Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк жаластырушы 2015.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Құрметті студент!

Қазіргі кезде қоғам өмірінде жаңа қарқын өріс алып, бәсекеге қабілетті, өз тілін жетік білетін мамандарға деген сұраныс артуда. Әсіресе, мемлекеттік тілге деген сұраныс пен талап күннен-күнге күшеюде. Бүгінгі жоғары оқу орындарының алдында тұрған үлкен міндет – ой өрісі жоғары, білім нәрімен жан-жақты қамтамасыз етілген, қазақ тілін жоғары деңгейде білетін және сол тілде ой өрбіте алатын, қызықты тақырыптарды қозғай білетін, өмірге деген оң көзқарасты, білікті де білгір мамандарды даярлау. Бұл еңбек сондай міндеттерді шешуді көздейді.

Жалпы, пәннің өзіне келетін болсақ, «Қазақ тілі» жоғары оқу орындарында Мемлекеттік білім беру стандартына сай оқытылатын міндетті пәндердің бірі болып табылады. Және ол орта мектеп бағдарламасындағы қазақ тілі пәнінен өзгеше. Қазақ тілі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14.02.2011 жылғы №4 бұйрығымен бекітіліп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен 2013 жылы Салқынбай А.Б., Иманқұлова С.М. авторлығымен әзірленіп шыққан типтік бағдарлама негізінде оқытылады. Осыған орай біз құрастырып отырған бұл оқу-әдістемелік кешен де сол типтік бағдарламада көрсетілген модульдер мен тақырыптарға сай жасалған.

Оқу-әдістемелік кешенде берілген материалдар сіздердің қоғам өміріндегі жайттардан хабардар болуларыңызды көздей отырып, Сіздің қоршаған ортада қазақ тілінде еркін қарым-қатынасқа түсуіңізге, яғни сөйлеу біліктілігін жетілдіруіңізге, лексикалық қорыңызды молайтуға мүмкіндік береді. Жағдаятқа сәйкес ойыңызды еркін жеткізуге, қойылған сұраққа білікті, әрі ұтқыр жауап беруге дағдыландырады.

Еңбектегі лексикалық материалдар мен грамматикалық тапсырмалар мазмұндық жақтан сабақтасып, бір мақсатты жүйеде берілген. Сөйлеу әрекетінің төрт қағидаты (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) қамтылған. Мәтіндерге байланысты түрлі деңгейдегі сызба, кесте, жаттығулар түріндегі тапсырмаларды орындау арқылы сіз біліміңізді бекітіп, мәтінді еске сақтайтыныңызға сенімдіміз.

Қазіргі білім беру орындарының мақсаты тек қана біліммен қаруланған «кибернетикалық тұлға» дайындап шығару емес, еліне адал еңбек ететін, ар-намыс, адамгершілік қасиеттерді жоғары қоятын білікті де білгір, ұлағатты маман даярлау болғандықтан, біз тәрбиелік мәні бар даналық сөздерді де беруге тырыстық.

Оқу-әдістемелік кешенді жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында тілді білу деңгейі С1, С2 1 курста білім алатын (жалғастырушы топ) студенттерге қазақ тілі пәнін оқытуда қолдануға болады.

1. СИЛЛАБУС

1. ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: доцент Резуанова Ғ.Қ.

2. Пән туралы мәлімет

Қазақ тілі (жалғастырушы топ студенттері үшін)

 курс

кредит саны  3/3

практикалық сабақтар  45/45

СОӨЖ – 22,5/22,5

СӨЖ – 67,5/67,5

семестр 

оқытылатын орны  қазақ және орыс тілдері кафедрасының дәрісханалары

Модуль түрі: жалпы міндетті модуль

БОЛЖАМАЛЫ ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

1-семестр

Семестр аптасы

8

9

0

1

2

3

4

5

Барлығы

Практикалық сабақ

45

СОӨЖ

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

22,5

СӨЖ

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

4,5

67,5

Барлығы

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

135

. Пререквизиттер – қазақ тілі (орта мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті

. Постреквизиттер кәсіби қазақ тілі

. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Бұл пән жоғары оқу орнының І курс студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешен мәтін және сол мәтінге байланысты бірнеше практикалық тапсырмалар легінен тұрады. Еңбекті құрастыруда қазақ тілінің тілдік ерекшеліктері мен ұлттық-танымдық сапалары ескерілген. Қазақ тілі курсы типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленгендіктен, сол бағдарлама шеңберіндегі тақырыптар меңгертіледі. Пәнді оқи отырып, студент қазақ тілінде сауатты, мәдени тұрғыда сөйлеуге, өз ойын еркін, қажетіне қарай толық не нақты түрде қысқа және анық жеткізуге дағдыланады.

