Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. informatika_A.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
279.04 Кб
Скачать

Ibm pc компьютерлері 3 блоктан тұрады:

1-блок жүйелік блок;

2-блок мәтіндік және графикалық ақпаратты бейнелейтін монитор немесе дисплей;

3-символдарды енгізуге арналған пернетақта;

Жүйелік блок құрамы: Микропроцессор, оперативті жады, аналық плата, қоректену блогы, қатқыл диск, және т.б.

Мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе дисплей қолданылады.

3. Компьютердің операциялық жүйелері (ож). Ож-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.

Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. ОЖ қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын және басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге,  ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:

1)    Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

2)    Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Дербес компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 95/98, WINDOWS 2000/ХР, OS/2, UNIX, т.б. жатады.

Кез келген ОЖ кем дегенде 3 бөліктен тұрады:

1. Ядро – командалық интерпретатор, ол ОЖ командаларын машина кодтарына айналдырады.

2. Драйверлер – құрылғыларды басқаратын программалар

3. Интерфейс – тұтынушыны компьютермен сұхбаттастыратын ыңғайлы орта. Графикалық интерфейс – шағын суреттермен көмкерілген көзге жылы орта. Алғашқы ОЖ-лер үшін тышқанмен шерту орнына сөз тізбегі енгізілетін. Мыс., Word программасын іске қосу үшін: winword.exe терілетін еді.

ОЖ түрлері:

Атқаратын жұмыстарына қарай екіге бөлінеді:

1. Біртапсырмалы (однозадачная) - DOS

2. Көптапсырмалы (многозадачная) - Windows

Тұтынушы санына қарай екіге бөлінеді:

1. Біртұтынушылы (однопользовательский) - DOS

2. Көптұтынушылы (многопользовательский) - Windows

Разрядтылығына қарай:

1. 16-разрядты (DOS, Windows 3.1)

2. 32-разрядты (Windows 98/ME)

Файл (file – бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны.

Файлдарды ОЖ басқарады. Олардың құрылымы, аталуы, пайдаланылуы, қорғалуы толығымен ОЖ қарамағында. ОЖ файлдармен жұмыс істейтін бөлігі файлдық жүйе деп аталады.

Файлдық жүйе (ағ. File system) – компьютердегі ақпарат тасушылардағы мәліметтерді ұйымдастыру, сақтау және атау әдістерін анықтайтын жүйе. Нақты ФЖ файл атының өлшемін, файлдың максималды мүмкін болатын өлшемін, файл атрибуттары жинағын анықтайды. Кейбір ФЖ сервисті мүмкіндіктерді көрсетеді, мысалы енуді шектеу немесе файлды шифрлеу.

ОЖ тұрғысынан, диск кластерлер жиынынан тұрады. ФЖ драйверлері кластерлерді файлдар мен каталогтарға ұйымдастырады.

Қызметі:

1. Файлға ат беру

2. Қосымшалар үшін файлдармен жүмыс істеудің программалық интерфейсі

3. ФЖ-ң логикалық моделін көрсету

4. Қоректену ақауларына, аппаратты және программалық жабдықтардың қателіктеріне ФЖ-ң орнықтылығын ұйымдастыру

5. Жүйенің басқа объектілерімен дұрыс әрекеттесуі үшін қажетті файл параметрлерін қамту.

Түрлері: FAT32, HPFS, ext2, QIC, ISO9660, HFS, UDF, AEFS, NFS, CIFS, SSHFS, GmailFS т.б.

Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады. Жалпы атрибут файл қасиеттерiн анықтайтын параметрлер, олар төртеу:

• Файл аты мен типі;

• Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі (дата мен уақыт);

• Файлдың байтпен берілген көлемі;

• Файлдың қорғаныс деңгейлері, маңыздылығы:

a. Архивтi (Archive) файл – өзгертуге, өшіруге болады;

b. Тек оқу үшiн (Read only) қолданылатын файл;

c. Жасырын (Hidden) сақталатын, көрсетілмейтін файл;

d. Жүйелік (System) тек оқылатын, әрі жасырын сақталатын файлдар, ОЖ файлдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]