Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vicia faba (Автосохраненный)1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
102.85 Кб
Скачать

Синонимдері.

Faba vulgaris Moench, Faba bona Medik., Faba equina Medik.

Систематикасы.

Family Fabaceae Lindl. S. str. (=Papilionaceae Giseke), Tribe Vicieae Bronn (=Fabeae), Subtrib. Fabinae (Viciosae Alef.), genus Faba Mill.

Ат бұршақ , жембұршақ, атбас бұршақ (Vіcіa faba) – бұршақтар тұқымдасына жататын, сиыржоңышқа туысының бір түрі; қолдан өсірілетін бір жылдық өсімдік. Қазақстанның оңт. және солт. облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында Ат бұршақтың тез пісетін сорттары өсіріледі. Биіктігі 15 – 20 см, бұтағы селдір, сабағы жуан, төрт қырлы, тік өседі. Жапырағы күрделі, қалың, 1 – 3-тен қосақталған, сопақша, ұшы үшкір келеді. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті. Жемісі – бұршақ. Бұршағы ірі, түсі сары не қоңыр болып келеді. Ат бұршақтың дәнін, сабағын және жапырағын малдың қай түлігі болса да сүйсіне жейді. Ат бұршақтың құрамында белок көп. Гүлдеген кезде ат бұршақты өсімдік бітесі қатты зақымдайды, сондықтан сақтық шарасы ретінде өсімдік ұшын қырқады немесе сабын эмульсиясына темекі қосып қайнатып, осы ерітіндіні өсімдікке бүркеді.

Атбұршақтар

Атбұршақ – бағалы көкөністік, азықтық және сидеральды (жасыл тыңайтқышқа ) дақыл.

Көкөністік дақылдардың ішінде ақуыздық және аминқылдық құрамы бойынша көш бастап тұр. Атбұршақ ақуызы құндылығы жағынан еттен кем түспейді. Атбұршақ дәндерінде 28-35% ақуыз және барлық алмаспайтын аминқышқылдар болады. Атбұршақтардың техникалық жетілу фазасында құрамында 4,2% көмірсу, оның 2,6%-ы қант, көп мөлшерде минералды тыңыйтқыштар, негізінен калий, кальций, фосфор, магний, күкірт және темір; 36%-ға дейін крахмал, 4% пектинді заттар, 15%-ға дейін май болады.

Жасыл атбұршақта микроэлементтер мен ферменттік жүйесі көп. Олардың құрамы: 100 г атбұршақта 20 мг С витамині, 1,8 мг РР витамині, 0,5 мг каротин (А провитамині).

Ұсақдәнді атбұршақтар – үй жануарларына бағалы азықтық дақыл. 1 кг дәнде 230-300г ақуыз болады . Атбұршақтардың құнарлылығы жоғары: ақуыздық құрамы бойынша сұлы дәнінен 3,5 есе, сиыржоңышқа – сұлы қоспасы дәнінен 2 есе асып түседі.

Органикалық заттары жеткіліксіз топырақты аудандарда атбұршақтар құнды жасыл тыңайтқыш ретінде үлкен маңызға ие. Азотөндіруші түйнек бактерияларының атбұршақ өсімдігімен симбиозы нәтижесінде жер жыртылғанда топырақ азотпен байытылады. Атбұршақтар жиналғаннан кейін 10 м2 топырақта 50г-нан астамы қалады. Атбұршақтардың бағалы құрамының топырақты азотпен байытуы сазды топырақты қолданғанда жүзеге асатындығын есте ұстау керек. Мұндай топырақтарда атбұршақтар жасыл тыңайтқыш ретінде саңырауқұлақ ауруларымен ауырып, нашар дамитын біржылдық бөрібұршақты оңай алмастырады. Атбұршақ өскен топырақты жыртқаннан кейін топырақ барынша өнімді болып, химиялық, физикалық және биологиялық құрамы жақсарады. Бұл жағдайда жасыл тыңайтқыштың топыраққа әсері қидың әсеріне тең келеді.

Бақша аумағындағы атбұршақтарды барынша жылуды жақсы көретін қияр, асқабақ, қарбыздарды суық желден қорғау үшін ықтырмалы өсімдік ретінде де өсіреді. Бұл жағдайда атбұршақтарды ерте көктемде бірнеше қатар қылып көкөніс дақылының сол жақ бөлігіне отырғызады . Мұндай аумақтарда микроклимат жақсарып, топырақтың беткі қабатының температурасы жоғарылап, су режимі оптималды өзгереді, топырақ микрофлорасының өміршеңдігі активтенеді және топырақтан бөлінетін көмір қышқылымен өсімдіктің қоректенуі күшейеді.

Сонымен қатар атбұршақтарды картоп өсімдігінің арасын нығыздау мақсатында да өсіру ұсынылады. Мұндай отырғызуда картоптың белоктық құрамының жоғарлағындығын байқауға болады. Бақшаларда атбұршақтарды нығыздағыш ретінде отырғызуды әдетте қырыққыбат, тарна (брюква) және т.б. жүйектерінің шетінен бастайды.

Тағамға атбұршақтарды балғын түрінде, сонымен қатар өңделген түрінде – сорпаға, борщқа, ботқаға, закускаға, салатқа, винегретке, соустарға қолданады. Атбұршақ ұнын бидай мен қарабидай қосып нан пісіруге, күлшеге және кеспе дайындауға қолданады. Қуырылған және тартылған атбұршақтарды суррогат кофе ретінде қолданады.

Атбұршақтың қалыпты асқазан сөлінде қорытылуының басқа күнделікті бұршақ, ұнтақ (манный) және арпа жармасы, ақ нан өнімдерінің қорытылу жылдамдығынан еш айырмасы жоқ. Құндылығы жағынан атбұршақ дәндері шамамен картоптан 3,5 есе, қырыққабаттан 6 есеге асып түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]