Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушерство реферат.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
204.61 Кб
Скачать

Дәрілік заттар

Органогенез фазасында (14 аптаға дейін) жүйке түтігінің даму аномалиясын ескерту үшін және туа пайда болған кретинизмде кез келген дәрілік заттарды қолданудан бас тарту қажет. Дозадағы фолий қышқылы тәулігіне 4 мг кем емес және калий йодиді тәулігіне 200 мг болу керек. Оларды қабылдауды ертерек бастау қажет, мінсіз жағдайда- жүкті болу туралы шешім қабылдағаннан бастап, басқа жағдайда-жүктілік фактісі анықталған кезден бастап. Дені сау әйелдерге  барлық кезең аралығында кез келген препараттарды қолданудан бас  тарту қажет.

Медициналық көмекке жүгінген кезде әйелдің өзі медициналық қызметкерді немесе кез келген мамандық дәрігерін ықтималдылық немесе жүктіліктің болуы туралы, әсіресе ерте мерзімдерде ескерту қажет. Созылмалы аурумен ауыратын жүкті әйелдерге емдеуші дәрігерімен бірге жүктілікке бірге дайындалуы қажет, ерте мерзімдерде препараттарды қабылдауды төмендету мүмкіндігі болу қажет немесе олардан уақытша бас тарта тұру қажет.  Жүктілік кезеңінде дәрілік заттарды қабылдау қажеттілігін емдеуші дәрігер бақылап отырады.

Әйел үшін бала туу - өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Нәрестенің жайлы күйі, ана мен бала қосылуынан қуаныш пайда болуы әйелдің босануға жақсы дайындығына, көңіл күйіне, эмоциялық толқуына байланысты. Босану барысында қауіп-қатер болмаған жағдайда деңі сау әйелдің табиғи мінезіне тән физиологиялық босануға жағдай жасалынады.

Босануға жан-жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Бұндайда әйелдер «жеңіл босану» деп айтылатын сезім бастан кешіреді, және бұл өмір кезеңі ауырсыну, қорланушылық, қорғанысыздық естеліктерімен күнгірттенбейді. Сондықтан босануға дайындалған уақыт текке кетпейді. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Екінші және келесі бала туу алдында да ата-аналар аз уайымдамайды. Кейбір туысқандар әйелдің хал-жайын әдеттегідей, көп назар аударуды қажетсіз деп қабылдайды, кейде жүктілікке, әсіресе үшінші, төртінші бала болса қарсы болады. Әдетте, үлкен балалары анасының өздеріне назар аударуын қажет етеді, сондықтан көпжағдайда оның өзінің күйін қарауға, болашақ нәрестені ойлауға уақыты қалмайды.

Барлық айтылған жайттарға қарамай, жүкті әйел өзін рухани және тәні жағынан өмірінің маңызды оқиғасына дайындау қажеттілігін түсіну керек. Ол үшін дәрігерлер босану процесіне қатысты бұлшық еттерінің икемділігін дамыту мен жаттықтыруға бағытталған арнайы гимнастикалық жаттығулар кешенін орындауды ұсынады. Бұл жағдайда бассейндегі жаттығулар маңызды, олар әйелге дұрыс тыныс алуды үйренуге, босануға қатысатын бұлшық еттерінің созылуына және босаңсынуына арналған жаттығуларды орындауға көмектеседі.

