Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
durystalgan_shpor_belsendy_turizm.docx
Скачиваний:
143
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
265.92 Кб
Скачать

7.Қарахандық мәдени ренессанс. Түрік-ислам тарихының ақындары және ұлы ойшылдар мен ғалымдары туралы біліміңмен бөлісіңіз.

Исламға негізделген әдебиет пен ғылыми салалар қарқынды түрде дами бастағаны соншалық 750-1050 жылдар аралығындағы кезең ислам өркениетінің “ренесанс-қайта өрлеу” дәуірі іспеттес кейінгі ғасырларда Европада дамыған  ғылымның ғажайып жетістіктеріне негіз қалап берді. Оған араб, парсы мен түркі ойшылдары бірлесе отырып өлшеусіз үлес қосты. Әдебиет түрлі жанрда, ғылым түрлі салада үлкен табыстарға қол жеткізді. Мұхаммед ибн Мұса Харезми(770-850) алгебр мен логаритм ғылымын дүниеге алып келді. Әбунәсір Әл- Фараби(870-940) философия, логика, музыка секілді салалардың жаңа биігін қалады. Әбу Рейһан әл-Бируни(973-1048/50) тарих, математика, астрономия, жағрафия, топография, физика, медицина, геология, минерология, т.б. ғылыми салаларда энциколопедист ғалым ретінде адамзат ғылымына орасан зор үлес қосты.  Әбу Әли ибн Сина(980-1037) терең ойлы философ, медицина ғылмының данышпаны. Оның медицина саласында жазған «қанун» атты еңбегі XXI ғасырдың табалдырығында орыс тіліне аударылып, 12 том болып 30000 данамен жарық көруі исламияттың ғылымдағы жарқын табысы дей аламыз. Сол кезеңдерде Ислам әлемінде ғылымның  даму барысын зерттеген Жорж Сартон исламның ғылыми кезеңін жетіге бөліп, әр кезеңді оның бастауына ғылыми жаңалық алып келген бір ғалымның атымен атады. Онда: 1. Жабыр ибн Һәйян кезеңі VIII ғасырдың екінші жартысы,    2. Мұхаммед Харезми кезеңі IX  ғасырдың бірінші жартысы, 3.  Зәкерия Рази кезеңі IX ғасырдың екінші жартысы, 4. Мәсһуди кезеңі  X ғасырдың бірінші жартысы,   5.  Жузжани кезеңі X ғасырдың екінші жартысы,  6.   Бируни кезеңі XI  ғасырдың бірінші жартысы,7.  Омар Хәйям кезеңі XI ғасырдың екінші жартысы,-деп көрсетті. Адамзат ғылымына нұрын шашқан аталған кезеңдерде араб, парсы, түркі ғалымдары қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан ислам дінінің өркендеуіне жүрек қалауымен де санасының таңдауымен де аянбай қызмет жасады. Соның арқасында бір жағынан әлемдік ғылымның қарқынды дамуына негіз қалаған болса, екінші жағынан  өздерінің де әлем өркениеті керуенімен ілесіп жүре берулеріне мүмкіндік жасап қойды.  Оған дәлел орта ғасырда шығармаларын түркі тілінде жазып түркілік әдебиетке бастау бұлақ болған: Жүсіп Баласағұн, Махмұд Кашғари, Қожа Аһмет Йасауи шығармалары. Әрі XV ғасыр аясында әлемге мәшһүр болған ең соңғы даналары Әлішер Науаи, Ұлықбек, Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр және Мырза Хайдар Дулат есімдерімен сабақтасды.

