Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7.комп сети.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
355.84 Кб
Скачать

Ip адрестердің жіктелуі

А класы

0

0-127

Х

Х

Х

желі

Түйін

Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1=126 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2=16777214-ті құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдарға, үлкен мекемелерге беріледі,мұнда желілер саны аз,ал әр желіде бірнеше мың компьютер болады.

В класы

10

128-191

N

Х

Х

желі

Түйін

Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214=16384 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2=65534-ті құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.

С класы

110

192-223

N

N

Х

желі

түйін


Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221= 2097152 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2=254. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.

D класы

1110

224+

Х

Х

Х

желі

Түйіндердің логикалық тобы

D класы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Е класы

1111

240>

Х

Х

Х

желі

Е класы болашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең.

DHCP(Dynamic Host Configuration Protocol) түйінді конфигурациялауға арналған динамикалық протокол.Ол TCP/IP желілерінде жұмыс істеуге қажетті IРадрес және басқа желілік параметрлерін автоматты түрде тағайындауға арналған протокол б.т. клиент сервер моделі негізінде жұмыс жасайды.Компьютер клиент DHCPсерверіне сұраныс жасайды және оған жауап ретінде DHCPсервері желілік параметрлер жібереді.

DHCP-дің негізгі қызметі IP адрестер мен конфигурацияның басқа да күйлерін автоматты түрде тарату. DHCP арқылы клиенттер шлюзін орнатуға болады.

7. Tcp/ip хаттамалар стегінің көп деңгейлі құрылымы. Тср хаттамасы. Тср хаттамасының негізгі функциялары. Қосылуды процедурасы орнату.

Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) – гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды

OSI деңгейі

TCP/IP стек деңгейлері

Қолданбалы

Қолданбалы

FTP, telnet, SNMP, SMTP, HTTP, TFTP

Көрсету

Сеанстық

Транспортты

Транспортты

TCP, UDP

        Желілік

Желілік (Интернет деңгейі)

IP, RUP, OSPF. ICMP

       Каналдық

Желілік интерфейстер деңгейі (желілік қолжетімділік) 

Адрестерді өзгерту және инкапсуляциялак хаттамасы

      Физикалық

Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама б.т. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайд/ды. Өзінің кең тарауының арқасында, TCP/IP желілік әрекеттесудің стандартына айналды. TCP/IP ашық жүйеге нег-н және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.Microsoft фирмасының орындауындағы TCP/IP төртдеңгейлі үлгіге жатады

IP хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында датаграммалар д.а.-н деректер блоктарын жіберілуін қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен сенімсіз хаттама б.т.яғни IP деректердің жеткендігін растамайды,алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. IP хаттамасы әрбір датаграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді.

TCP (Transmission Control Protocol) – бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс – жіберуші мен процесс – алушының арасын алдын – ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар.  Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі. 

Мәліметтерді алмасу процесі машина – жіберуші және машина – алушы арасында жалғауды қондыру сұранысынан басталады. Бұл сұраныста арнайы бүтін саны болады, оны біз сокет номері деп атаймыз. Ал жауабына алушы өз сокетінің номерін жібереді. Жіберуші мен алушының сокеттерінің номері жалғауды анықтайды (былай айтқанда, жалғау жіберуші мен алушының IP-адресісіз орындалмайды, бірақ та бұл тек төменгі деңгейлі хаттамаларға қатысты). 

ТСР жалғауын қондырғаннан кейін хабарламаның сегменттері жіберіліп бастайды. Жіберушінің төменгі деңгейлі IP-адресінде сегменттер бір немесе бірнеше дейтаграммаларға бөліне бастайды. Желіні өте келе, дейтаграммалар алушыға келіп түседі, содан IP деңгейі олардан қайтадан сегмент жинақтап ТСР береді. ТСР барлық сегменттерді бір хабарламаға жинақтап отырады. ТСР – дан процесс – алушыға хаттамалардың қада жиналатыны туралы хабарлдама жіберіліп отырады. 

TCP/IP –желілерінде желілік түйіндердің үш деңгейін қарастырады

• Физикалық (немесе локальдік) түйіндер адресі (Желілік адаптердің МАС – адресі немесе маршрутизатордар порттары); Бұл адрестерді желілік құрылғыларды жасаушылар бекітеді;

• Түйіннің IP адресі (мысалы, 192.168.0.1), бұл адрестерді желіге әкімшілік етушілер немесе интернет - провайдерлер бекітеді;

• Символьдық атау (мысалы, www.microsoft.com) ; бұл атауларды да компанияның желіге әкімшілік етушілері немесе Интернет – провайдерлер бекітеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]