Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

3. .Рк екінші баяндамасының авторлары (1974 ж., м. Мисарович, э. Пастель) мынадай тұжырымға келді:

  • әлемді гомогенді тұтас ретінде емес, өзара байланысқан бөліктерден тұратын ретінде қарастыру керек;

  • тұтас бөлік өлімінің орнына әр түрлі облыстарда және әр түрлі себептер бойынша жергілікті апаттар болуы мүмкін;

  • әлемдік жүйедегі апаттарды жаһандық масштабта шаралар қабылдаумен тоқтатуға болады;

  • проблемаларды жаһандық шешуді теңестірілген дифференциацияланған өсу арқылы жүзеге асыруға болады;

экологиялық дағдарыс проблемаларын шешудің әлемдік стратегиясын іске асыруды кейінге қалдыру тек қауіпті және қымбат қана емес, сонымен бірге өлімге әкеледі

Билет №27

  1. Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.

  2. Экожүйенің табиғи дамуы: бірінші реттік және екінші реттік сукцессия.

  3. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.

Жауаптар:

1. .Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым.

Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

Экология бөлімдері.

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.

1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Демэкология 2 сұрақ- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3. Синэкология - қауымдастық экологиясы.

Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

2. Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс: 1). Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады. 2). Сукцессия дегеніміз қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқанда процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады. 3). Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы)-энергия ағымы бірлігіне шыққанда максималды саны келетін биомасса түр аралық әсерлесулердің тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы боп табылады.Өзгерістердің жүру жылдамдылығы мен тепе-тең күйге жету үшін қажет уақыт әртүрлі экожүйелер және экожүйенің жекелеген белгілері үшін әртүрлі болады. Жалпы биомассаның өзгеру қисық сызығының пішіні әдетте дөңес болса, жалпы бастапқы өнімнің өзгеруі қисық сызығы ойық болады. Орман экожүйесіндегі де лабораториялық микрокосм жағдайында да бастапқы таза өнім қауымдастықтың дамуын алғашқы кезеңдерінде өскенімен, соңғы кезеңдерде кемиді.

3. «Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы В.И.Вернадскийдің жұмысының ғылыми және практикалық мәні оның ең алғаш рет адам мен биосфераның бірлігін терең негіздегенінде жатыр. Тірі материяның өзі сананы таситін, биосфераның салмақ бойынша кішігірім бөлігін құрайды.

Адамның және адам қоғамының пайда болыуы биосфера шегіндегі тірі заттардың нәтижесі ретінде болды.

Адам санасының және ғылыми ой- пікірдің ғаламдық құбылыс ретінде рөлін бағалап, В.И.Вернадский мына қорытындыға келді:

  1. Адам өзі өмір сүріп жатқан биосферасын өзгертетін күш болып табылады.

  2. Биосфераның бұл өзгерісінің пайда болу құбылысы ғылыми ой- пікірдің өсуімен қатар жүреді.

  3. Биосфераның бұл өзгерісі табиғи процестер сияқты стихиялы, адамға тәуелсіз түрде іске асады.

  4. Биосфера- ғаламшардың ұйымдасқан қабығы өмір сүру ортасы болғандықтан, оның ұзақ геологиялық тіршілік ету жүрісіне әсер ететің, оның өзгеруінің жаңа факторы- адамзаттың ғылыми жұмысы- бұл биосфераның жаңа фазаға, жаңа форма- ноосфераға өтудің табиғи процесі.

Қазіргі өмір сүріп жатқан тарихи сәтте біз ноосфераны бұрынғыға қарағанда аса түсініктірек қабылдаймыз. Бұл кезде алдымыздан «табиғи заңы» ашылады. Жаңа ғылымдар геохимия мен биохимия бұл процестің кейбір маңызды жерлерін бейнелеуге математикалық түрде мүмкіндік береді. Қазіргі заманда алдыңғы қатарға қойылған әр түрлі глобальды проблемалардың жетісті түрде шешілуі В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера туралы іліміне жүгіну арқылы іске асады.

Адам өмірі шексіз аз шама сияқты бейнеленетініне қатысты шексіз Космостың аумақтылығы адам санасына сыймайды. Адамзаттың пайда болысымен өмір сүрудің стихиялы, тарихи дамуы үнемі саналы ортақ бақылауға қойылады. Бұл В.И.Вернадский ойлап тапқан биосфераның ноосфераға өзгеру процесінің өзі болып табылады.

Вернадский ноосфера туралы ілімді аяқтамағаннан түсініктің көп жағдайда жалған түсіндірулері пайда болды. Бір авторлар оны ғаламданған ақпараттардың ағымы деп, ал екіншілері ноосфераны техносферамен және антропосферамен ұқсастырады және т.с.с.

Ноосфераны бұндай түсінуде концепциясының ең маңыздығы- сананың табиғат өзгеруіндегі ролі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға адамның шығармашылық ықпалы туралы ой есепке алынбай қалады.

Ноосфера- адамның техникалық және мәдени іс- әрекетінің және жаратылыстың табиғи процестердің синтезі нәтижесінде пайда болатын Жердің біртұтас геологиялық қабығы. Бұл біртұтастықтың қосатын басының қызметін адам мен табиғатпен және оның әдемілігімен бірлесуі атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]