Түркістан өлкесінде туып- өскен ұлы даналардың Ислам өркениетіне қосқан үлестері үш топта көрініс тапты. Бірінші тобы- шығармаларын араб тілінде жазғандар. Олар: Мұхаммед ибн Мұса Харезми(770-850),   Әбунәсір Әл- Фараби (870-940), Әбу Рейһан әл-Бируни(973-1048/50), Әбу Әли ибн Сина(980-1037). Екінші тобы- туындарын парсы тілінде жазып мұра қалдырғандар. Олар: Низами Гәнжи(1141-1209), Маулана Жәлаледдин Руми(1207-1273), Мырза Хайдар Дулат(1499-1551), үшінші тобы- еңбектерін Түркі тілінде жазған түркі ақындары мен ғалымдары. Олар: Жүсіп Баласағұн «құтты білік», Махмұд Кашғари  «диуан лұғат түрік», Қожа Аһмет Йасауи(1041-1167) «хикмет», Әлішер Науаи(1441-1501),  Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр(1483-1530).  Сондықтан IIX-XV ғасырлар арасында Ислам өркениетінің ұлы жетістіктері араб, парсы және бүгінгі түріктектес халықтарының ортақ рухани қазнасы болып саналады.

Фирдауси өз шығармасымен парсы жұртының ұлттық санасын оятып, елеулі қызмет жасады десек Қ.А.Йасауи Ислам әлемінің мәдени-саяси кеңістігіне өлшеусіз үлес қосты. Оның шығармасының артықшылығыда оның исламдық мазмұнында болғандығы. Бұл әлем әдебиетінің ең озық, ескермейтін, адамзаттың тура жолдан адаспауына мәңгі шамшырақ бола алатын шығарма. Өйткені Ислам діні адамды ұлт пен ұлысқа, бай мен кедейге бөлмейді, Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі иманы берік, жаны таза, тақуа адам екендігін насихаттайды. Сондықтан «Хикмет» ұлттық та, таптық та шығарма емес, ол адам руханиятының шыңдалуына арналған туынды. Сол үшін Түркінің ортағасырлық әдебиеті де Қ.А.Йасауи бастаған исламдық сопылық әдебиетінің жалғасы. Баһаеддин Нақышбәнд, Қажы Бекташ, Ашық Паша(1272-1333),  Жүніс Әмре(1238-1320), Бекет Ата(1750-1813) сынды сопы, ақындары Орталық Азия мен Анадолыда Түрік халықтарының рухани тұтастығын күні бүгінге дейін қамтамасыз етіп келеді. Сол үшін Ислам өркениетіне түркілер бүгінгі заманға дейін қомақты үлестерін қосып келе жатқандығы олардың ата-бабалары салған сара жолдың жалғасы екендігін көрсетеді.

Түркілер тек қана білім мен ғылым саласында қорғаумен шектелмей исламды саяси тартыстардың қыспағынан аман-есен алып шығуға айтарлықтай ерлік жасап, қанды шайқастарда ұлы жеңістерге жетелеп отырды. Түркілер арасынан исламның нығаюы мен даму жолында аянбай тер түкен көптеген тұлғаларды атауға болады.  Ислам діні әлемнің төрт тарапына қанат жайып, беки түсуіне Ислам тарихындағы төрт халифадан (шәдияр- Әбубәкір, Омар, Осман, Әли, оларға Алланың раһметі жауғай) кейін : Қара хан Боғра, Сейфеддин Құтз, сұлтан Бейбарыс, II сұлтан Мұхаммед фтиһ(жеңімпаз) Ислам дінінің өрлеуіне ерекше үлес қосып, исламның жаңа бір белеске көтерілуіне негіз қалады.

8.Орталық Азияның рухани мәдениетіндегі түркі-ирандық синтездің көрініс табуына талдау жасаңыз . Парсы әдебиетінің классигі Әбілқасым Фердаусидің (940-1020/1030) «Шахнамасы» мен түркі әдебиетінің алыбы Жүсіп Баласағұнның (1015/1916-?) «Құтты білігі» әлем әдебиеті тарихында елеулі із қалдырған бірегей туындылар санатына жатады. Қос автордың өмір сүрген дәуірі бір-біріне жақын, замана рухы мен талабы үндес келгендіктен туындыларында да сәйкестіктердің болуы заңды. Бұл сәйкестіктердің қатарынан шығармашылық үндестік, сабақтастық, салаластық және өзара әсерлесу құбылыстары орын алған.

