Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b398.doc
Скачиваний:
714
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
778.75 Кб
Скачать

69 Консолидация нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің бір түрі ретінде

Жүйелеудiң келесі түрi – консолидация (топтастыру), яғни қалыпты актiлердiң көптiгiн бiр iрiлендiрiлген актiге бiрiктiру. Жаңа iрiленген акт оған енген қалыпты актiлердi ауыстырады, өйткенi, құқық шығарушы орган оны жаңадан қабылдап отыр және өзiнiң ресми деректерi: атауы, қабылданған күнi, нөмiрi әрi лауазымды адамның қолы бар. Былайша айтқанда, топтастыру мемлекеттiк органдардың құқық шығару қызметiнiң бiр түрiн бiлдiредi.

Соған қарамастан, бұл құқық шығарудың өзгеше тәсiлi. Оның басты ерекшелiгi – топтастыру кезiнде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудiң мазмұны өзгермейдi. Бұрын қабылданған актiлердiң қалыпты нұсқаулары жаңа актiге өзгерiссiз бiрiктiрiледi. Олар ең әрi кеткенде редакциялық жөндеуге түседi: қарама-қайшылықтары, қайталанулар, өздiк-создықтығы жойылады, мазмұны ұқсас қалыпты нұсқаулар және т.б. бiр тармаққа жинақталады.

Топтастыру шаруашылықты басқару, салық салу, әкiмшiлiк жауапкершiлiк мәселелерi бойынша қалыпты актiлердi тәртiпке келтiру мақсатында, бiр сөзбен айтқанда, ондаған, жүздеген шашыраңқы қалыпты нұсқауларды олардың мазмұнын өзгертпей бiрiктiруге болатын жердiң бәрiнде құқық шығару қызметiнде пайдаланады.

Консолидация – бiрнеше қалыпты құқықтық актiлердiң бiр қоғамдық қатынастар саласында қызмет iстеп, мазмұндары өзгермей бiр жинаққа бiрiгу жүйесінiң нысаны болып табылады.

Консолидацияның ерекшелiгi, ол өзiне кодификацияның және инкорпорацияның кейбiр жақтарын сіңiрген. Консолидация актiлерi қалыпты құқықтық актiлердiң жиынтығы – бұл оны кодификациямен формалды түрде жақындастырады, ал сол факт, шын мәнiсiнде қоғамдық қатынастарды реттеуге ештеңе қоспайды, сондықтан оны инкорпорациямен жақындатады. Қалыпты құқықтық актiлердiң жүйелеу нысаны мен консолидация, көбiнесе жүйелеу инкорпорациясына жақын. Ол кодификацияның мүмкiншiлiгi жоқ жерде пайдаланылады. Мұндай жағдайда, консолидация бiржақты қалыпты материалдарды бiрiктiруге, актiлердiң санын қысқартуға және құқықтық реттеу нысандарын жақсартуға тиiмдi құрал ретiнде көрiнедi.

70 Кодификациялау нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің бір түрі ретінде

Заңдарды жүйелеудiң келесі түрi – кодификациялау (сұрыптау), өзiнiң кең ұғымында заңдарды жетiлдiрудiң және тәртiпке келтiрудiң үлгiлi әрi мейлiнше тиiмдi нысанын бiлдiредi.

Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нәтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дәстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол–бір сипатты қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі акт. Кодификациялық актiлердiң құрылымы күрделi. Оның баптары мол болып, бөлiктерге, тарауларға бөлiнедi, олардың кейбiреулерiнде кiрiспе бөлiмi бар. Әдетте, кодификациялық актiде заңдар институттарын, салаларын қалыпты негiздерiн айқындап, қоғамдық өмiрдiң ең басты мәселелерiн реттейтiн қалыптары қамтылады;

1) ондай акт қоғамдық қатынастардың ауқымды және кең сфераларын (мүлiктiк, еңбек, неке және отбасы қатынастарын, қылмыскерлермен күресу, т.б.) реттейдi;

2) заңдарды жетiлдiру түйiнi бола отырып, ол – бiр-бiрiмен қабысқан тұжырымдардың ықшамдалған жиынтық актiсiн бiлдiредi; ол жиi айтарлықтай тұрақты қоғамдық қатынастардың бiрыңғай қағидаттары негiзiнде реттелген, өмiр тәжiрибесiнде пiсiп-жетiлдiрiлген тұтас құқықтық құжат;

3) кодификациялық актiлердiң өте тұрақтылық, өзгерiске ұшырамайтын, ұзақ кезеңдерге есептелiнген құқық қалыптарының берiк құрылымын қамтамасыз етедi. Кодификациялық актiнiң тиiмдiлiгi заңгерлердiң қоғамдық қатынастардың даму объективтiк тенденциясын, оның реттегiш динамикасын есепке алуларынан байқалынады;

4) кодификацияның пәнi заңдар жүйесiнiң салаларға, институттарға бөлiнуiне қарай анықталынады. Кодификация құқықтық қалыптық актiлердiң жүйесiн, олардың заңдық бiрлiгiн және үйлесiмдiлiгiн нығайтады. Сөйтiп, кодификациялық актi басқа қалыптық актiлерден жоғары тұрады және олардың жүйесiн басқарады;

5) ол сонымен қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгiлi бiр, кейде айтарлықтай елеулi өзгерiстер және тек ерекше ережелер де енгiзедi, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытындысына айналады;

6) кодификациялық актi өзiнiң көлемi жағынан өте маңызды, күрделi құрылымдардан тұрады, оның iшкi құрылымы белгiлi бiр жүйеге сай келедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]