Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
durystalgan_shpor_belsendy_turizm.docx
Скачиваний:
143
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
265.92 Кб
Скачать

18.Дәстүрлі құқық. Этикет. Тиымдар (табу). Исламның әсері: күнделікті өмірдегі халал және харам.

Ата-бабаларымыз әділдік пен ізгілікке, қайырымдылық пен өзара бауырмалдыққа, даналық пен білімге тұнған кемел дін Исламды қаншама ғасырлар бұрын осындай асыл да бекзаттығы үшін аттай қалап, таңдағаны бекер емес. Өйткені, қанымызға сіңіп, ұлттық болмысымызға айналған Ислам діні – біздің өмір салтымыз, терең мәдениетіміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «тегіміз – түрік, дініміз – Ислам» екенін ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Сондықтан рухани мұрамыз ретінде зерделеп, оның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтап, игеру, қорғау, дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңгенін зерделеу – бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың міндеті деп түсінгеніміз мақұл. Ұлы Жаратушыға барар хақ жолды көрсеткен Аллаһ елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сөздері мен іс-әрекеттерін білдіретін хадис пен сүннет Исламның Құраннан кейінгі негізі саналады. Мұсылмандар үшін хадис пен сүннеттің рөлі өлшеусіз зор. Бұған алғашқы мұсылмандардың өмірі жарқын үлгі деуге болады. Қыз бала туылса отбасының беделін түсіргендей намыстанып, тірідей жерге көмген, арақ, құмар ойындар, пайыз, өсім алу секілді кеселдер жаппай жайлап, азғындаған қараңғы да жабайы қоғамды Ислам діні аз уақытта-ақ барша адам баласы үлгі тұтар шырқау биікке көтерді. Мұндай зор жетістікке Ислам дінін қабылдаған елдердің бәрі де қол жеткізді. Соның ішінде түркі халықтары да бұл үшін Аллаһ тағаланың асыл діні Исламға мәңгі қарыздар. Қазақ халқы да бар ынта-ықыласымен, жүрек қалауымен қабылдап, мұсылмандық өмір салтына Құран мен сүннет дәстүрлерін қалыптастырды.

Ислам халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, сенім-нанымының негізіне айналды. Осынау ұлттық құндылықтарымыз Құран мен Исламның екінші негізі хадистер мен сүннеттерден бастау алған еді.

Пайғамбарымыздың кезеңінен бүгінгі күнге дейін мұсылмандар Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) әрбір сүннетін жалғастыруға тырысып келеді. Тіпті, қарапайым деп саналатын әдеттерде де Оның (с.ғ.с.) іс-әрекеттерін басшылыққа алады. Мысалы, үйден шыққанда оң аяқпен шығу, малдас құрып отыру, жатқан кезде оң жағына қарап бір қырымен жату, тіпті әжетханаға кірерде сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу секілді амалдардың бәрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті ретінде үмметінің күнделікті тұрмыстағы қағидасы деуімізге болады. Осы қағида-ережелер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өзгеріссіз жеткен. Тіпті Оның (с.ғ.с.) ең қарапайым деген амалдары да біз үшін үлгі әрі бұлжымас заң.

Қазіргі әдет-ғұрып деп ұстанып жүрген халық мұраларының көбі сол «сүннетті ұстану» ниетінен туған. Мұның дәлелі бізге жеткен әдет-ғұрыптар мен сенім-нанымдарымыздың көбісі хадис және сүннеттерден еш айырғысыз. 

19.Орынбор, Уфа, Троицк, Астрахань, Орал, Қазан типографияларында қазақ қисса-дастандарының басылуы.