Тұран мен Иранның ежелден қалыптасқан бірде тату, бірде қату көршілік қатынастары тіл мен әдебиет әлеміне де өзіндік өрнегін қалдырғаны белгілі. Екі ел арасындағы әдеби-тілдік байланыстар ғасырлар бойы жалғасын тауып жатты. Баласағұн өмір сүрген кезең – Фердауси «Шахнамасының» даңқ биігіне көтерілген тұсы. Заманының озық ойлы тұлғасы Жүсіп Баласағұнның «Шахнамамен» жете таныс болғанына күмән жоқ. Танылған әрбір құбылыс танымда із қалдырады десек, «Шахнамадай» бірегей туындының Баласағұн шығармашылығына елеулі әсер еткені сөзсіз.

Қос туынды арасындағы байланыстардың алғашқысы – өзара үндестіктер. Дербес шығармашылық тұлға ретінде әр автор өз дәуірін өзінше ой елегінен өткізіп, өзіндік танымын шығармашылығына арқау еткені сөзсіз.  Тарихи тағдыры ортақ екі ел ақындарының туындыларында бірқатар мазмұндық үндестіктер мен өзара әсерлесу құбылыстары көрініс тапқан. Бір ғана мысалға тоқталсақ, түркі жұртының аты аңызға айналған қаһарманы Алып ер Тұңға туралы «Шахнамада» да, «Құтты білікте» де айтылады. «Шахнамада» Алып ер Тұңға − Афрасиябқа оншақты тарау арналған. Иран-Тұран арасындағы жаугершілік шайқастардың бірқатарының басты қаһарманы болған Алып ер Тұңға бейнесінің тарихи тақырыптарды арқау еткен «Шахнамада» кеңінен суреттелуі заңды құбылыс. 

Алып ер Тұңға туралы «Шахнамада» жырлануы сонымен қатар өзара әсерлесу құбылысын да аңғартады. Фердаусидің көне түркілердегі «Алып ер Тұңға» дастанын түпнұсқадан оқығаны, өз шығармасында дастан сюжеттерін кеңінен пайдаланғаны туралы біршама ғалымдар болжам айтуда[1]. Ал «Құтты білікте» ол «Тұңға Алып ер» аталып, «Ізгілермен араласудың ізгілігі жайында» атты тараудың 273-282 бәйіттері (20 жол өлең) арналған[2]. Жүсіп Баласағұнның өз жұртының қаһарманы Алып ер Тұңға жайлы халық дастанымен таныс болғандығы күмәнсіз. Автормен замандас әрі жерлес Махмұт Қашқари «Түрік тілінің сөздігінде» Алып ер Тұңғаны жоқтау жырларын толығымен келтірген. 

Бұл да аталмыш дастанның сол тұста түркі халықтарына кеңінен мәлім болғанын аңғартады. «Құтты білік» дастанында сондай-ақ «Шахнама» кейіпкерлері Фаридун мен Заххақтың да есімдері аталып, олардың бастан кешкен оқиғаларына ғибрат ретінде сілтеме жасалады («Байқа, Заххақ сорлы неге сорлады, Фаридун жолын қалай қолдап, оңдады?»)[3].

Мазмұндық үндестіктердің тағы бір көрінісі ретінде қос шығармада көптеп кездесетін нақыл сөздерді айтуға болады. Бұл сәйкестіктің бірнеше себебі бар. Біріншіден, ақылгөйлік-дидактикалық сарын сөз өнерінің тәлім-тәрбиелік қызметін алғашқы орынға қойған ортағасырлық әдебиет туындыларының басты сарыны болып келеді. Екіншіден, көлемді дастандарда нақыл сөздердің ­− хикметтердің шығарманың міндетті құрылымдық бөлігі ретінде қамтылуы да орта ғасырлар әдебиетіне тән көркемдік дәстүр саналған. Үшіншіден, тұтас ұлттың тарихын баяндап, кемел мемлекет келбетін жырға қосқан, жоғары елдік және адамгершілік мақсат-мұраттарды ұстын еткен шығармаларда нақыл-өсиеттердің молынан қолданылуы тақырыптың өзі тудырған қажеттілік деуге болады.