Қазақ тілі пәнінің мақсаты:

Курстың негізгі мақсаты – сөйлесімнің айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым сияқты төрт түрі негізінде студенттерге қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қатысымның кез келген саласында (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, кәсіби оқу, ғылыми) еркін қолдана алатындай дағдылар мен біліктілікті меңгерту.

Негізінен қазақ тілі курсы үш түрлі мақсатты көздейді. Ол: қатысымдық мақсат, танымдық мақсат және тәрбиелік мақсат.

Қатысымдық мақсат: студенттің осыған дейінгі аралықта қалыптасқан ауызекі сөйлей білу дағдысын жетілдіріп, грамматикалық қолданыстарды қажетіне қарай жұмсап, сөздік қорын одан әрі дамытып, еркін тілдесуге дағдыландыру.

Танымдық мақсат: бағдарламада бекітілген мәтіндерді жүйелі меңгере отырып, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, өнері, салт-дәстүрі туралы мағлұматтарды тереңдете меңгерту; Қазақстан Республикасының заң жүйелері, азаматтық құқықтары, әлеуметтік зейнетақы және сақтандыру қорларымен таныстыру.

Тәрбиелік мақсат: оқу-әдістемелік кешенде қамтылған лексикалық тақырыптар арқылы тіл үйренушінің дербес ізденуін қалыптастырып, білуге, білімге құштарлықтарын арттыру; отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, мәдени құндылықтарды құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әрбір деңгейдегі негізгі міндеттер сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асырылады.

Деңгейлік дескрипторлар:

1) тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

2) дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды студенттер төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асырту:

  • заң, тарих, экология, өнер және мәдениетке байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, ақпаратты дәлелдеу;

  • белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салада) талқылау, өз қабылдауы бойынша баға беру;

- өмірден алынған әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл-күйін білдіру (қызығушылық таныту немесе танытпау));

3) ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрауы, қайталап сұрауы; кеңес беруі және нұсқау жасауы; нандыра алуы, байқампаздық танытуы; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіруі.

3.1 Сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту.

    1. Монолог түрінде:

  • әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салада жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

  • кітап немесе фильм сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;

  • берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрделі емес баяндама жасау.

3.3 Жазбаша түрде:

- қарапайым мәтіндер бойынша шығарма жаза алу;

  • тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау;

  • белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу;

- күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасау.

3.4 Тыңдалым дағдыларын түсінуі керек:

  • өмірден алынған қарапайым хабарламаларды түсіну;

  • өтілген тақырыптағы әңгімеде не туралы айтылғанын анық айыра білу;

  • әңгімелесушінің сөзін аңдай алу;

  • дыбысталуы нақты жүйеленген радио-және телебағдарламалардағы мәліметтерден ақпара ала білу;

- радиодан берілген жаңалықтардың негізгі хабары мен таныс тақырыптағы қарапайым баяу берілген мәтіндерді (интервью, қысқа дәрістер, репортаждар) тыңдап, түсінгенін әңгімелей алу.

3.5. Оқылым дағдылары:

  • электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметті ала білу;

  • күнделікті материалдардан (хат, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпараттарды табу және түсіну;

  • мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу;

  • қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну:

  • қажетті мәліметтерді оқи алу және оны өмірде қолдана білу.

Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі және түсінуі қажет:

А. Білуі және түсінуі: тілдік қарым-қатынас теориясының негізіне, қазақ және орыс тілдерінің ережелеріне сүйене отырып, сауатты сөйлей және сөз мағынасын ажырата білуі; айтылған не жазылған ақпаратты түсініп, ол бойынша өз ойын нақты және айқын білдіре алуы керек.

В. Түсіну қабілеттілігі мен білімін тәжірибеде қолдануы: оқылған материалды түсініп, сол бойынша ой бөлісе алуы; өз көзқарасын дәлелдей білуі; әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі қажет.

С. Қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру, өз идеясын, ойын айта білу қабілеттілігі: оқылған материал бойынша өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін және дұрыс жеткізе білуі; ой түйін жасай алуы; айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен еркін жауап беруі; тұжырымдау тәсілдеріне, қазіргі әдеби тіл нормаларына сүйене отырып, естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта алуы тиіс.

Д. Қарым-қатынас жасау саласында білуі тиіс: тілдік және қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыра білуі; логика, тұжырым жасау теорияларының негізінде сөйлеу әдебін сақтай отырып, әдеби тілде сөйлесу дағдысын қалыптастыруы және оны тәжірибеде қолдана білуі шарт.

Е. Оқыту саласында: оқылған материалдан негізгі қажетті ақпаратты ала білуі, одан ой-түйін жасай алуы, тілдік және кәсіби қарым-қатынас құзыреттілігін дамыта білуі керек.