Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДЕБИ ШОЛУ 25.04.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.56 Mб
Скачать

2.3 Этилацетатты экстракттағы заттарды анықтау

Екі жүйелі хроматография әдісі арқылы БСС (40:12,5:29) және 6% НАс (сірке қышқылы) жүйесіндегі еріткіштермен түрлі заттар идентификацияланды. Айқындағыш ретінде УК, NH3, ТАК, ДзПНА қолдандық. Фитохимиялық сараптау нәтижесінде флаваноидтар (17) және флаваноидтың гликозидтелген (18) формасы анықталды. Анықталған заттар 4-сурет және 6-кестеде көрсетілген:

Сурет 4- Этилацетатты экстракттың екі жүйелі ҚХ- сы

Кесте 6- ЭА экстракттағы заттардың ҚХ нәтижесі

Үлгі

Зат

Rf

жүйесінде

УК

NH3

ТАК

БСС

НАс

ЭА экстракт

17

0,89

0,03

Жарық

Сары

Жасыл

18

0,70

0,41

Жарық

Сары

Жасыл

Жұқа қабатты хроматография әдісі арқылы 6:4 (гексан:этилацетат жүйесі) қатынаста этилацетатты экстрактқа тәжірибе жүргіздік. Айқындағыш ретінде 60%-дық H2SO4 қышқылындағы CeSO4 қолдандық. Зерттеу нәтижесінде 5- суретте және 7- кестеде көрсетілгендей, флаваноидтар (21,22) және сапониндер (19,20) анықталды:

Сурет 5- ЭА экстракттың ЖҚХ- сы

Кесте 7- ЭА экстракттың ЖҚХ нәтижесі

Зат

Rf гексан:этилацетат жүйесінде

Түстің өзгеруі

19

0,14

Қою қызғылт

20

0,4

Қою көк

21

0,6

Жасыл

22

0,69

жасыл

2.4 Бутанолды экстрактағы заттарды анықтау

Екі жүйелі қағазды хроматография әдісі арқылы БСС (40:12,5:29) және 6% НАс (сірке қышқылы) жүйесінде, УК, NH3, ТАК, ДзПНА айқындағыштарын қолдана отырып, бутанолды экстракт құрамындағы затты анықтадық. Нәтижесінде флаваноидтың гликозидтелген формасы (23) анықталды. Анықталған зат 8-кесте мен 6- суретте көрсетілген:

Кесте 8- Бутанолды экстракттың ҚХ нәтижесі

Зат

Rf жүйесінде

УК

NH3

ТАК

БСС

НАс

1

0,42

0,24

күлгін

сары

жасыл

Сурет 6- Бутанолды экстракттың екі жүйелі ҚХ- сы

2.5 Сулы қалдық құрамындағы заттарды анықтау

2.5.1 Амин қышқылдарының сандық анықталуы

Амин қышқылдарын сараптау үшін ГСХ әдісі пайдаланылды. Бұл сараптау «Карло Эрбо-4200» (Италия) аминқышқыл анализаторында белгілі әдістеме бойынша өтті. Стандартты ерітіндіні ұстау уақытына байланысты сапалық және сандық сараптау жүргізілді. Нәтижесінде 20 аминқышкылы анықталды (Зат: 24-34), 7- сурет пен 10- кестеде.

Сурет 7- Zygophyllum Rosovii өсімдігінің құрамындағы ГСХ арқылы анықталған амин қышқылдардың сандық мөлшері.

Кесте 10- шикізат құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері

Аминқышқылдары

Сандық мөлшері, мг/100г

1

Аланин

726

2

Глицин

284

3

Лейцин

358

4

Изолейцин

375

5

Валин

236

6

Глютамат

2578

7

Треонин

203

8

Пролин

466

9

Метионин

88

10

Серин

260

11

Аспаратат

1286

12

Цистин

39

13

Оксипролин

2

14

Фенилаланин

270

15

Тирозин

296

16

Гистидин

221

17

Орнитин

2

18

Аргинин

338

19

Лизин

255

20

Триптофан

78

Табиғатта 150- ден астам аминқышқылдарының түрі кездеседі, солардың ішіндегі 20–сына жуығы ақуыз, ферменттер, дәрумендер және басқа да организм үшін қажетті органикалық қосылыстардың негізі болып табылады. Адам организміндегі аминқышқылдың жеткіліксіздігін табиғи тағаммен немесе осы қосылыстар кездесетін дәрілік заттармен орнын толтырады. Көптеген аминқышқылдары физиологиялық қасиет көрсетіп ғана қоймай, жоғары эффективті зат болып табылады.