Ирандықтардың «Құтты білікті» «Түрік Шахнамасы» атағаны туралы дастанның алғысөзінде де, негізгі мәтінінде де айтылады. Демек, дастанның иран жұртына да орта ғасырларда-ақ едәуір дәрежеде танымал болғаны айқын. Баласағұн дастанының өз дәуірінде шартарапқа даңқы кеткен туынды болғанын кіріспедегі мына сөздерден аңғаруға болады: «Машриқ уәләйатында, Түркістан өлкесінде Бұғрахан тілінде ешкім бұл кітаптан артық кітап жаза алған емес. 

9.Дешті Қыпшақтағы мәдени жандану процесі. Қыпшақ исламының моңғол ақсүйектеріне әсерін көрсетіңіз. ХІІІ ғасырдың бас кезінде, яғни, 1219 жылы Орта Азияға Шыңғыс хан жорығының басталғаны белгілі. Бұл сол кездегі аса ірі жойқын соғыстың басталуы болса, екінші жағынан бұл соғыс мәдениеттер қақтығысының да бастауы болатын. Қыпшақ ислам мәдениеті мен моңғол мәдениеті. Шыңғыс хан және ол бастаған моңғол шапқыншылығы жалпы адамзатқа, әсіресе түріктерге, олардың болмысына, дініне, жалпы мәдениетіне не әкелді? Жақсылық немесе жамандық әкелді деп жәй айта салу мүмкін емес. Осы мәселе бойынша бүгінде ғалымдарымыздың, зерделі қауымымыздың арасында қарама-қарсы екі ой, көзқарас қалыптасқан. Ортақ көзқарас жоқ. Бірі тек қана зұлымдық әкелді, болмысты, мәдениетімізді бүлдірді десе, екіншісі, оған қарсы түрік болмысын, мәдениетін парсы мәдениетінен, дінінен, болмысынан, тілінен сақтап қалды деген ойды алға тартады. Жалпы бұл моңғол шапқыншылығының ислам тигізген әсері болып табылады. Ал исламның, қыпшақ исламының моңғолдарға тигізген әсері қандай? Орта Азия моңғолдардың қолына өтеді. Шыңғыс хан қайтыс болған соң оның урпақтары осы территорияларда өз билігін жүргізе береді. Атақты Өтеміз қажы өзінің Шыңғыснама атты кітабында Дала уәлаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді делінген. Хан өз төңірегіне діншіл ғалымдарды жинап, мұсылман дінінің таралуына себін тигізген делінеді. XIV ғасырда Өзбек хан(1312-1342) мен моғол ханы Тоғылық Темір (1348-1362) билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлінген. Жазба деректерге қарағанда, хандар шонжарларға исламды зорлап қабылдатуға дейін барған. Ал Тоғылық Темір хан мұсылман дініне кіріп, басына сәлде тақпағандарға қатаң жаза қолданған. Бұдан келіп шығатыны моңғол шапқыншылығы жасалып, моңғолдар үстемдігі орнаса да, қыпшақтар мәдениеті күйрей қойған жоқ. Қайта моңғолдарды өзіне тартып, өздерінің мәдениетімен таныстырды. Бір сөзбен айтқанда моңғолдар ассимиляцияға ұшырады. Ислам дінін қабылдап қана қоймай, қара халықты да ислам дініне кіргізді. Шыңғыс хан кезінде қираған талай мешіттердің орнын толтырды, яғни көптеп мешіттер салдырды.

