Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. informatika_A.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
279.04 Кб
Скачать

Информатика

  1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.

  2. ДК жұмыс істеу қағидалары (принциптері). Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары мен олардың атқаратын қызметі.

  3. Компьютердің операциялық жүйелері (ОЖ). ОЖ-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.

  4. ДК-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.

  5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.

  6. Кестелік процессорлар (MS Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.

  7. MS Access сияқты МҚБЖ-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстард, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру.

  8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.

  9. Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі (классификациясы). Жүйелік және қолданбалы ПЖ.

  10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.

«Ақпарат» термині латынның «informatio» - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан.

Ақпарат ұғымы:

1) философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері.

2) Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.

"Информатика" термині француздардың informatique (ақпарат) және automatique (автоматика) сөздерінен шыққан, оның мағынасы -"ақпараттық автоматика". Ағылшын тілді елдерде оның орнына — "Сomputer science“ термині кең қолданылады, сөзбе-сөз аудармасы "Компьютерлік ғылым".

Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика – ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.

Пәндік аймақты келесі ұғымдар анықтайды:

- есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

- есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;

- аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;

- адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;

Информатиканың профильдік емес пән мамандықтары үшін негізгі міндеттері:

- ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру;

- есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;

Информатиканың профильдік пән мамандықтары үшін негізгі міндеттері:

- информатика мен есептеу техникасының базалық ұғымдары мен заңдылықтарын;

- информатиканың пәндік аймағы мен негізгі әдістерін;

- информатиканың даму тарихын;

- ақпаратты өндеуді автоматтандыруға негізделген жүйелерді құру тәсілдері мен әдістерін;

- аппараттық және программалық жасақтамаларды басқау тәсілдері мен әдістерін;

- компьютерлік программаларды құру тәсілдері, әдістері мен құралдарын;

- ақпаратарды қорғау тәсілдерін жалпылау, қорғау әдістері мен құралдарын құру іскерлігіне үйрету болып табылады.

2. Дк жұмыс істеу қағидалары. Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блок/ы мен олардың атқаратын қызметі.

Джон фон-Нейман принципі:

1. Ақпарат екілік сан жүйесінде бейнеленеді және оның  бірлігі сөз д.а. Яғни, нольдер мен бірлерден тұратын жиындар сандарды, командаларды және т.б. ақпараттық объектілерді бейнелейді және оларды сөздер деп атайды.

2. Әртүрлі типтегі ақпарат сөздері (сандар мен командалар) бір жадта сақталынады, олар бірдей кодталынады, бірақ оларды  пайдалану өзгеше болады.

3. Ақпарат сөздері машина жадысының ұяшықтарына орналасады; әрбір ұяшыққа номер беріледі, ол номер сонда жазылған сөздің адресі деп есептелінеді.

Сөзді жадқа жазу үшін ұяшықтың номері көрсетіледі, ал оны пайдалану  қажет болса,  онда оның адресі бойынша тауып алынады. Сонымен, ұяшық адресі онда жазылған команданың немесе шаманың идентификаторы  (машиналық аты) болады. Ұяшықтан алынғанда ондағы сөз өзбетімен жойылмайды; оны өшіргенше қолдануға болады. Ұяшықтағы сөзді өшіру үшін оның орнына басқа сөзді жазу керек; сонда бұрынғы сөз өшіріліп, жаңа сөз соның орнына жазылады.

4. Алгоритм командалар деп аталынатын басқарушы сөздердің тізбегінен тұрады; әрбір команда орындалатын амалдар мен оған қатысушы информациялық сөздерді анықтайды. Машина командалары арқылы құрастырылған алгоритмді программа деп атайды.

5. Есептеулердің орындалу тәртібі алгоритммен анықталып, командалардың тізбегімен (программамен) сипатталынады.

Осы принциптер б/ша ЭЕМ–нің келесі түрдегі құрылғылары болуы тиіс:

- арифметикалық-логикалық құрылғы екілік сан жүйесіндегі сандарға арифметикалық және логикалық амалдарды орындауға арналған;

- басқару құрылғысы программаның орындалу үрдісін ұйымдастырады;

- жад н/е еске сақтау құрылғысы  программалар мен деректерді сақтауға арналған;

- сыртқы құрылғылар  ақпаратты енгізу және шығару үшін қолданылады.

Фон-Нейман принципі негізіндегі құрылған компьютер архитектурасы:

ДК архитектурасы деп компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығы мен олардың арасындағы байланысты айтады.

ДК мына құрылғылардан тұрады:

1) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы)

2) Процессор

3) Шеткі аймақтық құрылғылар

 Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад және тұрақты жад деп екіге бөлінеді.

ОЗУ – оперативтік жады

ПЗУ – тұрақты жады

Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады. Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы оның оперативтік сыйымдылығына байланысты.

Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық әдіспен жазылады.

Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны айтады.

Процессор немесе микропроцессор

Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін ақпаратты түрлендіру. Процессордың құрамында басқару құрылғысы, арифметикалық логикалық құрылғы, регистрлер болады.

Процессор мен негізгі жады аналық платада орналасады.

Шеткі аймақтық құрылғылар.

Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру (матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш).

Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік мәліметтерді қағазға шығаруға арналған.

Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған.

CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.

Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.

Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.

Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]