Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
durystalgan_shpor_belsendy_turizm.docx
Скачиваний:
143
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
265.92 Кб
Скачать

27.Хv-хvіі ғғ. Ауыз әдебиеті. Жыраулық дәстүр.

XV-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

Жыраулар поэзиясы дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген қазақ хандығының әдеби мұрасы. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ хандығы құрылып, тайпалар бірлестігінің, феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі. Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол әсіресе халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезілді. Жыраулық поэзия өзінің көркемдік ізденістері мен өмірдің шындық көріністерін бейнелеуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Жыраулар негізін қалаған толғау жанры жеке жанр ретінде қалыптасумен қатар, ең алдымен әлеуметтік-қоғамдық өмірді, сондағы әр алуан адамдар қатынастарын сараптап, ертеңгі болашақ туралы ой түйді. Мұның бәрі дерлік ақыл-нақыл, насихаттық сипаты арқылы көрініп, әдебиетіміздегі дидактикалық мазмұнды жырлардың сапасын арттырды. Бұл дәстүр кейінгі жазба әдебиет өкілдері Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт жалғастырған бұқарашыл, ағартушылық бағытқа жол салды. Сондықтан бұған Асан қайғыдан басталып, Бұқар шығармашылығымен дамитын жыраулар творчествосынан тыс, жаңа мазмұнды әдебиетіміздің қалыптасу қарсаңында тұрған ақындық поэзияның ірі өкілдері - Көтеш пен Шал ақындардың қосқан үлестері де аз емес. Бұлар, әрине, өзінің ұстанған ақындық дәстүрі мен өмірді көркем бейнелеу тәсілі жағынан жақын тұрғанмен, дәл сол деңгейге иық тіресіп, көтеріле қойған жоқ. Алайда, бұлар суырып салма дәстүрінің өкілдері болғандықтан, жыраулық поэзияның қол жеткен табыстары мен игіліктерін игере отырып, соны ілгері қарай дамыта білді.

Халқымыздың тарихи тағдырын қамтыған, оның беймаза дүрбелең кезеңдерін тек басынан өткізіп қана қоймай, бүкіл адамзаттың дұшпаны - зұлымдықпен белдесуде шыныққан ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ өлеңінің эстетикалық қуаты мәңгіліктің өзімен тіл табысқандай еді. Ол өткен ғасырларда нұрлана түсіп, жаңа кезеңде қайта түлеп, ерекше ажармен бүгінгі біздің саңлақ санамыз бен инабатты жүрегіміздің қақпасын қағады.

Қазіргі қазақ лириктерінің жыраулар поэзиясынан алған үлгі- өнеге, тағылымы мол дерлік. Турашылдық пен бұқарашылдық, әрине, өрелі өнерге тән салауат. Бірақ, ол ақын біткеннің барлығына жарасты мінез деу қате. Мұны поэзияда үлкен саяси- әлеуметтік концепцияға айналдырған Қазтуған бастаған қазақ жырауларының тобы. Ал Махамбет осы поэтикалық концепцияны ұлт-азаттық күрестің қаруына айналдырды.

Жыраулар поэзиясындағы азаттық тәуелсіздік идеясы. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" – деп еңіреп өткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Қазақ халқы ерлік күреске толы күн кешкен XVII ғасырдан біздің заманымызға Жиембет, Марғасқа жыраулардың аттары жетті. Екеуінің де өмірі Есім хан тұсында болған тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды, ойраттарға соққы беруді армандайды, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді. Бұқар өз шығармаларында Абылайды сырт жауларға қарсы күресте айрықша қайрат көрсеткен қайтпас батыр, ел қамын жеген көреген көсем ретінде бейнелейді.

XV-XVIII ғасырдағы ірі тарихи оқиғалар.Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы — туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" – деген ақылгөй сөзі –сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" – деп еңіреп өткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" – деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым... он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт, тыныштық өмірді қалаған. Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен.Ақын- жыраулар мұрасындағы басты тақырыптар.Көбіне хан бейнесі. Не мадақтауға, не даттауға арналған. Асан Қайғыда: Әз Жәнібек хан. Ол ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының «Алтын Орда болашағын жете ойламайсың » деп сөгеді. Шалкиіз жырларында Темір суреттеледі. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының шашбауын көтермеген, турашылдығынан таңбаған. Жиембет жырау Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Алайда Есіммен бұл достық қатынасы ұзаққа бармады, екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Есім ханның кейбір әрекеттеріне қарсы шығады. Хан оның соңына түсіп, қуғынға салады.Қазтуғанның толғауларының тақырыбы. «Мадақ жыры», «Алаң да алаң алаң жұрт», «белгілі биік көк сеңгір»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]