10.Мухеммед Хорезмидің «Мухабат наме» атты түркітілдес поэмасының рухани құндылығы«Мухабат-наме » ескерткіші қолжазбаларының текстологиялық тұрғыдан зерттелуі 1950 ж. Екінші жартысынан бастап қолға алынды. 1957-1958, 1959, 1961 ж дастанның алғашқы ұйғыр және араб жазуымен көшірілген екі қолжазбасы, салыстыру нәтжесінде құрылған сыни мәтін жарыққа шықса, 1972 ж ескерткіштің ескерткіштің 3 және 4 қолжазбалары табылып «Түркийат межмуасы» журналында жарияланды. «Мн» қолжазбаларының  лексикалық айырмашылықтары бойынша» деп аталатын бірінші бөлімінде әртүрлі саяси тарихи факторлар әсерінен түркі тілдері өздерінің даму тарихында «аралас тіл» деп аталатын дәуірді өткеріп, олар сол уақыттағы жазба тілде айқын көрініс тапқанына; ислам дінімен бірге келген араб әдебиеті түркі әдебиетіне өз ықпалын тигізіп орта ғасыр ақындары араб, парсы, түркі тілдерін ерекше жырлайтын болғанына; соның нәтижесінде Алтын Орда дәуіріндегі жазба мұраларымызда араб парсы элементтері түркі сөздерімен жарыса қолданылғанына ерекше көңіл бөлінеді:  Түркі сөздерінің түркі сөздермен өзгертілуі  Түркі сөздерінің кірме сөздермен алмастырылуы  Кірме сөздердің кірме сөздермен өзгертілуі Аралас тіл ұғымын  жан жақты түсіндіріп, ота ғасыр жазба мұралары тілін құрамындағы тіл элементтерінің қайсысы басым келуіне орай төрт топқа бөлген ғалым Э.Н.Наджип Мн-ні қыпшақ оғыз жазба ескерткіштерінің қатарына жатқызады. Орта ғасыр ақындары түрік, араб, парсы тілдерін еркін меңгеріп, үш тілде бірдей жырлаған. Зерттеліп отырған Мн ескерткішінің кейбір бөліктері таза парсы тілінде жазылған. Түркі тілінде жазылған бәйіттердің өзінде араб, парсы кірме сөздері көптеп кездеседі.  Мн –нің тіліндегі түркі және кірме сөздер қатысын Э. И. Фазылов пен Б. Сағындықов есептеп, нәтижесінде Мн-нің ұйғыр жазулы көшірмесінде 438-түркі,171-араб,121-парсы, барлығы 740 лексемалық бірлік бар екенін және Мн қолжазбаларын көшірушілердің түпнұсқадағы сөзді кірме сөзбен, кеде түркі сөзімен орынсыз өзгерткенін  дәлелдеген:                                    Қара кірпікіңä навäк тêңäлмäс                                    Қәра крпикиңа күндүз теңалмас Түсініктеме: Навак – «оқ» деген мағынаны білдіретін парсы сөзі сұлу қыздың кірпігін суреттеу үшін әдейі қолданылған теңеу сөз. «Мн қолжазбаларының синтаксистік айырмашылықтары» Текстология ғылымының тарихи синтаксис, сөзжасам мәселелерімен тығыз астасып жататыны, түркі тілдерінің динамикалық күйін ретроспективтік тәсілмен зерттеудің маңыздылығы және автордың дербес стильдік ерекшелігін анықтап,оны сақтау мүмкіндігі жөнінде Н.З. Гаджиева, Б.А. Серебреников, А. Мейе, Т. Томанов, Қ. Өміралиев зерттеулерінде сөз болған. «Өлеңнің ұйқас тәртібіне сүйене отырып, түпнұсқаны қайта қалпына келтіру» Мн ескерткіші араб, парсы поэзиясы әсерімен жазылғандықтан дастанның ғазал, фард, мәснәуи секілді шығыс үлгілерінен құралған. Олар бір-бірінен ритмико-интонациялық белгілерімен қоса тармақ соңындағы ұйқас кезігімен де ажыратылады. Түркі жащба ескерткіштерін орта ғасырларда қайта көшірген бақшылар түннұсқа авторының өлеңдегі негізгі ойын дрыс түсінбеуден көп жағдайда  мәтінді өзінше редакциялап отырған. Мұны бәйіттердің ұйқас тәртібінің бұзылуынан анық көреміз.  