші торлы қабаттары зақымданғанда,

4- деңгейі - ісік негізгі терінің ең соңғы қабатына шейін жетуі,

5- деңгейі - ісік, тері астындағы май қабатын зақымдауы.

Көрсетілген Кларк жіктеуімен қатар меланоманы болжау үшін ісіктің көлемі де шешуші рөл атқарады. Ол бойынша түйін қалыңдығын Breslow (1970) мына көлемге бөледі:

  • 0,75 мм,

  • 0,75-1,5 мм,

  • 1,5-4,0 мм,

  • 4,0 мм-ден үлкен.

Меланоманың көлемі (қалыңдығы) өскен сайын, оның лимфа бездерін зақымдаған сайын, оны болжау мүмкіншілігі қиындала түседі.

Негізгі ісік мына белгілермен сипатталады:

  • рТх - негізгі ісік көзін анықтау мүмкін емес,

  • pTo - ісік түйіні қолға сезілмейді,

  • pTis - ісіктің нөлдік өсу сатысы (қауіпсіз кезі),

  • pT1 - ісіктің көлемі 0,75 мм , Кларк жіктеуі бойынша, екіншісі,

  • pT2 - ісіктің көлемі 1,5 мм-ге дейін, Кларк жіктеуі бойынша үшіншісі,

  • pT3 - ісік 4,0 мм болып, Кларк жіктеуі бойынша төртіншісі,

  • рТ3-а - 3,0 мм-ге дейінгі ісік

  • рТ3-б - 4,0 мм-ге дейінгі ісік

  • pT4 - ісік 4,0 мм-ден асық болса, немесе Кларк жіктеуі бойынша тері асты май қабатын (V- өсу дәрежесі) зақымдаса, немесе сателлиттердің жалпы көлемі 2,0 см-дей болса,

  • pT4-a --ісік 4,0 мм-ден асық, ол тері асты май қабатына дейін жеткен,

  • pT4-б - сателлиттердің көлемі 2,0 см-ге дейін.

Патогистологиялық өсу деңгейлері, жіктелудің клиникалық бөліміндегі дей, рN өзгеріссіз келеді.

2002 жылдан бастап меланоманың жіктелуіне өзгеріс енді. Ол ресми түрде TNM жүйесінің У1- тексерісінде, көрсетіліп; өзгерістерге мыналарды жатқызды:

Инвазия деген ұғым, ол ісіктің терідегі өсу деңгейін, меланоманың көлемімен (қалыңдығымен) анықталатын болды, себебі бұл ұғым дәл болжам айтуға мүмкіндік береді.

Терідегі инвазия деңгейінің өзгеруі:

  • Т1 - инвазия -1мм-ден кем,

  • Т2 - инвазия 1мм-ден үлкен, бірақ 2 мм-ден кем,

  • Т3 - инвазия 2 мм-ден үлкен, бірақ 4 мм-ден кем,

  • Т4 - инвазия 4 мм-ден асса.

Енді осы жіктеуге терідегі жара кіретін болды:

  • жара болса, онда ол «б» деген белгі,

  • жоқ болса «а» деген белгімен, анықталынады,.

  • Лимфа бездерінің зақымдануы сандық өлшемге көшті.

Хаж-10- бойынша таңбалануы: c43 – тері меланомасы

С43.0 – еріндікі

C43.1 - қабақ терісі, оның қосылған жерімен

C43.2 - құлақ терісі және есту тесігімен

C43.3 - басқа бет терісі және анықталмаған бөлігімен

C43.4 - бас терісі және мойын

C43.5 - дене терісі

C43.6 - қолдың терісі, иық буынды қоса

C43.7 - аяқтың терісі , жабас буынды қоса

C43.8 - жоғарыда көрсетілгендерден басқа терінің зақымдануы

C43.9 - терінің анықталмаған бөліктері