Қисса (араб.: ‎ - әңгіме, аңыз) - ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос. Мазмұны, құрылысы жағынан лиро-эпосқа жақын. Махаббатты, пәктік пен тазалықты, ізгілікті, адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалы поэтикалық жанр ретінде Қисса араб, парсы, әдебиетінде кең дамыған. Түркі тілдес халықтарға араб әдебиеті арқылы енген. Көне дәуірдегі қиссаларға Әлидің "Кисса Нүсүф", Рабғузидің "Қиссасул-әнбиясын" жатқызуға болады. 19 ғ-да қазақ даласына Қазан, Уфа. Омбы, Ташкент қиссаларында басылған "Бозжігіт", "Жүсіп-Зылиха", "Сейфілмәлік-Бадиғұлжамал", "Мұңлық-Зарлық" сияқты қиссалар тарала бастады. Сонымен қатар қазақ халқының лиро-эпостық жырлары "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек" жеке кітап болып шықты. Шығыс аңыз-ертегілерінің сюжетін назира дәстүрімен жырлау 18-19 ғасылардағы қазақ ақындарына тән болған. А.Құнанбайұлы шығыс сюжеті бойынша "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" дастандарын ал Түрмағамбет Ізтілеуов "Ескендір хикаясы", "Мәрді дихан", "Рауа бану", т.б. дастандарын жазған. Қиссаларды араб-парсы тілінен аударуға, өңдеп бастыруға еңб. сің. ақындар - Ш.Жәңгіров, А.Сабаұлы, Ж.Шайхысыламұлы, М-Ж. Көпеев, Ә.Тәңірбергенов, т.б. Қиссаны айтушыны қазақтарда қиссашы деп атайды. 

20.Махмұт Қашқари және оның «Диуани-лұғат-ат-түрік» атты туындысының рухани құндылығы.Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.

Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясығылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]

Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.

Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.[2]

Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:

"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен.

"Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын

ақыл ажыратар.

21.ХІІІ-ХVғасырлардағы мәдениет. Тіл мен жазу

Қазақстан аумағында түркі тілді халықтардың басымдығынан монғол тілі тараған жоқ. Хан жарлықтары түркі тілінде жазылды. ХІV-ХV ғасырларды түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі бөлініп шықты. ХІ-ХІІ ғғ. Әдеби түркі тілі үш вариантқа бөлінді: қарлұқұйғыр, ұйғыр-оғыз, оғыз-қыпшақ. Жазу 2 жүйе негізінде қалыптасты: руна жазуы және ұйғыр алфавиті. ХІV ғасырдан бастап араб алфавиті кең тарады.

Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезде Алтын Орда қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер өсті. Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетіннен: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, әл-Бируни, ас-Сығанақи, би Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмед Яссауи, Сулейман Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетінен үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшіліг түрік текті ру-тайпалар\, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яки солтүстік диалектісінде жасалды. Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.

22.ХІІІ-ХV ғасырлардағы жазба әдебиет. «Кодекс-куманикус»

Рабғұзи (13-14 ғ.) - Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөзінен қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы лақап атымен аталады. Рабғұзиден қалған әдеби мұра - "Қиссасу-л-анбия( атты үлкен жинақ. Онда 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, хайуанат, адам-ата жайлы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.

Әли (13-14 ғ.) - Хорезмнен шыққан ақын. "Қисса Жүсіп деген дастан жазған, онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан баысқа мәлімет жоқ.

Сайф Саран (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған. Ол Шираздық Саһдид ақынның "Бустан" атты шығармасы негізінде жазған. Соның кей жерін қысқартып, кей жерін ұзартып, өзінше жырлаған.

Хорезми (14 ғ.) - үлкен ақын. "Мұхаббатнама" атты поэма жазған. Поэмасында "Сырдария жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін сонда бірінші айттым" дейді. Сыр бойындағы Жезді қаласында тұрған сияқты.Шын аты-жөні, басқа шығармалары сақталмаған. "Мұхаббатнама" мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе үлкенді-кішілі он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. "Мұхаббатнама" - Алтын Орда дәуірінің әдебиетінің ең көрнекті нұсқасы.

Хұсам Қатиб (14 ғ.) - "Жұм-жұма" атты поэманың авторы. Бұл поэма Низами поэмаларына еліктеу түрінде жазылған.

Құтб (14 ғ.) "Хисрау Шырын", "Фархад- Шырын" дастандарын жазған. Бұларды автор өзінен бұрынғы ақындар баяндаған тақырыпты өзінше жырлайды. Бұл екі дастанды аттас Низами шығармаларының түрікше нұсқасы десе де болады.

Сайдахмед (14-15 ғ.) "Таһшшуқнама", "Саонама" дастандарын жазған ақын.

Дүрбек (14-15 ғ.) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- де"ді ақын. Оны 1409 ж. аяқтағанын аңғартады.Дүрбек жайында басқа мәлімет жоқ.

Сақақи (15 ғ.) Сырдария мен амудария аралығынан мекендеген ру-тайпаларынан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдердің көбіне дүние жайында лирикалық болып келеді.

Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба. Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б. Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы. Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.), 1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты. Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]