Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

МЗАБ ТУРАЛЫ ТАНЫМ

.pdf
Скачиваний:
20
Добавлен:
27.02.2016
Размер:
712.06 Кб
Скачать

Іі бөлім.

Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері

71

72

1. Себеп: сахабалар заманында мәзһаб болмауы

Сахабалар кезінде неге мәзһаб болмады?

Мәзһабтардың қалыптасуынан хабарсыз кейбір адамдарды «Бұл үмметтің ең абзал жандары сахабалардың кезінде мәзҺаб жоқ еді ғой. Енді біз олардың істемеген ісін қалай істейміз? Бұл бидғат емес пе?» деген сұрақ көп мазалайды. Бұл сұрақтың жауабы өз ішінде жатыр. Яғни олардың ең абзал жандар ретінде бағалануы оларды арнайы құрылған жолға мұқтаж қылмады. Әрине олардың абзалдығы өздеріне тән сипаттарға байланысты еді. Оларды мәзһабқа мұқтаж етпеген сипаттарды төменде баяндайтын боламыз. Жоғарыдағы сұрақты қою – соқыр адамның қасындағы көзікөретінадамғаеріп,мағандатаяққажетіжоқдегені секілді нәрсе ғана. Ал, «пайғамбарымыздың (с.а.у.) кезінде неге мәзхаб болмады?» – деп сұрау – уахидың мәні мен мағынасын білместіктен ғана шығатын сөз.

Иә, сахабалар кезінде неге мәзһаб болмады...? Себебі, сахабалардың бойынан ғана табылып, одан кейінгі ғасырларда бірте-бірте жоғала бастаған екі ерекше сипат болды. Олардан кейінгі келген мұсылмандар бұл екі сипатқа ие бола алмады. Сахабалар осы екі қасиеттің арқасында сенім негіздеріне немесе ғибадат мәселелеріне байланысты Құран мен Сүннеттенүкімдершығарудасүйенетінарнайығылыми әдістемелік ережелерге мұқтаж болмады.

73

Мәзһаб туралы таным

Бұл екі қасиет мыналар еді:

1.Өзге тілдердің әсерінен ада, таза араб тілін меңгеруі;

2.Қалтқысыз бойсұнуға итермелейтін таза ислами болмысқа ие болу.

Құран мен сүннеттен үкім шығаруда ғылыми қағидаға сүйенуге деген қажеттілік – иә, араб тілі мен әдебиетіндегіәлсіздіктен,иәболмасатараптарарасында бойкөрсететінтүсінікпенкөзқарасайырмашылығынан туындайтындығы білгілі. Сахабалардың заманында әсіресе, алғашқы буынында бұл екі мәселе толығымен жоқ еді. Бұған сол кездегі діни мәселелердің шектеулі, аз болып Құран мен сүннеттегі айқын тақырыптардың тысына шықпағандығын қоссақ, алғашқы буын сахабалардыңқандайдабіререже–қағидатжинақтарына мұқтаж болмағандықтарын анық көреміз. Олар өз араларында дау-жанжалға түспегендіктен, жүгінетін арнайыжолдаіздегенжоқ. Тілмеңгерудежәнеарабша түсінуде ешқандай қиындықтарға жолықпағандықтан, тілдік ереже – құралдарға да зәрулік жоқ еді. Қияс және басқа пікірлерді қолданатындай жаңа мәселелер көбейгенемеседі.Жалпыайтарболсақ,сахабадәуірінде мәзһабтың бүгінгі үлгіде құрылуына алғышарттар болмаған еді. Сонымен қатар сахабалардың бұл ұстанымдары ұзаққа созылмады. Исламның жайылуынан туындаған өзгерістер оларды жаңа шешімдер қабылдауға итермеледі.

74

Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері

Сахабаларды өзгеріс жасауға итермелеген себептер мен мәзһабтардың құрылуының алғы шарттары

Жоғарыдағы сахабалардың алғашқы кезеңіндегі жағдайлар соларға тән шарттарға сай екендігін айтып өттік. Алайда олардың бұл халі жалғасын таппады. Керісінше жаңа жағдайлар мен себептердің аясында тоқтап қалды. Сөйтіп олар ғылыми-теориялық тұрғыда және тәрбиелік жолдарында жаңа кезеңге аяқ басты. Енді сол жаңа кезеңге өтуге әсер еткен себептерге қысқаша тоқталайық.

