Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

МЗАБ ТУРАЛЫ ТАНЫМ

.pdf
Скачиваний:
20
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
712.06 Кб
Скачать

ТҰРАР ТҮГЕЛҰЛЫ, БАТЫРБЕК ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ

МӘЗҺАБ

ТУРАЛЫ ТАНЫМ

Алматы 2011

УДК 28

ББК 86.38 Т 87

Түгелұлы Т., Тұрғанбекұлы Б.

Т 87 Мәзһаб туралы таным. - Алматы, 2011. – 176 бет.

ISBN 978-601-06-1202-0

Әрбір мұсылманның мәзһаб жайлы мағлұматы болуы керек. Құран мен сүннетті дұрыс түсінем, оның үкімдерін іске асыруда дұрыс жол ұстанам деген әрбір адам мәзһаб атымен қалыптасқан ережелер мен негіздерден ауытқып кете алмайтынына көзіңіз жетеді. Аталмыш кітапта осы мәселелерге тоқталатын боламыз. Яғни бірінші - мәзһабтар жайлы таным қалыптастыру, екінші - мәзһабқа қарсылардың сөздерін талдау арқылы мәзһабтардың маңыздылығын айқындауға тырысамыз.

Кітаптыңмазмұнысалмақты,тіліоқылуғажеңілеңбексаналы оқырманның жүрегіне жол табады деген сенімдеміз.

УДК 28

ББК 86.38

ISBN 978-601-06-1202-0

© Тұрар Түгелұлы, Батырбек Тұрғанбекұлы, 2011

Алғы сөз

Аса мейірімді, Мейірбан Алланың атымен.

Құдайға шүкір, қазірде елімізде төл дінімізге деген ықылас-пейіл ерекше. Әсіресе, қазіргі қазақ жастарының имани танымын тұғырлауға, діни білімге деген құштарлығы көңіл қуантады.

Ғылым-білім дамыған кезде бәсекелестік пен пікірталастың да дамитындығы аян. Ақиқаттың да шынайы біліммен сөз таластырғанда ғана айдынға шығатыныайдананық.Соңғыуақыттардақоғамымызда сан ғасырлардан бері қазақ халқына сіңісті болып, ұлттық дағдысына айналған дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын басым көпшілік жамағатпен қатар ешбір мәзһабты мүлде мойындамайтын, әрдайым «бүйректен сирақ шығаруға» бейім бәзбір топтардың бас көтеріп жүргендігі жалпы жұртқа жасырын емес.

Сондықтан да барша адамзатты әдептіліктің биік шыңына бастайтын асыл дініміздің мақсат-мұраттарын жете түсіне алмаған сондай кертартпа топтардың керағар пікірлерін ғылыми тұрғыдан терістеп, мәзһаб ұғымы туралы кеңірек түсінік беретін еңбектер керекақ.

Осы тұрғыдан алғанда қолыңыздағы дінтанушылар Түгелұлы Тұрар мен Тұрғанбекұлы Батырбектің «Мәзһаб туралы таным» атты еңбегі сол олқылықтың орнын толтыратын құнды дүние. Бұл еңбекте Ислам дініндегі дәстүрлі мәзһабтар туралы келелі әңгіме өрбіген. Мәзһабтардың шығу тарихы мен қалыптасу

3

Мәзһаб туралы таным

сатылары жайында толыққанды талқы жасалған. Әрбір мұсылманғабелгілібірмәзһабтыұстанудыңқажеттілігі бұлтартпас дәлел-дәйектер арқылы түсіндірілген. Сондай-ақ, мәзһабсыздықтың жеке мұсылманға һәм күллі мұсылман өркениетіне келтіретін қатерлі салдарлары жайындағы мұсылман әлеміне танымал әйгілі теолог-ғалымдарының құнды пікірлері өз орайымен келтірілген.

Дін саласындағы сан алуан пікірлердің дұрысбұрыстығын білуге ұмтылған әрбір жан үшін осы еңбектің құндылығы ерекше болары даусыз. Сөз соңында төл дініміздің өркендеуіне көптен бері үлес қосып, халайыққа дұрыс діни ұстанымдарды таратып жүрген кітап авторларының әрбір ісіне тауфиқ, табыс тілейміз. Раббы Тағала істеріңізді оңдасын! Әмин.

Сәбит Ибадуллаев, әл-Әзһар университетінің түлегі

4

Кіріспе

Аллаһ тағалаға хамд (мақтаулар) болсын. Оның таңдаған,сүйгенқұлдарынажәнеадамзаттыңасылтәжі болғанМұхаммедке(с.а.у.)сәлемжәнесалауатболсын. Ұлыпайғамбардың(с.а.у.)пәкотбасына,әділсахабаларына Аллаһтың нұры жаусын.

