Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.аж жобалау.doc
Скачиваний:
97
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
335.87 Кб
Скачать

3. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу.

Ақпараттық жүйені жобалау – ұзақ мерзімді және динамикалық үрдіс. Қазіргі уақытта қолданылатын жобалау технологиялары жүйені кезеңдік жасауды ұсынады. АЖӨЦ дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең.

АЖӨЦ (өмірлік цикл) келесі кезеңдерден тұрады:

1.Жоба алдындағы кезең;

2.Жобаны әзірлеу кезең;

3Жобаны пайдалануға беру кезеңі;

4.Жаңа сатыға көшу кезеңі

1.Жоба алдындағы кезеңде екі құжат дайындалады:

а) Техника - экономикалдық тұжырымдама (ТЭТ)

б) Техникалық тапсырма (ТТ)

АЖ өмірлік циклінің моделі – қолданбалы программалық қамсыздандыруды жасау, эксплуатациялау және сүйемелдеу үрдісінен, жұмысынан және тапсырмасынан тұратын, жүйе өмірін оған қойылатын талаптардан бастап оның қолданылуы тоқтағанға дейін қамтитын құрылым. Қазіргі кезде оның келесі моделдері белгілі және қолданылуда: каскадты модель, деңгейлі (поэтапная) модель, қайта айналып келу (спиральді) моделі.

Каскадты модельдің негізгі мінездемесі АЖ-ні әзірлеуді кезеңдерге бөлу, бір кезеңнен екінші кезеңге өту ағымдағы кезеңдегі жұмыс толығымен аяқталғанда ғана жүреді. Әрбір кезең АЖ-ні әзірлеу әзірлеушілердің басқа командасына тапсырылатындай құжаттардың толық жиынымен аяқталады.

Каскадты модельде келесі этапқа өту алдыңғы этаптағы барлық жұмыстардың аяқталуын білдіреді.

Әр этап біткен кезде келесі этапта жұмысты жалғастыруға жетерліктей мөлшерде құжаттар жасалып шығарылады. Сонымен қатар жұмыстың этаптары логикалық тізбекте орындалады, ал бұл жұмысқа кететін барлық уақытты және шығынды алдын ала жоспарлауға ыңғайлы. Бұл модельдің кемшілігі бар. Оның кемшілігі – бір этап толық орындалып біткеннен кейін, келесі этапты орындау барысында қателіктер, жетіспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Яғни алдыңғы этаптарға қайтадан баруға тура келетін жағдайлар көп кездеседі. Нәтижесінде жұмыстың орындалу мерзімі ұзаққа созылып кетуі мүмкін.

Деңгейлі (поэтапная) моделі.Бұл модельде алдыңғы этаптарға қайтадан барып, қажет болса түзетулер, толықтырулар енгізуге болады. Каскадты модельмен салыстырғанда деңгейлі (поэтапные) түзетулер бағдарламалық қамтаманы құру процесінің жұмыс сыйымдылығын (трудоемкость) азайтуға мүмкіндік береді. Әр этаптың өмір ұзақтығы бүкіл жұмыстың орындалу уақытына теңестіріледі.

Өмірлік циклдің қайта айналып келу (Спиральді) моделі.

Қайта айналып келу моделінде өмірлік циклдың бастапқы этаптарында талдау (анализ) және жобалау (проектирование) жүзеге асырылады.

Бұл модельде әсіресе программалық өнімді жасаудың бастапқы этаптарына көп көңіл бөлінеді. Олар – стратегияны құрастыру, талдау және жобалау. Онда қандай да бір техникалық шешімдердің жүзеге асырылатындығы немесе жүзеге асырылмайтындығы прототиптер (макеттер) жасау арқылы тексеріледі. Спиральдің әр бөлігі программалық өнімнің бір компонентін немесе бір версиясын жасауды білдіреді. Сол арқылы бағдарламалық өнімнің сапасы тексеріліп, келесі бөліктегі жұмыстар жоспарланады. Спиралді модель бір бөліктен екінші бөлікке жұмысты толық аяқтамай-ақ өте беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде туындайтын мәселе –келесі бөлікке қашан өту керек деген сұрақ. Сол үшін әр бөлікке уақыттық шектеу қойылады. Мысалы, спиральдің разработка деп аталатын әр бөлігіне 2 күннен уақыт беріледі немесе әр тестирование бөлігіне 1 күннен беріледі дегендей. Осылайша спиралдің әр бөлігінде жұмыстың кішкене бір бөлігі жасалып отырады да, соңында дайын өнім шығады. Бұл модель жұмыстың нәтижесіндегі қателіктерді айтарлықтай азайтады. Спиральді модель көбінесе үлкен, күрделі әрі қымбат болып келетін проекттерге арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]