Сêнің хіĴріңдін асрасун паĴатім  Сениң мехриң билә йоғрылды затым Түсініктеме: түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін «байат» деген сөз қазір құдай деген мағына береді. паĴатім және хаĴатім деген сөздер үйлесіп келеді. Көшірмедегі өзгерістерге түсініктеме бере отыру – текстология ғылымының басты принцптерінің бірі. Өлең сөздегі инверсия құбылысы ұйқас талабы мен стиль ырғақ мотивінен пайда болуы мүмкін. Мысалы: КőңŷІ алмак сэңä да хатм болдï Сеңа алмак көңүлни болды Sanga köngül ler almak hatm boldï Түсініктеме: тармақ басындағы «КőңŷІ алмак»  синтаксистік тіркесінің мағынасына байланысты бәйіттің осы жолын «Адамның көңілін өзіңе қарату саған да тән болды» деп түсінуімізге болады. «Мақсатсыз жасалған өзгертулер тобы және протографтың қазіргі қазақ тіліне қатысы». Мн қолжазбаларындағы байқаусызда жасалған өзгертулерді пайда болу себептеріне қарай үш топқа жіктейді:  Қолжазба мәтінінің дұрыс оқылмауынан жасалған айырмашылықтар  Мәтінді іштей қайталай отырып жазудан жасалған айырмашылықтар  Жазудың ерекшеліктері;  Көшірмешінің көне жазба алфавиттері әріптерін шатастырып алуы. Бұндай ерекшеліктер сирек те болса, кездесіп отырады.  Көне жазба ескерткіштері қолжазбаларын зерттеуші ғалымдардың өздері де кейбір графеманы дұрыс оқи алмағаны байқалады. Профессор Б. Сағындықұлы: «...ескерткіштердегі тілдік элементтерді есепке алуды сандық салыстырулар да – ескерткіштің диалектілік негізін бұлтартпай дәлелдеудің бірден-бір тәсілі, - дейді. Осы тәсілді пайдалану арқылы Мн-де кездесетін оғыз диалектісіне тән элементтерді есептеу арқылы ескерткіш тілінде қыпшақ элементтері басым екенін анықтаған. Мысалы: ай-оғыз тілдерінің элементі, айт – қыпшақ тілдерінің элементі деп ескерер болса, Мн-де ай=фомасы екі рет, айт=формасы бес рет; қайталанып айтылған іс-әрекетті білдіретін тағы шылауының ұяң дауыссыздан басталатын оғыз формасы екі рет, қатаң дауыссыздан басталатын қыпшақ формасы төрт рет кезедесі. Мн-нің сөз тудырушы жұрнақтарына да осындай салыстырулар жүргізген Ә.Керимов: «Ескерткіштің аралас тілде жазылғандығы және онда қыпшақ элементтерінің басым екендігі, әсіресе, көп вариантты жұрнақтардың тұсында анық көрінеді. Мысалы, есім тудыратын =лық жұрнағы ескерткіште 13 сөздің құрамында кездесті. Оның үшеуі = лық,= лүк, сегізі =лы,=ли, ал күрүклү, йүзлү деген екі сөз =лү варианты арқылы жасалған. Мұндағы =лық, =лүк, ұйғыр-қарлұқ, =лы, =ли қыпшақ, =лү оғыз тобындағы тілдерге тән =сыз, =сиз формасында кездесті», - дейді. Сонымен, дастанның тілінде қыпшақ элементтерінің басым келетіні және қолжазбалар арасындағы айырмашылықтардың көне формалары қазіргі қазақ тілінде әлі күнге қолданыстан түспегені, М. Сабыровтың сөзімен айтқанда, «қазақ тілінің қазақтың ұлт болып қалыптаспас бұрын пайда болған тіл екеніне дәлел бола  алады».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]