Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vicia faba (Автосохраненный)1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.85 Кб
Скачать

Жасыл тыңайтқыштарға атбұршақтарды күтіп-баптау ерекшеліктері

Жем-шөптік атбұршақтарды жасыл тыңайтқыш ретінде қолдану органикалық заттар аз кездесетін сортаң топырақты Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында маңызды болып келеді. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану көптеген артықшылықтарға ие сидераттармен салыстырғанда қымбат және көп еңбекті қажет етеді.

Қидың, шымтезек және басқа органикалық тыңайтқыштар ең алдымен егістік жердің құнарлануына алып келеді, сол кезде жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын жем-шөптік атбұршақтар сияқты дамыған тамыр жүйесі есебінде егінді қабат астында 150 см тереңідікке дейінгі топырақ қабатының құнарлануына мүмкіндік береді.

Нәтижесінде жалпы топырақтүзу процесіне оңтайлы әсер ететін процесс топырақтың аэрациясы жақсарады. Жасыл тыңайтқыштың әсерінен топырақтың қышқылдығы төмендеп, өсімдіктің көміртекпен қоректенуі жақсарып,топырақ микрофлорасы активтенеді, топырақтың биологиялық сіңіру қасиеті жоғарылайды.

Жем-шөптік атбұршақты тиімді қолданудағы негізгі шарты азоттың аздаған молшерін құрайтын өсімдіктің барынша жасыл массасын алуды қамтамасыз ететін агротехникалық қолданыс комплексі.

Аурулар мен зиянкестер

Аурулар. Суық, ылғалды ауа райы немесе құрғақшылық аурулардың – асхохитоз, тот, пероноспороз, шоколаддағы және фузариозды солулардың пайда болуына алып келеді.

Асхохитоз. Атбұршақ егістігінде таралған. Өсімдіктің барлық жер үсті мүшелері зақымданады. Әсіресе аурудың зияндылығы дәндері зақымданғанда жоғары, себебі өнімділігі 40-50%-ға төмендейді.

Жапырақтарда алдымен ақшыл-сұр, кейіннен ішінде қою-қоңыр пикнидтері бар қызыл жиекті қоңыр дақтар пайда болады. Сабақтары мен саптарында дақ сопақша, батық, қызыл-қоңыр түспен жиектелген. Атбұршақ жармаларында дақ қызыл жиекті, үңгілген, үлкен, қара-қоңыр түсті, пикнидтар шоғырланып орналасқан. Саңырауқұлақтар енгеннен кейін жармалары арқылы дәндері зақымданып, оларда қою-қоңыр дақ пайда болады. Аурудың максималды дамуы жетілуінің аклғашқы фазасы – ұрықтануда байқалады.

Күресу жолдары. Дақылдардың кезектесуі, 3-4 жылдан кейін егілген орынға қайталама егу. Егіске 15%-қ коллоидтық күкірт (1 м2-қа 0,4-0,5 г ) бүрку.

Тот. Ауру Ресейдің дала және орманды дала зоналарында таралған.

Тот қоздырғышының даму циклы бір өсімдік-иесінде өтеді. Көктемде немесе жаз басында жапырақтың төменгі бөлігінде сақинатәрізді орналасқан ақшыл-сары дақ пайда болады. Саңырауқұлақ-қоздырғыш өсімдік қалдықтарында қыстайды. Ауру жылы климатты аудандарға зиянды, жапырақтың, кейіннен өсімдіктің жойылуына алып келеді.

Күресу жолдары. Егіске гүлдегеніне дейін 1%-дық бордо ерітіндісін, коллоидты күкірт суспензиясын ( 1м2-на 0,4-0,5 г) бүрку. Өсімдік қалдықтарын жою.

Ақұнтақ. Барлық аумақта таралған, әсіресе ылғалдылығы төмен және түнде шық түсетін аудандарға зиянды.

Ауру бүрлену фазасында шағын ақ дақ түрінде, кейіннен зақымданған аумаққа ақұнтақ таралып, қатты көбейсе өсімдіктің барлық бөлігін жауып қалады. Ауру ауа райының ыстық әрі құрғақ кездерінде дамиды.

Күресу жолдары. Өсімдік қалдықтарынан арылу. Басқа атбұршақтардан аумақтық шектеу. Калий тыңайтқышының мөлшерін арттыру. Аурудың дамуы күшейсе коллоидды күкіртті ( 1м2-на 0,4-0,5 г) бүркеді және ұнтақталған күкіртті (1м2-на 1,5-2 г)себу. Төзімді сорттарды қолдану.

Пероноспороз немесе жалған ақұнтақ. Әсіресе ылғалды және ыстық жазда және дәнді қабаттастырып еккенде ауру кең таралады.

Саңырауқұлақ әсіресе жапырақтарды зақымдайды: жапырақтың жоғарғы бөлігінде алдымен ақшыл-жасыл, кейіннен үлкен хлорлы дақ пайда болып, жапырақтың төменгі бөлігінде дақтарда сұрғылт-күлгін саңырауқұлақ түседі. Аурудың пайда болуы төменгі бөліктегі жапырақтарда болады. Гүлдеу фазасында – жемістенгенде ауру ортанғы және жоғарғы бөліктердегі жапырақтарға таралады және төзаңданудың бастапқы уақытында өсімдіктің барлық бөлігіне таралып кетуі мүмкін.

Күресу жолдары. Дақылдың алмасуы. Сау дәндерді себу. Ауру байда болғанда өсімдікке 1%-дық бордо сұйықтығын (0,4-0,5 /м2) бүрку.

Фузариоз. Өсімдік аурумен өну кезеңінен – дәндері пайда болғанға дейін зақымданып, нәтижесінде өнуі бүлінеді, тамыры шіриді және солады.

