Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vicia faba (Автосохраненный)1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.85 Кб
Скачать

Атбұршақ тарихы

Атбұршақтарды адамдар азықтық мақсатта ежелден қолданып келеді. Бұған тас, қола және темір дәуірлеріндегі Италия, Франция, Швейцария және Германия жерлеріндегі қазба қалдықтары дәлел.

Жорамал бойынша, атбұршақ дәнді дақылдарының ішінде ең алғаш бөлініп шыққаны атбұршақ. Олардың дәндері б.з.д. 2400 ж өмір сүрген египет фараондарының қабірлерінен табылған.

Египетте, Грецияда және Римде атбұршақтар азық ретінде қолданылады. Атбұршақтың грек тіліндегі “фаба” атауы “тағам” деген мағына береді. Нан пісірерде бидай ұны жетіспегенде атбұршақ ұнын қолданған. Атбұршақтардан көптеген тағамдар: шалма көже (похлебка ), пюре және т.б., сонымен қатар косметикалық заттар – опа және ұнтақтар жасалған. Антикалық дәуірде атбұршақтар емдік мақсатта кең қолданыста болған. Дискроид пен Гален ( I-II ғ.) дизентерияда және басқа да ішек ауруларында сірке қышқылында пісірілген атбұршақты қолдануды ұсынды. Дәстүрлі медицинада атбұршақ ұны жүрек айну және түрлі суық тиюден болатын ауруларға қарсы қолданылды. Атбұршақ ұнының балмен қоспасы түрлі іріңдерді жеңілдетеді. Атбұршақ ұнының тұнбасы катарактаны емдейді.

Рим тарихшысы Плинийдің жазуынша коптеген тайпалар атбұршақты нан жасайтын дақылдарға қосқан. Атбұршақ киселі діни рәсімдерге жиі қолданылған. Атбұршақтардың Францияда кең қолданыста болғандығын осы жоралғыға байланысты көше аттарынан да аңғаруға болады.

Скандинавияда атбұршақтар XII ғ егіле басталды.

Солтүстік Америкаға атбұршақтардың таралуы 1602 ж. Массачусетс жағалауы маңындағы Елизавет аралдарына капитан Госнольдтың егуінен басталды.

Ресейге атбұршақтар V-VI ғ. тарала бастады. Олар мұнда Болгариядан жетуі әбден мүмкін.

Тасқа айналған атбұршақ дәндері Минск маңындағы Банцеровск қалашығындағы (VI-VIII ғғ) қазбалардан табылған. Владимир князі (978-1015жж) кезіндегі жылнамаларда атбұршақтар жайлы ескертулер кездеседі. Ол жерде Владимирдің Киевте көкөністер мен атбұршақтар қорын сақтайтын қойма салғандығы айтылады.

Қазбалар көрсеткендей ерте кезеңдерде таралған атбұршақтар дәндері ұсақ болған, ал ірі дәнді дақылдары кейіннен пайда болған.

Елде атбұршақ ХХ ғ 30-60 жылдары таралды. 60 жылдардың ортасында жүгерінің артуына байланысты атбұршаққа деген қызығушылық бәсеңдеді. Қазіргі таңда бұл дақылдың әмбебаптығынан болу керек, оларға деген қызығушылық фермерлер мен бақташылардың арасында артуда.

Биологиялық ерекшеліктері

Тамыры ұршықтәрізді, 150 см-ге дейін жетеді. Жанама тамырлары жақсы дамыған; қолайлы жағдайда азоттұрақтандырушы түйнектердің үлкен көлемін құрайды.

Сабағы тік, жапырылмайтын, төртқырлы немесе дөңгелек, іші қуыс, биіктігі 180 см-ге дейін.

Жапырақтары жалаң эллипс тәрізді, төменгі бөлігі біржұпты, сабақтың ортаңғы бөлігі екіжұпты, қарама-қарсы, жоғарғы бөлігі үш-төртжұпты, кезектесіп орналасқан, кейде әлсізтолқынды немесе тісті, ұзындығы 5-8 см, ені 3-5 см, жасыл, сирек сұр-жасыл. Бөбежапырақтары жартылайжебетәрізді, ірі, тісті.

Гүлдері гүлшоғында 2-12 дейін, ірі – 2 -3,5см ұзындықта, ақ, қанатында қоңырқай дақтары бар және желкенінде ұзына бойына қоңыр жолақтары бар. Сонымен қатар ақ, сарғылт, қоңыр, қызғылтым және ала түстері кездеседі. Желкен шұңқырлы, жоғарғы бөлігі сүйір, қайықша жоғарғы бөлігі ашық, қанатшамен тығыз байланысқан. Тостағанша жалаң, бозғылт-жасыл немесе антоцианмен боялған, түтікті.

Гүлдеуі төменгі түйінінен басталады, алғашқы жемісберуші түйіннің реттік нөмірі сұрыптың тез пісуіне байланысты, қаншалықты сұрып тезірек піссе, соншалық түйіні төменде орналасады. Төменгі үшінші генеративтік аумағындағы гүлдері жоғары бөлігіне қарағанда көбірек.

Атбұршақтар басқаларынан айқасып тозаңдану және қайта тозаңдануы бақыланады. Тозаңдарды бал аралары мен түкті аралар тасымалдайды. Екі немесе одан да көп сұрыптарды көбейткенде оқшаулау кеңістігін бақылау қажет: ашық кеңістік жағдайында 1000 м және табиғи оқшаулауда (биік бөлектенген отырғызу) 500 м.

Жеміс – асбұршақ. Бір шоқта 1-2, қуыста 3-4 жемістен. Жалпақ, 4-35 см ұзындықта, жіңішке және жалпақ, қоңыр. Атбұршақ жармасы бас кезінде жасыл, тегіс, етті. Жетілген кезінде атбұршақ жармасы күңгірт-қоңыр. Пергамент қабаты барда жарма тегіс, әлсізторлы, егер, пергамент қабаты жоқ болса немесе әлсіз жетілсе – қатпарлы. Бірінші жағдайда атбұршақтар жарылады. Жас жемістер жасыл, піскендері – қою қоңыр.

Дәндері мөлшері мен түсіне байланысты келесідей: қара, жасыл, күлгін, лимон-сары, ақ, қызылкүрең және ала. Кең таралғаны сұрғылт-ақшыл сары түстісі. Көкөністік селекционды сұрыптардың арасында жасыл жәнее соңғы жылдары – ақ. Мұндай түс консервілік өндірісте келесідей түсіндіріледі – онда консервіленгенде қараймайтын дәнді сорттар қолданылады. Солтүстік аймақта күңгірт-күлгін түсті дәнді атбұршақтар кең таралған.

Дәндерінің ірілігіне қарай атбұршақтар ұсақдәнді – салмағы 1000 дән 200-500 г, ортадәнділер – 500-700г және ірідәнділер – 700 г көп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]