Жүкті әйелге дұрыс тамақтану, сусын ішу, көп серуендеу, салауатты өмір салтын ұстау өте пайдалы. Бақытты ана болу үшін әйелге тәнінің дайындығынан басқа, психологиялық көңіл керек. Бұл кезде жүкті әйелге үй ішінің қарым-қатынасы өте маңызды, бәрінен бұрын жұбайы мен үлкен балаларының дұрыс көңілі. Қаншалықты адамдардың қатынасы сыпайы және жылы болса, соншалықты жүкті әйел өзін қолайлы сезінеді, жатыр да босансып, қанмен жақсы қамсызданады, сондықтан іштегі нәресте жақсы дамиды. Жүкті әйелдермен сабақ өткізу алдында тұлғаның психоэмоционалдық қалпын анықтау үшін тестілеу өткізіледі. Дайындықтан өтпеген әйелдердің мазасыздығы жоғары деңгейде болады, кейде олардың арасында депрессивтік жағдайлар да кездеседі. Тестілеу нәтижелері сабақ кездерінде жеке психологиялық коррекциялау үшін пайдаланады. Босануға психологиялық жағынан дұрыс дайындалған әйелге медикаментоздық басу қажеттілігі туындамайды, өйткені ауырсынуы бақытты сезімге ауысады. Физиологиялық босану барысында туған нәрестелер жыламай дем алады және кейде 5-10 минуттан кейін жымия да алады Бұл «өмірдің қиын тұсынын» өткендігінің белгісі, және бұндай сәтті жағдайлар тағы да қайта бала көтеруге ықылас туғызады және босану бағдарламасына әлуметтік маңыз береді.  

Босануға не алу керек?

Алмастыру картасы

Жеке куәлігі

Киім-кешек:

Халат

Шұлық

Екінші аяқ-киім

Бірреттік іш киім

Жеке гигиенға арналған құралдар

Нәрестеге арналған заттар:

Шұлық -2 дана

Кеудеше -2 дана

Бас киім -2 дана

Памперстер.  

Емшектегі бала- анасының сүтін еметін сәби. Бұл кезеңде баланыңденсаулығының, ақыл-ойы мен организмінің өсу негізі қаланады. Дені сау бала өсіріп, оны дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін бала организмінің осы кезеңдегі кейбір ерекшеліктерін жете білу керек.

Өсу кезеңдері

  • Емшектегі кезеңі (бір жас толғанға дейін).

Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге көндіктіру үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің функцияларын өзгертуге тура келеді. Емшектегі баланың органдары мен клеткаларының анатомиялық - физиологиялықерекшеліктері, иммунитет қабылдау мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігі әр түрлі ауруларға шалдығуын күшейтіп, олардың ұлғаюына себепші болады.

Емшектегі баланың дене салмағы

Емшектегі баланың дене салмағының артып, бойының өсуі оның жалпы дамуына тән қасиет.

  • Баланың туған кездегі салмағы:

    • мерзімінде туған (39—40 аптадан кейін туған) ер баланың салмағы 3500±450 грамм;

    • қыз баланың салмағы 3300±460 грамм;

    • бойлары 47—56 cм аралығында болады (кейде 50—51 cм).

  • Салмақ қосу барысы:

    • алғашқы айда сәбидің дене салмағы 700—800 грамға дейін өседі де, кейін біршама баяулайды;

    • бірінші жарты жылдықтың әр айында 600 грамнан;

    • екіншісінде — 500 грамнан.

  • Баланың салмағы 5—6 айлығында 2 есе, ал бір жасқа толар шағында 3 есе өсіп, 10-11килограмға жетеді.

  • Ірі болып туған балаларға қарағанда жеңіл салмақпен туған балалар айына салмақты көбірек қосады.

  • Бойларының өсу барысы:

    • емшектегі баланың бойы да айтарлықтай өседі, бір жасқа толарда баланың бойы орта есеппен 25 см өседі;

    • нәрестенің бойы алғашқы 4 айда шапшаң өседі де, айына 3 cм қосып отырады, бұдан кейін бойының өсу қарқыны біртіндеп баяулайды:

      • 4 айлығынан 6 айлығына дейін айына 2—2,5 cм;

      • 7 айлығынан 9 айлығы аралығында айына 2 cм;

      • 10 айлығынан 12 айлығы аралығында айына 1,5 cм.

Дене күтімі

  • Емшектегі баланың әсіресе жаңа туған нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де, ол тез жарақаттанады. Сондықтан дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды.

  • Сүйек тканьдерінде тұз аз болғандықтан, олар шеміршек тәрізді майысқақ болып келеді де, сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, егер баланы жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), тез қисаяды.

  • Сәбидің бас сүйегі онша жетілмей туады, бас сүйектің қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады. Оны еңбегі деп атайды. Ол балаға 9—14 ай толғанда қатады.

