- •Мемлекет және құқық теориясы
- •С.Торайғыров атындағы пму Ғылыми Кеңесімен ұсынылған
- •2 «Мемлекет және құқық теориясы» курсының бағдарламасы
- •4 Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны
- •6 Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормаларға жалпы сипаттама
- •9 Мемлекет пайда болуының патриархалдық теориясы
- •11 Мемлекет пайда болуының күштеу (озбырлық) теориясы
- •12 Мемлекет пайда болуының материалистік теориясы
- •13 Мемлекет пайда болуының органикалық теориясы
- •16 Мемлекет пайда болуының патримоналдық теорясы
- •21 Мемлекеттің нысаны
- •22 Мемлекеттің басқару нысаны
- •23 Мемлекеттің құрылым нысаны
- •24 Мемлекеттің саяси режимі
- •1) Демократияның екі түрі бар:
- •25 Мемлекет функцияларының түсінігі мен белгілері
- •26 Мемлекет функцияларының түрлері
- •28 Мемлекет механизмінің түсінігі
- •29 Мемлекет механизмінің құрылымы
- •30 Мемлекеттік органының түсінігі және оның түрлері
- •31 Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
- •33 Мемлекет пен құқықтың қоғамның саяси жүйесінде алатын орны мен рөлі
- •34 Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың саяси жүйедегі орны
- •35 Құқықтық мемлекеттің түсінігі
- •36 Құқықтың мемлекеттің қағидаттары
- •39 Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы
- •44 Объективтік және субъективтік құқық
- •46 Құқықтың пайда болуы туралы теориялары
- •54 Әлеуметтік нормалардың түсінігі
- •55 Әлеуметтік нормалардың түрлері
- •56 Техникалық нормалар
- •60 Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері
- •62 Құқық нормасының түсінігі және белгілері
- •2) Мазмұны бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:
- •66 Құқық шығармашылықтың түсінігі және түрлері
- •67 Заң шығару үрдісінің сатылары
- •69 Консолидация нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің бір түрі ретінде
- •70 Кодификациялау нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің бір түрі ретінде
- •71 Қалыпты құқықтық актiлердi есепке алу нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің бір түрі ретінде
- •Iздеу мынадай түрде жүргiзiледi:
- •74 Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері ретінде
- •75 Құқық саласы
- •1) Мазмұны бойынша:
- •85 Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы
- •88 Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер
- •1) Туындайтын салдардың сипаты бойынша:
- •97 Құқықтағы қарама - қайшылықтың түсінігі мен себептері
- •98 Құқықтағы қарама- қайшылықтың түрлері
- •101 Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі және элементтері
- •102 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі
- •105 Құқықбұзушылықтардың түсінігі және белгілері
- •106 Құқықбұзушылықтардың түрлері
- •108 Заңды жауапкершіліктің түсінігі және белгілері
- •111 Әрекеттің құқыққа қайшылығын және заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар
- •113 Заңдылықтың кепілденуі
- •116 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
- •117 Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы
- •118 Құқық пен мораль
- •120 Құқық пен саясат
- •Әдебиеттер
4 Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны
Қазіргі кездегі ғылым – бұл жекелеген ғылым салаларының жиынтығы. Ғылымдар жүйесін қалыптастыратын ғылыми пәндерді шартты түрде үшке бөледі:
а) гуманитарлық;
ә) техникалық;
б) жаратылыстану.
а) Гуманитарлық ғылым – қоғамды, адамдарды және әлеуметтік құбылыстарды зерттейді. Заң ғылымдары гуманитарлық ғылымдардың бір бөлігі. Өйткені, мемлекет пен құқық әлеуметтік құбылыстар болып табылады. Заң ғылымдарын келесідей бөлуге болады:
- мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы;
- тарихи құқықтық ғылымдар (Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, шетел мемлекет және құқық тарихы, саяси құқықтық ілімдер тарихы);
- салалық заң ғылымдары (Конституциялық, экологиялық, әкімшілік, жер, отбасы құқығы);
- салааралық заң ғылымдары (азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу құқығы);
- шетел
- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот сараптамасы, құқықтық статистика).
Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүйесінде бола тұра, философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен және т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет және құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нәтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы әдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет және құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар ұшін нақты материалдар береді.
Заң ғылымдар жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының орны ерекше. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тән ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада – тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тәртіпте зерттесе, мемлекет және құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мәнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын және т.б. зерттейді.
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет және құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді, ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пәні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы барлық салаларға ортақ мәселелерді зерттейді, яғни, мемлекет және құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.
5 Алғашқы қауымдық құрылыстағы билікке жалпы сипаттама
Қоғамның мемлекеттен бұрын пайда болуының ескере отырып, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды толық түсіну мақсатында алғашқы қауымдық құрылыста болған әлеуметтік билік пен нормаларға сипаттама беруге қажет.
Алғашқы қауымдық құрылысқа тән белгілер:
1) тек қарапайым еңбек құралдарының болуы және адамдардың ру мүшелерінің көмегінсіз өмір сүре алмауы, сондай-ақ тамақпен, киіммен, тұрғын–жаймен қамтамасыз ете алмауы. Сондықтан, бұндай қоғамға артық өнім, жеке меншік, бай мен кедейге бөліну болған жоқ. Экономикалық тұрғыда барлығы тең болды, барлығы бірге тұрып, өндіріс құралдарына қоғамдық меншік болды, өнімдер тең негізде бөлінді.
2) экономикалық теңдік саяси теңдікке негізденді. Тайпа тұрғындарының барлық ер және әйел адамдары тайпаның қызметіне байланысты барлық сұрақтарды шешуге қатысты.
Алғашқы қауымдық құрылыстағы биліктің белгілері:
- билік отбасы қатынастарына негізделді, өйткені, қоғамның ұйымдастырушылық негізінде ру, яғни қан туыстығы бойынша біріккен адамдардан тұрды. Әрбір ру шаруашылық бірлік, өндіріс құралдарының меншік иесі және қоғамдық еңбек үрдісін ұйымдастырушысы ретінде болды.
- билік тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократияға, өзін-өзі басқару функциясы негізінде қалыптасты;
- билік ру мүшелерінің беделіне, салт-дәстүріне және сыйластыққа негізделді;
- билікті қоғам тұтастай немесе оның өкілдері жүзеге асырылды, яғни билік органы ретінде ру жиналысы, ақсақалдар, әскербасылары болды, олар алғашқы қауымдық құрылыстың маңызды мәселелерін шешті.