Бірінші себеп: Исламның жайылу шеңберінің кеңеюі

Өзге елдермен етене араласу өзара ынтымақтастық пен қолдауға құрылған мәдениеттің бой көтеруіне негіз болды. Халықтар арасында білім саласы мәдениғылыми тұрғыдан басты рөл ойнады. Аралас өмірдің нәтижесінде әлеуметтік және экономикалық салаларда әдет-ғұрып пен тәжірибелердің, яғни өмір сүру салтының жаңа тәрізі пайда болуы сөзсіз еді. Бір жағынан ғылыми тұрғыдан ғылым мәжілістерінде әр түрлі діни және әдеби тақырыптарда бір-біріне қайшы мәселелер бой көрсетті. Құрандағы муташабих және мағынасы ашық емес аяттар мен ғайыпқа байланысты мәселелердің қозғалуы, ғалымдардың бұл мәселелер төңірегінде ізденуін және арнайы әдебиеттерде еңбектерін жинақтауына алып келді.

РиуаятбойыншаәзіретіОмар(р.ғ.)біркүніөз-өзіне былайсұраққояды:“ПайғамбарыбірболғанМұхаммед (с.а.у.)үмметіқалайшатүсініспеушіліккебарады?”Осы сұрақтың жауабын сұрау үшін Абдуллаһ бин Аббасқа хабар жолдап құзырына шақыртады да оған: “Бұл

75

Мәзһаб туралы таным

үмметтің Пайғамбары бір, құбыласы бір, кітабы бір болатұрақалайшаталасады?”–депсұрайды.Абдуллаһ бинАббастабылайдепжауапбереді:“Әймүминдердің әміршісі! Құран біздің кезімізде түсті. Біз оны оқыдық және түсіндік. Бірақ бізден кейін бір қауым келеді, олар Құран оқиды, бірақ не үшін түскендігін білмейтін болады. Осылайша түсініспеушілікке барады.”

Екінші себеп: Өзге дін өкілдерінің көптеп Исламға кіруі

Яһудилер, Христиандар, Зәрдуштер, Брахмандар және тағы да басқалар бар еді. Бұлардың арасында бұрынғы діндерінде ғалым болғандары да жетерлік. Енді олар Исламға бұрылып, оның тағылымдары мен үкімдерін үйренуде өздерінің бұрынғы діндерімен салыстыра отырып ой елегінен өткізді. Бұл табиғи қажеттілік еді. Осы нәрсе сахабалар мен олардың арасында пікірталастардың пайда болуына итермеледі. Әрине, олардың арасында әлі де бұрынғы діндерінің шырмауынан шыға алмағандар да бар болатын. Олар реті келгенде өз пікірлерін Ислам бояуымен бояп ұсынуға тырысты. Осы қате пікірлер мен сенімдерден сақтандыру үшін олардың түсінетін, қолданатын әдістәсілдерін қолдана отырып жауап қайтару қажеттілігі туындады. Сахабалар бұлардың барлығынан бас тартып аталмыш топтардың теріс пікірлерін емін-ер- кін жаюына жол бере алмады. Бұрынғы шексіз тәсілім мен иман ләззатының рахатынан туындаған теориялық саладағы үнсіздіктен шығып, ғылыми қағидалар мен тіл қағидаларына және сана-түйсікті ақиқатқа жетелейтін логикалық дәлелдердің билігіне жүгінуге мәжбүр түрде көшті.

76

Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері

Үшінші себеп: Көрші мемлекеттердің тұрғындарының топ-тобымен дінге кіруі болды

Бұл көптеген сахабалардың сол елдерге дін тағылымдарын үйретуі үшін таралуын қажет етті. Олар танымайтын қоғамда жат әдет-ғұрыптардың ішінде бұрын-соңды білмеген проблемалармен бетпе-бет келгенде әуелде қолданылмай келген және жабық тұрған ижтихад есігін ашып қолдануға мәжбүр болды.

ОларПайғамбарымыздан(с.а.у.)көріп,естігендерін барғанжерлеріндетүсіндіребастады.Бұлсахабалардың Расулуллаһтың (с.а.у.) әрбір айтқандарын естуі немесе істеген істерінің барлығын көруі мүмкін емес еді. Олар барғанжерлеріндедәлелкөзінеайналды.Яғнижаңадан мұсылман болған немесе Ислам жайында айтарлықтай мағлұматы болмағандар олардан түрлі мәселелерде діннің үкімін сұрады. Сахабалар сұралған сұрақтардың жауабынәуеліҚұраннан,сосынсүннеттеніздеді.Олардан таба алмағандарына өз ижтихадтарымен (Құран мен сүннетке қарап түйген ойларымен) үкім берді. Бұл сахабалар мұнымен қатар көптеген шәкірттер оқытты. Оларғатабииндердепатады.Сахабалардәуіріненкейін табиин ғалымдары да мұсылмандарға пәтуа беріп, әрі олар да шәкірттер жетілдіре бастады. Олардың шәкірттеріне әтбау-т табиин деп атады. Әтбау-т табииндер де табииндердің жолын қуды.