  • Емшектегі баланың басы үлкен болады:

    • жаңа туған нәрестенің басының шеңбері 34—36 cм;

    • бір жастағы баланың басы 45—46 cм.

  • Қолы мен аяғының ұзындығы бірдей, ал бойының ұзындығына қарағанда аяғы біршама қысқа келеді.

Дене температурасы

Ересектердің температурасына қарағанда емшектегі нәрестенің температурасы 0,3—0,4°С жоғары болады. Олар сыртқы температураның өзгерісін тез сезінеді, тіпті оның әсерімен сәбидің денесінің температурасы да өзгеруі мүмкін.

Тыныс алуы

  • Емшектегі баланың өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, олар ауаны ересектерге қарағанда екі есе көп қажет етеді, өйткені олардың тыныс алысы жиі, біркелкі емес.

  • Бала бір жасқа толарда өкпесі мен тыныс алу бұлшық еттері жетіледі, тыныс алысы сиреп, тереңнен тыныстайтын болады.

Жүрек тамырлары

  • Жаңа туған нәрестенің жүрек тамырларының жүйесіне күш көп түседі.

  • Баланың тамыр соғуы жиі өзгеріп отырады (мысалы, бала қатты жылаған кезде минутына 160—200 рет cоғатын болады).

  • Нәрестенің өсуіне қарай оның күре тамырының қысымы арта түседі:

    • 3 айлығына дейін оның мөлшері орта есеппен сынап бағанасымен 75/50 мм;

    • 9—10 айлығында—90/65 мм-ге жетеді.

Тісінің шығуы

  • Тіс жару барысы:

    • дені сау бала 6—8 айлығында тіс жарады (төменгі екі тісі);

    • 8—10 айлығы аралығында үстіңгі 4 тісі;

    • бір жасқа толғанда тағы да төменгі 2 тісі, сөйтіп1 жасқа толған балада 8 тіс болады.

  • Тіс шығу кезінде асқазанның бұзылғаны(іш өту, тәбеті қашу, аузынан сілекей ағу), қызыну, мазасыздану, ыстығы көтерілу, ұйқысы қашу сияқты процестер байқалады. Бірақ мұндайда ем қолданудың қажеті жоқ.

  • Баланың организмі кешеуілдеп, жәй өскенде, әсіресе мешел баланың тістері кеш шығады.

Нәресте организмінің өмірге бейімделу ерекшеліктері

  • Ішек құрылысы органдарының жүйке жүйелерінің толық жетілмегендіктен, сәбидің дүниеге келген алғашқы айларында асты дұрыс қорыта алмауы: құсуы, іші кебуі, кекіруі, дәретке жиі отыруы т. б. мүмкін.

  • Кейде бала емшек емгенде өңешіне ауа кетсе шашалады, кекіреді, құсады.

  • Бала емшекті жиі емсе, оның денсаулығының жақсы болғаны.

  • Кез келген аурудың алғашқы белгісі — сәбидің бей-жәйлікке түсуі немесе емшектен бас тартуы.

  • Емшектегі бала алғашқы апталарда дәретке тәулігіне 4—5 рет, ал жыл аяғында 1—2 рет отырады. Нәресте туғаннан кейін алғашқы 3 күн ішінде кіші дәретке онша көп отырмайды (тәулігіне 4—5 рет), бірақ алғашқы аптаның аяғында, 2-аптаның ортасында тәулігіне 20—25-ке дейін кіші дәретке отырады да, жасқа толарда ол 15—16 ретке дейін азаяды.

  • Нәрестенің жүйке жүйелері толық жетілмей, жұтыну, есінеу т. б. шартсыз рефлекстерімен туады ауруға, ыстық, суыққа реакция).

  • Сәби жарықты жақсы сезінеді, бірақ естуі нашар болады.

  • Емшектегі бала тез қалжырайды, сондықтан ол тәулігіне 17—18 сағаттан кем ұйықтамауы керек.

  • Сәбидің организмі анасынан алған иммунитеттің арқасында кейбір инфекциялық ауруларды қабылдамайды.

  • Сонымен бірге баланың организмінде ірің тудыратын көптеген микробтарға қарсы тұратын қорғаныс күштері жеткіліксіз болады, сондықтан емшектегі бала мұқият күтуді қажет етеді.

