Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. informatika_A.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
279.04 Кб
Скачать

9. Программалық жабдықтамалардың (пж) жіктелуі. Жүйелік және қолданбалы пж.

Компьютерлерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет көрсету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады:

  • жүйелік

  • қолданбалық

Жүйелік программалық жабдықтама деп өзіне:

  • операциялық жүйелерді

  • желілік программалық жабдықтамаларды

  • сервистік бағдарламаларды

  • программаларды жасау құралдарын қосатын программалық жабдықтама түсініледі.

Желілік программалық жабдықтама - желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б басқаруға арналған.

Желілік программалық жабдықтамаға:

  • желілік ОЖ

  • желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

- жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

- мәселелік бағытталған ҚПЖ;

- интегралданған ҚПЖ кіреді.

Жалпы мақсаттағы ҚПЖ құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

- графикалық редакторлар;

- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

- мәліметтер қорын басқару жүйелері;

- электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған ҚПЖ - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

- таңбаларды айыру жүйелері;

- статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

- ғылыми зерттеулер жүйелері және т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т.б.).

10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Графикалық редактор -

  1. графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруға арналған программа; графикалық ақпаратты редакциялайтын программа;

  2. дисплей бетінде граффикалық кескіңдер салу процесін автоматтандыруға арналған программа;

  3. графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін программалық комплекс.

Графикалық редактор түрлері: растрлық және векторлық.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. 

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 

Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. 

Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. 

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде кескіннің сапасын жоғалтатыны, файлдар өлшемдерінің өте үлкендігі. 

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. 

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады. 

Қысқаша айтатын болсақ, растрлық кескін компьютерге жазылғанда әр пикселдері жеке жеке сипатталып, анықталып жазылады. Яғни былай. Бірінші қатардағы бірітнші пиксел түсі қара, бірінші қатардағы екінші пикселдің түсі сары,… оныншы қатардағы оныншы пикселдің түсі ақ. Осылай осылай сурет толықтай біткенше сипатталады.

Ал векторда сурет математикалық формулалар, кесінділер арқылы сипатталып жазылады. Яғни былай. Төрт бұрышты кескін, ұзындығы 10мм, ені 10мм, түсі қара. Векторлы кескінді сипаттап жазу әлдеқай оңай әрі қысқа. Сондықтан векторлы кескіннің салмағы да жеңіл, әрі оңай маштапталады.

Расторлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте болса, векторлық графикада – сызық болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]