Сахабалардың, табиғиндердің және әтбау-т табиғиндердің берген пәтуаларының арасында бір-бірі- нен өзгеше үкімдер пайда болды. Мұсылмандар тек өздерітұрғанаймақтарындағыөмірсүргенимамдардың пәтуасын біліп, сонымен амал жасайтын еді. Міне, осының салдарынан да фиқһ мәзһабтары туындады.

77

Мәзһаб туралы таным

Әр түрлі елдерге таралып осы жолдың жайылуына себепші болған әйгілі сахабалар мыналар: әділетті төрт халифа және Абдуллаһ ибн Омар мен Айша анамыз (Аллаһ тағала олардан разы болсын) Мәдинада қалды. Абдуллаһ ибн Аббас Меккеде, Абдуллаһ ибн Масғуд Куфада, Әнас ибн Малик пен Әбу Муса әл-Әшғари Басрада, Убада ибн әс-Самит және Мұғаз ибн Жабал Шамда, Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (Аллаһ тағала олардан разы болсын) Мысырда болды.

Төртінші себеп: Дін бұзарлардың жайылуы мен мұсылмандардың арасында сенім негіздеріне байланысты күмән тудыру үшін әр түрлі талас мәселелер мен күмәнді ойлар таратушылардың шығуы болды

Бұл оқиғалар сахабалардың кезінде шектеулі болғанымен Ислам территориясы кеңеюімен бірге кең тарай бастады.

Бұл тұрғыда да сахабалар мен ғұламалар тиісті жауабын беріп отырды. Айтыс пен пікірталастан шығар жол жоқ екенін көрді. Бүлікшілердің өздері қолданатын диалектикалық және логикалық әдістерді өздеріне қарсы қолданды. Бұл мәселе жайында хазіреті Әлидің (Аллаһ одан разы болсын) мынадай сөзі бар «Адамдардың білетін нәрселері арқылы сөйлесіңдер. Олардыңқабылдайалмайтыннәрселерінқолданбаңдар. Әлде (оларға дұрыс түсіндірмей) Аллаһты және оның Пайғамбарын (с.а.у.) жалғанға шығаруын қалайсыңдар ма?!».

Сахабалар мен табиғиндар тарихын зерттеген әрбір адам олардың діннің өркендету жолындағы осы секілді еңбектерін көптеп көре алады. Сондықтан бүгінгі діни ғылымдардың барлығының, соның ішінде фиқһи

78

Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері

мәзһабтардың негізі сахабалар кезінде қалыптаса бастаған деп толық айта аламыз. Өйткені жаңа шыққан проблемаларжаңашешімқабылдаудыталапетеді.Олардан кейін аз ғана уақыт өткенде осыншалық дәрежеде тәсілдерін өзгертуге мәжбүр болса, ғасырлар өткеннен кейін, «сахабалардың кезінде неге мәзһаб болмады?» деп, сахабалар өмірінің сыртқы көрінісін аңсау ағаттық қана болар еді. Мәзһабтардың құрылымы жайлы тақырыпта мәзһабтың құрушыларының барлығы сахабалармен сабақтастықты үзбегендігін көреміз. Яғни мәзһаб – сахабалар кезінде басталған шариғи үкімдерді жүйелеу процесінің толыққан формасы ғана.

79

Мәзһаб туралы таным

2. Себеп: шариғат ғылымына жеңіл қарау, ижтихад-тақлид мәселесін ескермеу

Құран мен хадистер алдымызда дайын. Олай болса, неге ең дұрыс үкімді өзіміз таңдап алмаймыз?

Мәзһаб имамдары мен біздің арамызда не айырмашылық бар?

Бұлсұрақтардабүгінгідінгебетбұрғанадамдардың көп жолығатын сұрақтары. Әттең, шын мәнінде Құран мен хадисті шарттарына сай түсініп, өмірге ұштастыра алатын азаматтар шығып, бүгінгі күннің проблемаларын шешіп беріп жатса, қандай тамаша?! Әлі де арамыздан ғұламалар шығады деп үміттенеміз. Бірақ дін кімкөрінгенніңойынынаайналмасүшін(бүгінгіболып тұрғанындай),ижтихаджәнеоныңшарттарынескесала кеткендіжөнкөрдік.Себебібұлшарттарғасайболмаған адамның шариғат үкімдеріне бас сұғу екі дүниеде де обалы бар іс. Бұл дүниеде өзіңді де, өзгені де адастырады. Ал, ақыретте мұның есебі оңай болмасы анық. Сондықтан ижтихад шарттарына сай бола алмағандар «Егер білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар!» – деген Аллаһ Тағаланың әмірі бойынша білімділерге еруге шақырамыз.

Ал, Сіз қай топтасыз? Білім иелері – мүжтаһидсіз бе, әлде оларға еруші – муқаллидсіз бе? Мұны бірге қарастыратын боламыз.

80