Нәрестенің бейімделуінде емдеуді қажет етпейтін туындайтын жағдайлар

Оларға жататындар:

  • дене массасының физиологиялық кішіреюі - бұл процестер барлық нәрестелерде алғашқы 3-4 күн ішінде байқалады. Сәбиді дұрыс тамақтандырып күткенде, баланың денесі 4-5 күннен кейін біртіндеп өсе бастайды да, 1-ші аптаның аяғы мен 2-ші аптаның ортасына қарай бастапқы өз салмағына теңеседі;

  • терінің физиологиялық талаурауы - тері алғашқы 1-2 күн ішінде талаурап, қызарады. Бұл әсіресе баланың буындары мен өкшелерінде бірнеше сағаттан 2-3 тәулікке дейін созылады да, содан кейін түлей бастайды;

  • токсикалық эритема (қызару) - терінің жалпы қызаруымен бірге пайда болатын әр түрлі бөрткен. Ол жаңа туған нәрестелерде көп кездескенімен, 2 тәуліктен кейін ешқандай залалсыз, өзінен-өзі із-түзсіз жоғалып кетеді;

  • транзиторлық безгек - нәресте туғаннан кейін 3-4 күн ішінде, су алмасуының бұзылуы себепті, сұйық заттарды жеткіліксіз қабылдаумен байланысты пайда болады; мұндай жағдайда ыстығы 40°С -ге дейін көтерілуі мүмкін; бала мазасызданады. Ішінде сұйық жібергеннен кейін (қайнаған су, глюкозаның 5 проценттік ерітіндісі, шай) безгек басылады;

  • жыныс кризі - баланың сүт бездерінің ұлғайғаны байқалады (жынысына қарамайды); кейде қыз баланың жыныс органынынан шырыш пен қан бөлініп шығады да, 2-3 күннен кейін тыйылады. Жаңа туған баланың жыныс кризі алғашқы 3-7 күн аралығында байқалады. Үлкендігі бұршақ дәніндей немесе түйе жаңғағындай бездер ойнамалы болады, ол аздаған ақшыл сұйықтан тұрады. Оның ісігі 2-3 аптадан кейін қайтады. Сондықтан емдеуді қажет етпейді; жиналған сұйықты қолмен сығып шығаруға болмайды. Сүт бездеріне инфекция түсіп, қабынуды болдырмас үшін тазалықты қатаң сақтау керек.

Қимыл-қозғалысы мен психикасының дамуы

  • Нәрестенің ай сайынғы дамуындағы өзгерістер:

    • 1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады;

    • 2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді;

    • 3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды;

    • 4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды;

    • 5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады;

    • 6 айлығында демеп ұстамай-ақ өзі құйрығын басады, немесе тік тұрып, аяғын басуға талпынады;

    • 7 айлығында еңбектейді, өздігінен отырады, тізерлеп тұрады, қолынан ұстап демесе, аттап қадам басады,ойыншықтарын бір қолынан екінші қолына алмастыра алады;

    • 8 айлығында өздігінен отырады, басын өзі көтере алады, бір нәрседен ұстап жүруге талпынады;

    • 9 ай толғанда қаз тұрады және қолынан жетектесе қаз-қаз басады;

    • 10 айлығында өздігінен отырып тұрады, үстелді айналып жүреді, бір қолынан ұстаса, алғашқы қадам жасауға талпынады;

    • 11-12 айлығында бір қолынан ұстағанда жақсы жүреді, демеп ұстамай-ақ өздігінен жүруге талпыныс жасайды, сүйеусіз-ақ отырады, жерде жатқан затты тізерлемей жерден көтеріп алады.