Ең көп мөлшерде Zygophyllum rosoviі өсімдігінің жер үсті бөлігінде көп мөлшерде глютамат, аспаратат, аланин, пролин, ал аз мөлшерде оксипролин, орнитин кездеседі (4- диаграммадан анық көрінеді). Адам организмінде бұлар маңызды қызмет атқарады, мысал, глютамат көмірсулар биосинтезін, иммунитетті күшейтеді және фолий қышқылынның синтезінде қызмет атқарады, аспаратат жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді және аммиак синтезіне қатысады, аланин бауырда оңай глюкозаға айналады және кері процесс жүреді, ал пролинмен негізгі дәнекер тін ақуызы – коллагенге бай [44].

Диаграмма 4- Zygophyllum Rosovii өсімдігінің амин қышқылдары мөлшері

Екі жүйелі қағазды хроматография әдісі арқылы БСС (40:12,5:29) және 6% НАс (сірке қышқылы) жүйесінде, ЖАК айқындағышын қолдана отырып, сулы қалдықтың құрамын анықтадық. Зерттеу нәтижесі бойынша сулы қалдықтың құрамында флаваноидтың гликозидтелген формасы (Зат:35) анықталды. Анықтау нәтижелері 11- кесте мен 8- суретте нақты көрсетілген:

Кесте- 11 Сулы қалдықтың ҚХ нәтижесі

Үлгі

Зат

Rf жүйесі

УК

NH3

ТАК

БСС

НАс

Сулы қалдық

35

0,35

0,16

Күлгін

Сары

Жасыл

Сурет 8- Сулы қалдықтың екі жүйелі ҚХ- сы

Қорытындылай келе, хлороформды экстракта 10 май қышқылы, хлорофилдер, стероидтар және терпеноидтар идентификацияланды. Флавоноидтар (агликон мен гликозид) мен сапониндер этилацетатты экстрактыда анықталды, ал бутанолды және сулы эсктракттарды флавоноидтың гликозидтелген формасы анықталды.

R1, R2, R3, R4 – -ОН немесе -ОСН3 немесе гликозидтер.

Сонымен қатар, сулы қалдықта 20 аминқышқылы идентификацияланды. Этилацетатты, бутанолды, сулы экстракттарда флавоноидтың гликозидтелген формасы анықталғандықтан, о-толуидин айқындағышымен және стандартты үлгілерді қолдана отырып, БҚХ – ға көмірсуларды анықтау үшін, белгілі еріткіштер (БСС) жүйесіне қойдық. Нәтижесінде, этилацетатты, бутанолды және сулы экстракттарда полисахарид құрылысымен арабиноза, глюкоза мен галактоза идентификацияланды. Сондықтан, біз этилацетатты, бутанолды экстракттағы қоспаның құрамындағы полисахаридтерді анықтау үшін қышқылдық гидролиз әдісін қолдандық. Тәжірибе 6 сағат бойы жүргізілді. Ол үшін әр заттан сынама алып, оған 5%- ды НСL- дың 5 мл құйып тәжірибе жүргіздік. Әр бір сағат сайын сынама алынды. Бір жүйелі қағазды хроматографияға меншіктермен салыстыра отырып, БСС жүйесіне қойып, о- толуиндинмен айқындадық. Зерттеу нәтижесінде этилацетатты экстракт қоспасы құрамында арабиноза (Rf=0,36) (Зат:36) және глюкоза (Зат:37) (Rf=0,29), ал бутанолды экстракт қоспасы құрамында арабиноза (0,31) мен галактоза (0,37) (Зат:38) бар екені анықталды. Қышқылдық гидролиз нәтижесі 9 және 10 суретте көрсетілген:

Сурет 9 – ЭА экстракттың 6 сағаттық қышқылдық гидролиз нәтижесі

Сурет 10- Бутанолды экстракттың 6 сағаттық қышқылдық гидролиз нәтижесі

Тәжірибе жасалған этилацетатты және бутанолды экстракттағы полисахаридтердің құрылысы:

Глюкоза-Арабиноза (Glu-Ara)

n

Галактоза-Арабиноза (Gal-Ara)

O n

Сызба-нұсқа- 3 ZYGOPHYLLUM ROSOVIІ ӨСІМДІГІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ БӨЛУ СХЕМАСЫ

Шикізат

Сулы - спиртті экстракт

1:6 70% сулы спирт

Концентрат

концентрлеу

Хлороформды экстракт

Этилацетатты экстракт

Сулы қалдық

Бутанолды экстракт

хлороформ этилацетат бутанол

ГСХ ЖҚХ ЖҚХ ҚХ ҚГ ҚХ ҚГ ГСХ ҚХ

Зат 1-10

Май қышқылы

Зат

11-16

Зат

19-22

Зат 17,18

Зат

23

Зат

24-34 амин қышқылы

Зат

35

Зат: 36,38

Зат:

36,37