Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. informatika_A.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
279.04 Кб
Скачать

6. Кестелік процессорлар (ms Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.

Екі экономист студент Дэн және Боб үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартып VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты деп есептейді.

Кестелік процессорлар кестелік құжаттарды компьютердің көмегімен өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлерде Мicrosoft Excel кестелік процессоры кең тараған. Мicrosoft Excel кестелік процессоры деректермен әр түрлі операцияларды орындауға мүмкіндік береді.

Excel кестелік процессоры:

  • Кесте құру және оларға ат қойып, дискіде сақтау;

  • Сақталған кестелерді ашу және оларға түзету жасау;

  • Кестелерге жол, баған, ұяшық қосу немесе оларды кестеден алып тастау;

  • Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіру немесе орын ауыстыру;

  • Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптау;

  • Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулалар бойынша есептеу жүргізу;

  • Кесте деректері бойынша диаграмма құру және оларды кестеге кірістіру;

  • Кестеге графикалық обьектілерді, яғни стандартты суреттер қорынан суреттерді кірістіру;

  • Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығару мүмкіндіктерін қамтиды.

Электрондық кестелер (немесе кестелік процессорлар) деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады.

Ерекшелігі – алдын-ала берілген формулалар бойынша автоматты есептеу мен жаңартуды қамтамасыз ету.

Электрондық кестелер экономикалық, бухгалтерлік, статистикалық және ғылыми-техникалық есептеулерде кеңінен қолданылады.

Электрондық кестелер:

-   мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;

-   қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;

-   есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;

-   тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;

-   параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;

-   кестелік құжаттар дайындау үшін;

-   берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.

Графикалық мәліметтерді көрсету. Диаграмма – сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік берді

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекті графиктік түрде берілуі.

Кестеге мәліметтер енгізу.(формула, мәтін т.б)

MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері.

Кез келген экономикалық мәліметтер қандай да бір экономикалық объектілердің сандық сипаттамаларын көрсетеді. Экономикалық мәліметтердің стохастикалық табиғаты олардың анализі мен өңделуінде арнайы статистикалық әдістерді пайдалануға алып келеді.

Сондықтан да статистикалық анализдің фундаменті болып кездейсоқ өлшемнің ықтималдығы түсінігі болып табылады.

Статистикалық функциялар

Функция

Сипаттама

AVERAGE функциясы

Дәлелердің орташа мәнін береді

BETA.DIST функциясы

Интегралдық ықтималдықтардың бета-үлестірім функциясын береді

BINOM.DIST функциясы

Жеке мәннің биномдық үлестірім ықтималдығын береді

GAMMA.DIST функ-ясы

Гамма үлестірімін береді

MAX функциясы

Дәлелдер тізіміндегі ең үлкен мәнді береді

MEDIAN функциясы

Берілген сандардың медианасын береді

MIN функциясы

Дәлелдер тізіміндегі ең кіші мәнді береді

POISSON.DIST функ-ясы

Пуассон үлестірімін береді

Қаржылық функциялар

Функция

Сипаттама

AMORLINC функ-ясы

Әрбір есепті кезеңге амортизация мөлшерін береді

DISC функциясы

Құнды қағаздың жеңілдік мөлшерін береді

FV функциясы

Қаржы салымының болашақ құнын береді

NOMINAL функциясы

Жылдық номиналдық пайыз мөлшерін береді

PMT функциясы

Бір жылдық табыс үшін мерзімді төлемді береді

PV функциясы

Қаржы салымының қазіргі құнын береді

Сонымен қатар программа қаржылық экономикалық есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептеулер басқарушылық шешімдер қабылдауда пайдаланылатын әдістер мен есептеулерді: қарапайым арифметикалық операциялардан бастап, күрделі алгоритмдерге дейінгі тиімді шешімді анықтау модельдерін қамтиды. Экономикалық есептеулер қатарына келесілер жатады:

-қарапайым пайыздар мен күрделі пайыздар, валюта; -қаржы; -қаржылық активтерді бағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]