  • Сана-сезімі мен тілінің дамуы:

    • нәресте дүниеге келгеннен кейін 2-аптада-ақ оянғаннан кейін бірнеше минут көзін ашып жатады, қарны ашқан кезде жылай бастайды, саусағын сорады;

    • анасы емізерде бетін солай қарай бұрып, аузын ашады, емуге ыңғайланып, жұтынады;

    • 1 айлығында ширап, аяқ-қолын ербеңдетеді, басын жан-жаққа бұрады, түрлі-түсті заттарға көз тоқтатып қарайды;

    • 2 айлығында дауыс шыққан жаққа мойынын бұрады, ашық түсті зат көрсетсе, емгенін тоқтатады, әр түрліэмоциялық реакция пайда болады, өзіне қаратып айтылған сөзге езу тартып шалықтап, "гуілдейді";

    • 3 айлығында дыбыс шыққан жақты сезеді де, сол жаққа бұрылады, кәдімгідей күледі;

    • 4 ай толғанда заттың қозғалысын көзімен бақылайды, бөтен адамға жатырқап қарайды, іліп қойған ойыншықрады түрткілеп ойнайды, оларды ұстайды;

    • 5 айлығында анасы мен туыстарын жақсы таниды, өзіне қаратып айтылған дауысты ажырата алады, іліп қойған ойыншық, сылдармаққа қолын созып ұстап, көпке дейін босатпайды;

    • 6 айлығында ойыншықтарға көңіл аударады, оларды қолына ұстап көтеріп, бір орыннан екінші жерге алып қояды, сөз буындарын айтуға алғашқы талпыныс жасайды, қасықпен берген тамақты іше алады, тағамды көргенде аузын ашады;

    • 7 айлығында айнадағы өз келбетіне қарай талпынады, көп уақытқа дейін уілдеп "сөйлейді", бір орында тұрған затты көзімен іздейді, қолда қолға ұмтылады, сөдің жеке буындарын ("ма-ма", "а-па") жақсы айта алады;

    • 8 айлығында ересектердің өтінішімен үйреткен қимылдарды қайталайды, көзіне түскен затты қолына алуға немесе іздеп табуға тырысады, ойыншықтарға анықтап қарайды, бір-біріне соғады т.б.;

    • 9 айлығында әр жерде жатқан ойыншықтарды іздеп табады, кейбір сұрағаныңды орындайды, ұсақ заттарды жинастырады, жәшіктегі ойыншықтарын алып ойнайды;

    • 10 айға толғанда қарапайым сөздерді айта алады, атаған ойыншықты өзі іздеп табады, тыйым салғанды ұғады, жасырынбақ ойнайды (бетіне жаялығын бүркейді);

    • 11-12 айлығында көптеген заттардың атауын біледі, 10-12 сөзге тілі келеді, дене мүшелерін айырып көрсете алады, көресткен және бұрын таныс әрекеттерді қайталайды, сондай-ақ жаңадан әрекеттер жасайды т.б.

Баланы шомылдыру

  • Нәрестені алғашқы 5-7 күн ішінде ваннаға отырғызып шомылдырмай (кіндігі түскенше), тек күн сайын сабындап, жылы сумен жуындырады.

  • Нәрестені шомылдыратын судың температурасы 35-36°С болуы тиіс; ал алғашқы аптаның ішінде судың температурасын бұдан да жылы жасайды (36-37°С).

  • Бөбекті шомылдыратын бөлменің температурасы 20°С-дан төмен болмауы керек.

  • 6 айға толмаған баланы ваннада 5 минуттан артық ұстауға болмайды, ал 6 айдан асқан соң 10 минут шомылдырады.

Баланы серуендету

  • Жаз айларында туған балаларды әйелдер босанатын үйден шығысымен-ақ далаға шығаруға болады, ал қыста туған баланы ауаның температурасы 10°С -ден төмен болмаса, 2-3 аптадан кейін шығарады.

  • Алғашқыда 10 минуттан артық серуендетуге болмайды; ал бір айлық бала таза ауада 40 минут болғаны жөн. Кейін бірте-бірте 5-10 минуттан қосып отырады да, сәби 3 айға толғанда серуенге шығу уақытын күніне 4 сағатқа дейін (қыста) жеткізеді.

  • Суық уақытта 2,5-3 айлық баланы күніне 2-3 рет далаға шығарып тұру керек, бірақ барлығы 2 сағаттан аспауы тиіс.

  • Бүлдіршінді далаға шығарда ауа райына қарай киіндіреді.

