Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
durystalgan_shpor_belsendy_turizm.docx
Скачиваний:
143
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
265.92 Кб
Скачать

23.Хііі-хv ғасырлардағы ауыз әдебиеті

Ауыз әдебиетіне келер болсақ, Найман Кетбұға -ХІІІ ғ.өмір сүрген жырау, күйші творчествосынан бастауға болады. Шыңғысханға Жошының өлімін естікрткен «Ақсақ құлан» күйінің авторы.

Сыпыра жырау Сұрұлтайұлы –XІV ғасырда ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Дешті-Қыпшақтағы ең атақты сөз зергері. Сыпыра жырау туралы «Ер Тарғын» жырында «тоғыз ханды түзеткен кісі» деп жазған. Сыпыра жырау Тоқтамыс пен Темір арасындағы тартыстарды жырлаған.

ХІV-ХV ғғ. Қодан тайшы, Асан қайғы, Қазтуған шығармалары туындады. Соынмен бірге ХІV-ХV ғғ. Батырлар жыры кең таралды. Мысалы, «Едіге батыр», «Ер Саян», «Қобыланды батыр» жырлары. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.

Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.

Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?

  1. Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі.

  2. Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.

  3. Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.

Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйіҚорқыт сарыныҚорқыт толғауыТәңірі биі. Бұл күйлерде Қорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді.

ХІV-ХV ғғ. Қодан тайшы, Асан қайғы, Қазтуған шығармалары туындады. Соынмен бірге ХІV-ХV ғғ. Батырлар жыры кең таралды. Мысалы, «Едіге батыр», «Ер Саян», «Қобыланды батыр» жырлары

24.ХV-ХVІІ ғасырлардағы рухани мәдениет. Тіл мен жазу ХV-ХVІІ ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты. ХVғасыр – қазақ тілі өзіне тән белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайридің (1530-1605жж.) «Жами ат тауарих» (Жылнамалар жинағы) шығармасы. Автор, өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587 жылы Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды.

Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар қатарына «Шыңғыс наме», «Бабыр нама», «Темір нама» жатады.

Мұхаммед Хайдар Дулати -1546 жылы парсы тілінде жазылған «Тарих-и-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилік Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. ХVІІ ғасыр-Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған.

. Шалкиіз Тіленшіұлы- Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен. Ал, Жиембет жырау Бортоғашұлы-Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы болған. «Әмірің қатты Есім хан» толғауын жырлаған. Ақтамберді Сарыұлы 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. Оның 26 туындысы бізге жеткен. Бұқар Қалқаманұлы –Тәуе хан тұсында ел билеу ісіне араласып, кейін Абылай ханның ақылшысы болған. ХVІ-ХVІІІ ғғ. Би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің шеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар қазақ елінде ғана емес, Ресейде, Хиуада, Жоңғарияда, Цин империясында танымал болған. Атап өтсек, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]