Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

3. Қоңсылас организмдер – негізінде жануарлар және бір жағынан адаммен түрлендірілген ортада адаммен қатар тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер.

Қоңсыластыру процесі – біртіндеп жүретін және айтарлықтай ұзақ процесс. Ол антропогенді өзгертілген ландшафттарда қандай да бір түр өкілдерінің басым қоныстануынан басталады. Мысалы, Еуропада табиғи биотоптарға қарағанда, қалалар мен бас елді мекендердің ағаш желектерінде құстардың бірқатар түрлері (қара және сайрауық барылдақ торғайлар, иірілмелі түркептер және т.б.) халықтың көп саны мен тығыздығына жетеді.

Қоңсыластыру келесімен түсіндіріледі:

  • жануарлар қалаларға табиғи жағдайларға еліктейтін жағдайлар конгломератына сияқты жауап қайтарады;

  • қала сәулетінің ерекшеліктері құстар мен жануарлардың көптеген түрлерінің қоныстануы үшін кең мүмкіндіктерді ашады;

  • тығыз құрылыс қалада қолайлы микроклиматты тудырады, бұл кейбір құстардың отырықшы қалалық популяциялары қалыптасуының себебі болады.

Бай қалалық фауна адамның эстетикалық сұраныстарын қанағаттанды-рады, мысалы, жасыл желектердің сақталуын қолдап, тұрақты, өздігінен реттелетін экожүйелердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бірақ теріс жақтары да бар: кейбір құстар жеміс бақтарын зақымдайды, кейде жануарлар инфекциялар көзі болып табылады, жабайыланған иттер мен мысықтар топтары пайда болады.

Сондықтан қалалар мен өнеркәсіптік аудандар фаунасының стихиялық қалыптасуына оның жеке түрлер экологиясын білу негізінде құрылуына бағытталған қалыптасуын қарсы қою қажет. Бұл күрделі және тұрақты өсімдік қауымдастықтарының қалыптасуына, сәулеттік пішіндердің экологиялық түзетілуіне және т.б. жатады.

Билет №6

  1. Сыртқы және ішкі экологиялық факторларды сипаттаңыз.

  2. Адамның экологиялық жүйеде алатын орны.

  3. Ноосфера туралы ілім. Бұл ұғымның пайда болуына қандай ғылымдар үлесін қосты. Коэволюция дегеніміз не

Жауаптар:

1 НЕТУ

2. Табиғат- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп- өнер мекені. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

Табиғат адамзатты аялаған

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Табиғат адамзат қоғамының байлығы, тіршілік көзі. Бізді қоршаған табиғат өлі және тірі деп екіге бөлінеді. Өлі табиғатқа күн сәулесі, ауа, су, тау жыныстары, топырақ, пайдалы қазбалар минералдар жатса, тірі табиғатқа өсімдіктер мен жануарлпр жатады. Өлі табиғатқа жататындар қалпына келтіруге болмайтын қорлар да, ал тірі табиғаттағылар қалпына келтіруге болатын қорлар болып саналады. Табиғат ырыс пен мол қазынаның көзі, адам денсаулығының сенімді сақшысы. Табиғат байлығы ортақ байлық, ұрпақтар байлығы. Сондықтан да туған өлке табиғатын аялау бүгін де жалпы халықтық іске айналды. Бүкіл еліміздің халқы ықыласпен қабылдаған КСРО жаңа конституциясының 18 – бабында:”

Қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін КСРО-да жер мен онің қойнауларын, суресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау және ғылыми негізде ұтымды пайдалану ауа мен суды таза сақтау, табиғат байлықтарының ұдайы молаюын қамтамасыз ету және адамның айналасындағы ортаны жақсарту үшін қажетті шаралар қолданылады”- деп көрсетілген. Ал копституцияның 67- бабында: КСРО азаматтары таби5атты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті –делінген. Табиғат-адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлықта кемиді. Сондықтан бүгін де күн әртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр.

Табиғатты қорғау шын мәнінде бүкіл халықтық іске айналып отыр. Бұл салада көптеген жұмыстар жасалып, саяси, экономикалық және ғылыми мәні бар шаралар жүзеге асырылуда.

3. Ноосфера- адамның техникалық және мәдени іс- әрекетінің және жаратылыстың табиғи процестердің синтезі нәтижесінде пайда болатын Жердің біртұтас геологиялық қабығы. Бұл біртұтастықтың қосатын басының қызметін адам мен табиғатпен және оның әдемілігімен бірлесуі атқарады. Қазіргі заманда алдыңғы қатарға қойылған әр түрлі глобальды проблемалардың жетісті түрде шешілуі В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера туралы іліміне жүгіну арқылы іске асады.Адам өмірі шексіз аз шама сияқты бейнеленетініне қатысты шексіз Космостың аумақтылығы адам санасына сыймайды. Адамзаттың пайда болысымен өмір сүрудің стихиялы, тарихи дамуы үнемі саналы ортақ бақылауға қойылады. Бұл В.И.Вернадский ойлап тапқан биосфераның ноосфераға өзгеру процесінің өзі болып табылады.

Вернадский ноосфера туралы ілімді аяқтамағаннан түсініктің көп жағдайда жалған түсіндірулері пайда болды. Бір авторлар оны ғаламданған ақпараттардың ағымы деп, ал екіншілері ноосфераны техносферамен және антропосферамен ұқсастырады және т.с.с.

Ноосфераны бұндай түсінуде концепциясының ең маңыздығы- сананың табиғат өзгеруіндегі ролі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға адамның шығармашылық ықпалы туралы ой есепке алынбай қалады.

ҚОСЫМША Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]

Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.

XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.

Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.

Ноосфераның пайда болуы мен дамуы

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.

Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.

Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]