Бала ойыншықтары

Ойыншықтарды баланың жасына қарай алу керек, бірден көп алуға болмайды, бала бір ойыншыққа көңіл аударуына, зер салып қарауына мүмкіндік жасау керек.

  • 3 айлық балаға ойыншық тек көңіл аударып қарау үшін ғана қажет (шар, балық, үйрек т.б.);

  • 3 айдан 6 айға дейінгі балаға қолына ұстатуға ыңғайлы ойыншықтар;

  • 6 айдан бастап әр түрлі пішінді дыбыссыз, дыбысты ойыншықтар. Дыбысты ойыншықтар бала тілінің жетілуіне және сөзді түсінуіне ықпал жасайды;

  • 9-12 айлық балаға шығыршықты пирамидалар, текшелерді беруге болады.

Босанғаннан кейін қолданылатын контрацепция әдістері

ЖАТЫР ІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС) Жатыр ішілік сайман жүкті болып қалмау үшін қолданылады. Оның тиімділігі 97%. Өзге шаралардан айырмашылығы ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану- ын болдырмайды, ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді, яғни оны мезгіліне жетпей түсікке айналдырады. Кейін бұдан жүктілікке жеткізбейтін әдет қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, бұрын бала тумаған әйелдердің мұны пайдаланбағаны жөн. а. ЖІС тиімділігі. нәтижелігі жоғары; басқа жүйелердегі зат алмасу процестеріне зиянды әсері; жатырішілік сайманның бір реттік процедурасын ұзақ уақыт (3-5 жыл) қолдануға болады; егер әйел бала көтергісі келсе, ЖІС –ды алдырғаннан кейін 4-6 айдан соң оны қайта салдыруға рұқсат етіледі және осы аралықта жүктіліктен сақтануға өзге тәсілдерді қолдануға болады; б. Әсер етуі. Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты. ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді. Бір уақытта жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес. в. Зиянды әсері. Жатырдан қан кету. ЖІС негізгі алып тастау себебі , менструацияның тоқтамауы және менструация аралығындағы қан кетулер. Сол кезде міндетті түрде темір препараттарын ішу керек және психотерапия сеансын жүргізу тиіс. Көбінесе бөтен дене жатырға еніп бейімделгеннен кейін қан кетулер азаяды. Егер қан кетулер тоқтамаса жатыр ішілік сайманды алып тастау керек.   Жатыр түбінің перфорациясы. Бұл ЖІС – ді қолданғанда болатын ауыр асқынулардың бірі. ЖІС – ні енгізгенде біріншілік тесілу мысалы: 1000 процедура ішінде 1 жағдай кездеседі. Егер тексеру кезінде дәрігер жатыр мойнында бақыланатын жіпті көрмесе әйел ЖІС – нің түсуін байқамаса тез арада жатыр түбінің тесілуі деп қорытынды жасау керек. Дұрыс қойылған сайман әйелдің де, еркектің де жыныстық қарым қатынасына ешқандай кедергі жасамайды. ЖІС жатыр қуысына өсіп кетуі және жіптің қуысқа тартылып кетуі мүмкін.   Инфицирлену. Жатыр қуысына жатыр қуысына ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 24 сағат аралығында қалыпты жағдайда стерильді болып есептеледі. Осыдан кейін бактериялармен инфицирленеді , бірақ көп жағдайларда табиғи қорғаныс күштері бұл бактерияларды жойып жібереді. ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 2 аптада жамбас мүшелерінің инфицирлену жиелігі жоғары болады, уақыт өткен сайын біртіндеп төмендей бастайды. г. Қарсы көрсеткіштер. Жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары; Жиі өршитін созылмалы қабыну аурулары; Инфекциялы – септикалық аурулар және әр – түрлі этиологиялы қызба; Жатыр ақауларының дамуы; Истмико – цервикальді жеткіліксіздік; Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері; Менструальді циклдің бұзылуы; Анықталған немесе мүмкін болатын жүктілік; Жүктілікке байланысты асқынуы.