Дәннің өсу кезеңінде ауру тұқымдық иіні және тамыр өскінінің ұшында қоңырланған түрде көрініс беріп, топырақ бетіне жетпей өледі. Зақымданған өскіндер нашар өседі, олардың жапырақтары сарғаяды, түбтерінде шірік пайда болады, зақымданған ұлпа қоңырланып – өскін өледі. Фузариозды солу әсіресе гүлдеу кезеңінде – атбұршақ пен дәндерінің пайда болуы алдында қатты білінеді. Атбұршақтың зақымдалған жармалары түссізденіп, дәндері солғын тартып, ал қабығы қатпарланады.

Зақымдалған өсімдік қалдықтары инфекция көзі болып табылады. Инфекция дәнде сақталуы мүмкін.

Күресу жолдары. Егіс айналымы. Тазалау, сұрыптау, дәндерді залалсыздандыру және микроэлемент ерітінділерінде өңдеу. Қышқыл топырақтың әктендірілуі. Өсімдіктің жақсы өсуі үшін минералды тыңайтқыштарды қосу.

Шоколадты дақ. Ауру жапырақтар мен сабақта жұмырланған, қызғылт, қоңыр ( шоколад түстес), есепсіз, сұр дақ түрінде көрінеді. Гүлдері, сабақтары зақымданып, қоңырлануы және солуы мүмкін. Саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтары мен дәндерінде мицелийлерімен сақталады.

Күресу жолдары. Егіс айналымы. Өсімдік қалдықтарын жою , топырақты терең жырту. Дәндерді залалсыздандыру. Фосфорлы- калийлы тыңайтқышпен қоректендіру.

Бұршақ тұқымдастарының ішінде атбұршақтар зиянкестерге барынша төзімді. Бірақ олардың да егістері зиянкестермен зақымдалуы мүмкін. Атбұршақтардың негізгі зиянкестріне: бит, шіркейдің түрлі түрлері (бұршақ тұқымдастарының, бұршақтың, жоңышқаның), бұршақтардың дәндері және түйнек бізтұмсығы.

Зиянкестер. Атбұршақ және бұршақ биті. Барлық аймаққа таралған. Атбұршақ және бұршақ битінің жұмыртқасы көпжылдық бұршақ тұқымдастарының тамыр бойында қыстап шығады. Қанатты дарақтары мамырдың аяғы – маусымның басында пайда болып, атбұршақтарға орналасады. Биттер сабақтың бас жағында, жапырақта жұмыртқалап, өсімдік шырынымен қоректенеді. Көбіне биттер ылғалды жылы ауа райында болады. Зиянкестерге қолайлы жағдай орнаса биттер атбұршақ егістігін толығымен жоя алады. Гүлдеу аяқталғаннан кейін биттер аталығы мен аналықтары пайда болатын көпжылдық бұршақ тұқымдастарына орналасады.

Күресу жолдары. Көпжылдық бұршақ тұқымдастарынан аумақтық шектеуді қадағлай отырып атбұршақтарды араластыра егу. Гүлдену алдында 2,5 %-қ метафоспен тозаңдандырады. Жаппай гүлдену кезеңінде төбесінен бүркеді. Биттермен күресуге мыңжапырақ және жусанның қайнатпасын қолдануға болады. Оны дайындауға бір уыс құрғақ мыңжапырақ және жусан тармағын алып, қайнақ су құйып, 7-10 мин қайнатады. Суытып, 2-3 сағ қойып қояды. Алынған ерітіндімен өсімдікті бүркеді.

Бұршақ тұқымдастарының дәнегі. Елдің шығыс бөлігінде таралған, солтүстік бөлікте жаздың ыстығында ғана кездеседі. Негізінен атбұршақтардың гүлдеу кезеңінде пайда болады. Аналықтары жұмыртқаларын жас атбұршақтарға қалдырады. Пайда болған сарғыш қызыл түсті дернәсілдер атбұршақ қабығын, сосын дәндерді кеміріп, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан қоңыз дәнде қалып, еккенде топыраққа түседі.

Күресу жолдары. Атбұршақтың зақымдалған дәндерінен тұз ерітіндісінің көмегімен арылуға болады. Атбұршақтарды тағамдық тұз ерітіндісіне батырады(10 л суға 3 кг тұз, зақымдалған дәндер су бетіне қалқып шығады).

Түйнек бізтұмсығы. Барлық аумақта таралған. Екі түрі бар – жолақты және сұр. Жолақты бізтұмсық сұр түсті, ұзындығы 3,5-5,6 мм, алдыңғы бөлігінде және қанаттарында қара дақ және ақ қылдар, олардың ұзындығы 2,8-4,5 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында жапырақ немесе көпжылдық бұршақ тұқымдастарының астында қыстап, кейіннен өсімдіктің жас өскініне қонып, жас жапырақтарынан және жоғарғы бөлігінен бастап жей бастайды. Қоңыз аналықтары жұмыртқасын топыраққа қалдырады. Дернәсілдері (ақ, сары басты, ұзындығы 4-5 мм) тамырындағы түйнектерді зақымдайды.

Күресу жолдары. Топырақты уақытылы өңдеп отыру. Полихлорпинен шашу да жақсы көмектеседі (1га-ға 2 кг). Қоңыздардың қырылуы 70-90%. Жекелеген шаруашылықта күресу жолдары көбіне культураның алмастырып отырғызумен шектеледі. Атбұршақтарды өзге де бұршақ тұқымдастары тәрізді жыл сайын уақытылы жер қазылғаннан кейін жаңа орынға отырғызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]