Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vicia faba (Автосохраненный)1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.85 Кб
Скачать

Vicia faba l. Түрінің зерттелу тарихы

Ботаникалық объект ретінде атбұршақтардың зерттелуі Линнейге дейін басалды. XVI және XVII ғасырлардағы маңызды жұмыстар жинақтарының барлығында дерлік бұл өсімдіктің морфологиялық белгілерінің қысқа сипаттамаларын табуға болады.

Сол уақыттағы ботаниктер атбұршақтарды негізінен 2 топқа бөлген: ірі дәнді Faba vulgaris (Tragus 1552, Fuchsius 1542, Cordus 1561); Phaseolus saitvus немесе major (Dodonaeus 1578,1616); Faba major recentiorum (Lobelius 1576); Faba major hortensis (Ger. 1597); Faba sativa (Park. 1640); Faba leguminosa seu cyamos (J.Bauhin 1651); Faba major or major hortensis (Blackwell. 1737); Faba major (Weihmann 1739); және ұсақ дәндермен Faba silvestris (Matthiolus 1565, Camerarius); Faba minor (Lobelius 1576); Phasrolus minor (Dod. 1578); Faba minor communis (Ger. 1597); Faba minor sylvestris (Park.1640); Faba minor sive equine (C.Bauhin 1623). Кейінгі авторлардан алғаш Morisson (Hist. Oxon. 1680) оларды үш топқа бөлген: ірі дәнділер – Faba compressa major seu hortensis recentiorum alba et ruba Moris.,; ұсақ дәнділер – Faba rotunda oblonga seu cylindracea minor seu equine alba et nigra Moris. және ортадәнділер – Faba rotunda oblonga seu cylindracea media alba Moris.

Faba аталатын өсімдік түрлерін ерекше топқа бөлудегі негізгі ерекшелік белгілеріне: тік, қатты, іші қуыс сабақ, бозғылт түсті етті жапырағы, алдыңғы бөлігінде ұсақ қара жолағы бар ірі дәндер, қара дақтары бар ақ гүлдер жатады.

Линнейдің ізашары Турнефор 1719 жарық көрген Institutiones кітабында атбұршақтың 8 түрі жайында айтылған:

1) әдеттегі ақ-қара гүлді,

2) қызылкүрең-қаралау түсті гүлді,

3) өте ұзын атбұршақ,

4) орта, жалпақ дәнді атбұршақ,

5) домалақ дәнді, өте қысқа атбұршақ,

6) ақ целиндр тәрізді, ұсақ, дөңгелек дәндер,

7) қара целиндр тәрізді, ұсақ, дөңгелек дәндер,

8) өте ұсақ, цилиндр тәрізді дөңгелек дәндер.

Өсімдіктің жалпы сипаттамасында Турнефор тағы бір маңызды сипаттамалық белгісін қосқан: жапырақ сабы сүйірленіп аяқталады.

V.faba-ны зерттеу тарихындағы маңызды кезеңі Линнейдің Species plantarum-ның алғашқы басылымында алғаш рет Faba мен Vicia түрлерін біріктірген 1953 жыл болып саналады.

Линнейге дейінгі кезеңдегідей V.faba классификациясы негізінен дән белгілері: көлемі және пішініне негізделеді.

1807 жылы Person дәні орташа көлемді b equine: seminibus6 fol. ovato – oblongis атты үшінші топты бөліп көрсетеді.

1841 жылдан үш топқа бөлу басым бола бастап, бастапқы мардымсыз мәліметтер барынша анықтала бастады. Мысалы, Harz 1885 жылы сандық өлшемдерді дәннің ұзындығы мен салмағы шегінде ғана емес, алғаш рет дәндегі жолақтардағы айырмашылықтарға көңіл бөлді. Оның сипаттамасы жаңа сипаттамаларға барынша келеді.

Осылайша, тұтас жүзжылдық шамасында классификация негізі тұрақтала түсіп, барынша ұсақ таксономиялық бірліктер тереңдетіле зерттеле бастады. Осылай, 1866 жылы Alefeld өзінің Landwirtschaftliche Flora еңбегінде 42 форманы, Kornicke 1873 жылы 54 форманы келтіреді.

Бір ескере кететін жайт, бұл өсімдікке арналған зерттеу жұмыстары өте аз. Аталған тақырыпқа арналған зерттеу жұмыстарының бірі де бірегейі, алғашқы монография - G.Mattei Мессине Ботаникалық Бағының директоры жазған, 1889 жылы жарық көрген « Monografia della Vicia Faba».

Автор өз назарының басым бөлігін V.faba-ның V.narbonensis-тен шығып, таралуына аударады. Өз тұжырым қатарларын келтіре отырып, систематикалық бөлімінде жалпы сиаттары қысқа, нақты мазмұндалған.

Тармақталған сызбасы келесідей:

Бірінші секцияда:

Дәндері ұсақ немесе жапырайған

1) bacla (айқас тозаңданбайтын)

2) arvensis (ұзындығы 10-15 мм және көлемі 6-10 мм) atra, atro-rubens,

fusca6 variegata, pallida, viridis.

Екінші секция

Дәндері ірі немесе жапырайған.

  1. media (ұзындығы 1,5-2см, көлемі 1см) atro-rubens, rubens, violacea, pallida,albescens.

  2. major (ұзындығы 2-3см, көлемі 2см) atro-rubens, rubens, rubro- violacea, violacea, variegata, pallida, viridis.

  3. maxima (ұзындығы 4см, көлемі 2 см).

  4. rolunda (ұзындығы 2см, көлемі 2см) .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]