БАРЬЕРЛІК КОНТРАЦЕПЦИЯ ӘДІСТЕРІ Барьерлік контрацепция әдістері (диафрагмалар, мүше қаптар, губкалар және спермицидтер) жүкті болудан, ЖЖЖС – дан, басқа гинекологиялық аурулардың дамуынан, әсіресе жатыр мойны карциномасы даму қаупін төмендетеді. Ұрықтандыруға қарсы заттардың зианды әсерлері тәжірибиеде аз деп есептеледі. Келесі барьерлік контрацепция түрлерін: ерлердің ( мүшеқап – сперманың қынапқа кіруінен сақтайды ) және әйелдердің (диафрагмалар, губкалар және спермицидтер) деп бөледі. Мүше қаптар тиімді, қауіпті емес және салыстырмалы арзан, ЖЖЖС – дан сақтайтын жеке әдіс. Оны басқа контрацепция әдістерінде ЖЖЖС – дан сақтануға қосымша әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс мына жағдайда пайдалы, егер серіктер әр жыныстық қатынас кезінде қолданса. а. Тиімділігі келесі фактрларға байланысты болады:  Серіктер жасы (жасы үлкен серіктерде фертильділік төмендейді). Жүкті болуды ескерту немесе жанұяны жоспарлауды кейінге қалдыру. Серіктердің жоғары деңгейдегі білімділігі. Жүктілік болу жиілігі 1 жылда 100 әйел ішінен 5-10 жағдай кездеседі. б. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар. Латексті мүшеқаптар ауа, су және микроорганизмдерді өткізбейді. Сондықтан ЖЖЖС – дан сақтайды. Ал, басқа материалдардан жасалынған мүшеқаптар мұндай қасиет көрсетпейді, келесі қоздырғыштармен шақырылатын ауруларды өршітеді. в. Жатыр мойнының карциномасы. Ұрықтануды болдырмайтын барьерлік заттар жатыр мойнын онкологиялық аурулардың дамуын тудыратын  себептерден сақтайды. Бірақ мүше қаптар жатыр мойнының дисплазиясын тудыруы мүмкін. Спермицидтер. Оған гелдер, аэрозольді көпіршіктер, көпіршікті және көпіршіксіз суппозиторилер жатады. Бұл әдәсті диафрама, губка және мүше қаптармен бірге қолданады. Бірақ, әйелдердің 3% ғана спермицидтерді қолданады. а. Әсер етуі. Барерьлік контрацептивтер активті компонент тез бөледі және қынаппен жатыр мойнынна жайылу қабілеті бар. Спермицидтер жатыр мойнына сперматозоидтардың кіруіне физикалық бартер ретінде кедергі жасай алады. Жатыр мойны шырышына енген сперматазоид бөлігіне спермицид әсер еткен соң, фуртильдік қасиетін төмендетеді. Спермицидтердің активті ингридиенттері сперматозоидтардың қозғалғыштығын аналық клеткаға енуін жүргізетін фермент активтілігін төмендетіп, оларды жояды. Беткейлі – активті заттар ( мысалы ноноксинол 9 және октоксинол 9) сперматозоидтың сырқы мембранасын бұзады. Фермент ингибитрлары ( мысалы, госсипол) – спермостатиктер; олар сперматозоидты жүргізетін ферменттердің активтілігін төмендетеді және фермент акросомалары (мысалы, гиалуронидаза және проакрозин ), ұрықтану кезінде аналық клетканың мөлдір қабатынан сперматозоидтың өтуіне кедергі жасайды. б. Жүктілік болу жиілігі бір жылда 100 әйел ішінен 5 – 25 жүкті болады, ол бірнеше факторларға байланысты мысалы, егер спермицид жатыр мойнын толық жаппаса, онда оның әсері нәтижесіз. в. Зианды әсері. Қазіргі қолданылып жүрген спермицидтердің зиянды әсері табылған жоқ. Әйелдердің спонтанды аборт жасау жиілігі және ұрықта, балада туа пайда болған ақаулар қаупі жоғарлайтын болса спермицидтерді қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады.

ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ЖҮКТІЛІКТЕН ҚОРҒАНУ Босанғаннан кейін әйел организмінде аса қажетті физиолгиялық процестер, әсіресе жыныс жүйесінде өзгерістер болады. Босанғаннан 7-8 апта өткен соң жатырдың шырышты қабаты қайта қалпына келеді. Сегізінші аптада жатыр көлемі 3 – 5 см3 кішірееді. 6 аптада емізбейтін әйелдердің 5% және емізетін әйелдерде 15 % жағдайда овуляция процесі болады. Емізетін және емізбейтін әйелдерде менструальды цикл орташа есеппен 9 – 18 аптада қалпына келеді. Фертильділікті осы кезеңде реттеу басты роль атқарады. Бұл кезде лактациялық аминорея әдісі ( ЛАӘ) қолданады. ЛАӘ — контрацептивті әдіс, ана сүтімен емізуге негізделген. Бірақ уақытша контрацептивті әдіс деп есептелінеді. ЛАӘ жүктілік болудан табиғи түрде қорғайды. Бұл әдіс баланың бірінші 6 — айында нәтижелі болады, бірақ берілген критерилерді қатаң түрде сақтасақ. (Лактациялық аменорея жайлы толықтай мына жердегі материалдан біле аласыз) Лактациялық аменорея қолдану критерилері: Босанғаннан кейін бірінші 6 – айға дейін; Әйелде аменарея болса; Әйел балаға тек емшек сүтін берсе; Ана сүтті баланың қажетінше емізіп, басқа тамақ бермеу керек; Күніне 6 реттен аз емес ( түнгі емізуді қоспағанда ) ;

ХИРУРГИЯЛЫҚ КОНТРАЦЕПЦИЯ Қазір көп елдерде хирургиялық контрацепция әдісі кең қолданылады. Ерікті хирургиялық стерилизация ( ЕХС ) 2 түрге бөледі: әйелдердің ерікті хирургиялық контрацепциясы және ерлердің хирургиялық контрацепциясы. ЕХС туралы консультацияға келген клиент толық танысады. Әдістің тиімділігі: тұрақты бір ретті шешім қабылдау, жүктіліктен қорғанудың табиғи және тиімді болуына байланысты. Асқынуы: ЕХС, басқа операцияларға сияқты белгілі асқынулар болады (қан кетулер, қабыну процестері немесе оның асқынулары). Бірақ дамушы елдерде стерилизация жүктіліктен сақтануға қоданылатын басқа әдістермен салыстырғанда 30 – 80 рет қауіпсіз. Пациенттер, яғни әйел / еркекке қатысты сұрақтарды толық сұрауға мүмкіндігі бар. Тек әдісті толық түсінген жағдайда жанұяны жоспарлау дұрыс болады. Пациенттердің хирургиялық әдісті таңдауы және оған шешім қабылдауы өз еркінде. Консультант пациентке ЕХС – тің бар этаптарын, зиянды әсерлерін және асқынуларын, фертильді қабілеттің қайтымсыз екенін, жыныстық фукцияға және денсаулыққа әсер етпейтінін түсіндіруі тиіс. ЕХС – ті босанғаннан кейін 4 аптаға дейін жасайды. Егер 4 аптадан аса басқа контрацепция әдісін қолдануға ұсыныс беріледі. ЕХС – ті пациенттің арнайы медициналық картаға келісімі жазылғаннан кейін жасайды.  Әйелдерге арналған ерікті хирургиялық контрацепция Әйелдердің ЕХС хирургиялық контрацепцияның қауіпсіз әдісі болып саналады. Қарастырылған мәліметтерге сүйенсек операциядан кейін 100 мың адамнан 10 адам өлім санын құрайды. Ал дамыған елдерде 100 тірі туған елдер ішінен ана өлімін 300 – 800 адам құрайды екен. Әйел стерилизациясын босанғанан кейін немесе жүктілікті үзгеннен соң жасауға болады. ЕХС аналық клетка мен сперматозоидттың ағып

келіп қосылуын болдырмау үшін жатыр түтігінің өткізгіштігін блоктау мақсатында жасайды.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. « Ана мен Бала»

  2. «Уход за новорожденным» Рылова Н.Ю.

  3. «Акушерство» Аймалазян Э.К.

  4. «Педиатрия» Шабалов Н.П.