Араб тілінің сөздігінде «жүрілген жол» мағынасын білдіретін «мазһаб» сөзінің терминдік мағынасы – Исламдініндемужтахиддепқабылетілгенкісініңсенім (ақайд) мен амалда (фиқһ) білдірген көзқарастарын ұстанатын жол. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) адамдарға жеткізген Ислам дінінің сенім және амал саласында кейбір мәселелерін дәлелдеп одан үкім шығарып оларды түсінуде ғалымдар бір-бірінен өзгеше көзқарастар айтқан. Міне бұл көзқарастардың жиынтығын «мәзһаб» деп атаған.

Ислам тарихында мәзһаб сөзі итиқади (сенімге), саяси және фиқһқа (амалға) байланысты көзқарастардың барлығына қолданылады. Бірақ саяси және итиқади мәзһабтарға «фырқа», «нихлә», сөздері көп қолданылуда. Фырқа сөзі әр түрлі көзқарасты ұстанатын топтар деген мағынаға келеді. Нихлә болса көзқарас, сенім деген мағынаны білдіреді.

Ислам тарихындағы мәзһабтар үшке бөлінеді. Саяси, итиқади (сенімге байланысты) және фиқһи (амал) мәзһабтар. Дегенмен бүгін халық арасында мәзһабсөзікөбінефиқһмәзһабтарыүшінқолданылуда. Мәзһабты қолдаушы да, оны жоққа шығарушы да осы

5

Мәзһаб туралы таным

мәзһабтар төңірегінде әңгіме қозғайды. Сондықтан фиқһ мәзһабтары жайында кеңірек тоқталу бүгінгі күннің талабы болып отыр.

Мәзһаб жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін бәрінен бұрын мәзһаб туралы таным болуы шарт. Себебі бүгін мәзһабтың маңыздылығын насихаттаушылармен қатар, мәзһабтың терістігін алға тартушылар да көптеп кездеседі. Мұндай жағдайда мұсылман кісі қайсысын таңдайды? Қай пікірді қолдайды? Ешқайсысына қосылмай бейтарап қала алады ма? Міне осындай сұрақтар көпшілік көңілін күпті етуде. Мұндай күдіктерден арылудың бір ғана сенімді жолы бар. Ол – таным жолы. Сондықтан әрбір мұсылманның мәзһаб жайлы мағлұматы болуы керек.

Бүгін фиқһ мәзһабтарының құрылымы, қамтитын нысаны жайлы біріміз білсек, енді біріміз білмейміз. Осыбілместіктіңсалдарынантерісшешімқабылданып, орынсыз үкім беріліп жатады. Егер біз фиқһ саласының қаншалықты кең ауқым қамтитынын көз алдымызға елестетеалсақ,ондаөзбетімізшемәселелелердішешуге асықпас едік. Кейбір теріс пікірлердің әсеріне еріп, шариғат саласын бір-екі аят, екі-үш хадиспен шектемес едік. Міндетті түрде бұл саланың білгірі, маманы болуы тиіс деген ойға барар едік. Ал, бүкіл үммет мойындап келген фиқһ саласының басшылары-төрт мәзһаб имамы жайлы мағлұматтарға ие болған адам оларды арзанқол, тегі белгісіз бүгінгі білімпаздарға қалай ғана айырбастамақ? Егер ол имамдардың ғылымдағы жолдарының пайғамбарымызға (с.а.у.) ұласатынын, олардың Аллаһтың дінінде қаншалықты турашыл болғандығын білсек, қалай ғана олардың қалыптастырып кеткен жолын Құран мен сүннетке

6

Мәзһаб туралы таным

қайшы жол немесе олардың өздерін пайғамбарымызға параллель шариғат иелері етіп көрсетуге, орынсыз айыптауға аузымыз барар еді?

Мәзһабжайлымағлұматалғаннанкейін,мәзһабтың маңыздылығын, ислам үмметі үшін алатын орынын білудің көп қиындығы жоқ. Мәзһабтың қалыптасуына себеп болған негізгі тіректерін алып тастасаңыз оның орынын өзге ештеңе жаба алмайтындығын көресіз. Құран мен сүннетті дұрыс түсінем, оның үкімдерін іске асыруда дұрыс жол ұстанам деген әрбір адам мәзһаб атыменқалыптасқанережелерменнегіздерденауытқып кетеалмайтынынакөзіңізжетеді.Алдағытақырыптарда осы мәселелерге тоқталатын боламыз. Яғни бірінші – мәзһаб туралы таным қалыптастыру, екінші – мәзһабқа қарсылардың сөздерін талдау арқылы мәзһабтардың маңыздылығын айқындауға тырысамыз.

Сонымен қатар итиқади мәзһабтар да мұсылман қауымы үшін зор маңызға ие. Бірақ біз бұл жерде тек олар жайлы жалпы мағлұмат беруден әрі аспайтындығымызды ескере кеткенді жөн санадық.

7

8

І бөлім

Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар

9

10