Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. informatika_A.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
279.04 Кб
Скачать

7. Ms Access сияқты мқбж-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстар, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру.

Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі.

Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

Мәліметтер базасы (МБ) - ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.

Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.

MS Access екі режимде жұмыс істейді:

1) Жедел (оперативті) режим – бірден МБ (мәліметтер базасы) терезесінде жұмыс істеу, яғни оларды қарау, өзгерту, керектісін таңдау жұмысын жүргізу;

2) Конструктор режимі – алдын ала объект макетін-жобасын, құрылымын жасау және оны толықтырып өзгерту.

Сұраныстарды құрастыру. Сұраныстар – бұл пайдаланушы орнатқан шарттың негізінде, бір немесе бірнеше кестелерден өзіне қажет жазуларды іріктеп алуға көмектеседі. Сұраныстың қасиеттері: 1. нәтижелі кестені құрастырғанда, базадан қажет ақпаратты тек таңдамай ғана, сонымен қатар оны өңдеу мүмкіндігі болып табылады (сұрыптау, сүзбеуден өткізу, біріктіру, бөлу, өзгерту). Сонда алғашқы кестеде ешқандай өзгертулер пайда болмайды. 2. қорытынды есептеулер жүргізу мүмкіндігі (өріс бойынша орташа мәнін, ең максималды, ең минималды мәнін, қосындыны табу). 

Форманы құру. Формалар мәліметтердің енгізу жылдамдығын жоғаралатады және олардың дұрыстылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде өзіміздің мәліметтер базамызды құруға болады. Мысалы: жұмысшылардың фотосын қою т.б. Біздер бұнда фондтар жайлы ақпаратты қосамыз: аты, гиперссылка, код фонда, жұмысшылар аты, фамилиясы және олардың лауазымдары.

Бұл форманың көмегімен әртүрлі форма типін құруға болады. Столбец ленточную, табличный, және басқалары. Оның ерекшелігі мәлімет бір – бірінен бөлініп тұрады және нақты әрі тиімді болып келеді.

Формалар – деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі. Құру тәсілдері: 1. автоматты түрде – Автоформа. 2. шебер арқылы – Мастер форм. 3. өз қолымен – Конструктор.

 Есептер құрастыру. Есептер – сұраныстар жұмысының нәтижелерін көрнекті түрде, баспа құрылғысында басылма түрінде алуға мүмкіндік береді (қағаз құжаты). Құру тәсілдері: 1. автоматты түрде – Автоотчет. 2. шебер арқылы – Мастер отчета. 3. өз қолымен – Конструктор.

8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.

Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

Вирустардың пайда болуының келесі негізгі белгілері:

1. Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі;

2. компьютердің баяу жұмыс істеуі;

3.файлдар мен қапшықтардың жоғалуы н/е олардың құрамының бұрмалануы;

4. файлдар өлшемдерінің өзгеруі;

5. дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;

6. бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;

7. компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулардың болуы.

Антивирустық программаларды үш негізі топқа бөлуге болады:

  • Файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

  • Программаға немесе операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте, оларды анықтайтын резиденттік программалар.

  • Вирус/ жұқтырылғаннан кейін, олар-ң бар екенін анықтайтын программа/.

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

  • Детектор программалар - тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.

  • Фагтар немесе доктор-программалар - вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирустарды жояды.

  • Ревизор программалар - компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарады.

  • Доктор – ревизорлар программалар - файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп», бастапқы қалыпты жағдайды түзейді.

  • Фильтр-программа/ н/е «күзетші/» - үнемі компьютер жадында болатын шағын резидентті программа/. Олар компьютердің операция/ын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирус/ға тән күмәнді әрекет/ді табады. Қандай да бір программа осындай әрекет/ді орындамақшы болғанда, «күзетші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді н/е тыйым салады.

  • Вакцина программалар - компъютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]