Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады

3.Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті. Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.

Билет №36

  1. «Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.

  2. «Ақпараттық қоғам». Биотехнологияның дамуы. Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру.

  3. Сыртқы және ішкі экологиялық факторларды сипаттаңыз.

ЖАУАПТАРЫ:

1. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі.

1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты.

Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.

2. . Жаңа ақпараттық технологиялар прогресс негізі болады. Постиндустриялық өркениетбұл қоғамның сапалы жаңа типі – «ақпараттық қоғам», онда ақпараттық индустрия тегіс қамти алатын сипатты иеленеді, ал білім мен ақпарат экономикалық категория, ресурс және негізгі тауар болады. «Ақпараттық қоғамның» шаруашылық құрылымы аса экологиялы, өйткені табиғат сыйымдылығы аз. Құрылымдық өзгерістердің және өндірісті сапалы өсіруді экологияландырумен тікелей байланысы өнімнің материал және энергия сыйымдылығын азайту деңгейінде ғана емес, сонымен бірге материалдар мен бұйымдардың өздерін химиялық табиғаты, өндіру технологиясы және тұтыну қасиеттері бойынша аса экологиялы материалдарға ауыстырғанда, сонымен бірге энергетика – өндірістің аса табиғат сыйымды саласы болғандықтан, энергияны алуды, жұмсауды және үнемдеуді рационалдау деңгейінде айқындалады. Биотехнологияның дамуы. Экологиялық биотехнология сферасына: ауаны және ағынды суларды биотазарту; қатты қалдықтарды биоөңдеу; топырақты биологиялық қайта құнарландыру; биоэнергетика энергияның балама көзі ретінде, зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен күрес жүргізудің биологиялық әдістері, пайдалы қазбаларды байытудың биологиялық әдістері жатады. Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру. Мысалы, экологиялық мониторинг өткізу. Болашақта экологияланған нұсқада біртіндеп планетаның шегінен тыс шығуы мүмкін, бұл биосфераға антропогенді қысымды едәуір азайтады.

3.НЕТУ

Билет №37

  1. Қышқыл жаңбыр: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.

  2. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?

  3. Топырақтың ластануы: ұғымы, пайда болу себептері. Топырақтың ластануымен күресу шаралары.

ЖАУАПТАРЫ:

1.Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2. Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинов елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия , Дания, Польша,Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді. Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.

2. . Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе. биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта)

3. Қазақстандағы жер қоры 2,7 млрд. га жалпы егістік, оның 1-1,2 млрд. га эрозияға ұшыраған. Қазақстанда жер қорлары көп 1953-1956 ж. тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде егістік ауданы 2 есе өсті. Соңғы жылдары егістіктер қысқарды, қолайлы және тиімді жерлердің барлығы игеріліп бітті, тек қолайсыз, сор, сортаң және құм жерлер қалады.

а) Қазақстанға эрозияға ұшыраған жер 18-20 млн. гектарды құрайды, олар астық егетін солтүстік, батыс және орталық ауданда орналасқан. Эрозиядан өсімдіктер өнімі азайды. Эрозияға құрғақ, шөбі жоқ, ормансыз жерлер ұшырайды.

б) Қазақстандағы тұзданған топырақмен күресу.

Тұздану құбылысы дегеніміз топырақтағы тез еритін тұздардың (Na2CO3,

NaCE-, SO42+ ) жоғарлауы, ол жер бетіндегі сулардан болады-біріншілік тұздану; дұрыс суармағанна болады-екіншілік тұздану. Тұз салмағы 0,1% асқандық топырақ тұзданады, бұл өсімдіктер үшін қауіпті.

в) Қазақстандағы топырақтың шөлдену мәселесі ерекше назар аудартады. Территорияның 40% шөл және 23% жартылай шөл экожүйелерге жатады. Көгал мен жайылымдарда әртүрлі мақсатқа және тың көтеруде көп күш түсіргендіктен, демалыссыз пайдаланылғандықтан қазір ол жерлер өз қалпына келе алмайды. Беткі шөп қабаты бұзылып жатыр, жайылым эрозиялық топыраққа, құмға айналады. Әсіресе, Нарын, Қызылқұм, Қарақұм және басқа құмдардың жағдайы өте қиын. Шөлдену нәтижесінде биологиялық түрлер азаяды, ауа райы өзгереді, су ресурстары қысқарады, соңында азық-түлік ресурстардың жетіспеулігіне ұшырайды. Шөлденудің жылдам темпі Арал және Каспий өңірінде жүріп жатыр.

г) Топырақтың батпақтануымен күресу.

Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі. Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы.Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.

Билет №38

  1. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.

  2. Экожүйенің өнімділігі: бірінші реттік және екінші реттік.

  3. Синэкология деген не?

ЖАУАПТАРЫ:

1. «Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы В.И.Вернадскийдің жұмысының ғылыми және практикалық мәні оның ең алғаш рет адам мен биосфераның бірлігін терең негіздегенінде жатыр. Тірі материяның өзі сананы таситін, биосфераның салмақ бойынша кішігірім бөлігін құрайды.

Адамның және адам қоғамының пайда болыуы биосфера шегіндегі тірі заттардың нәтижесі ретінде болды.

Адам санасының және ғылыми ой- пікірдің ғаламдық құбылыс ретінде рөлін бағалап, В.И.Вернадский мына қорытындыға келді:

  1. Адам өзі өмір сүріп жатқан биосферасын өзгертетін күш болып табылады.

  2. Биосфераның бұл өзгерісінің пайда болу құбылысы ғылыми ой- пікірдің өсуімен қатар жүреді.

  3. Биосфераның бұл өзгерісі табиғи процестер сияқты стихиялы, адамға тәуелсіз түрде іске асады.

  4. Биосфера- ғаламшардың ұйымдасқан қабығы өмір сүру ортасы болғандықтан, оның ұзақ геологиялық тіршілік ету жүрісіне әсер ететің, оның өзгеруінің жаңа факторы- адамзаттың ғылыми жұмысы- бұл биосфераның жаңа фазаға, жаңа форма- ноосфераға өтудің табиғи процесі.

Қазіргі өмір сүріп жатқан тарихи сәтте біз ноосфераны бұрынғыға қарағанда аса түсініктірек қабылдаймыз. Бұл кезде алдымыздан «табиғи заңы» ашылады. Жаңа ғылымдар геохимия мен биохимия бұл процестің кейбір маңызды жерлерін бейнелеуге математикалық түрде мүмкіндік береді. Қазіргі заманда алдыңғы қатарға қойылған әр түрлі глобальды проблемалардың жетісті түрде шешілуі В.И.Вернадскийдің биосфера мен ноосфера туралы іліміне жүгіну арқылы іске асады.

Адам өмірі шексіз аз шама сияқты бейнеленетініне қатысты шексіз Космостың аумақтылығы адам санасына сыймайды. Адамзаттың пайда болысымен өмір сүрудің стихиялы, тарихи дамуы үнемі саналы ортақ бақылауға қойылады. Бұл В.И.Вернадский ойлап тапқан биосфераның ноосфераға өзгеру процесінің өзі болып табылады.

Вернадский ноосфера туралы ілімді аяқтамағаннан түсініктің көп жағдайда жалған түсіндірулері пайда болды. Бір авторлар оны ғаламданған ақпараттардың ағымы деп, ал екіншілері ноосфераны техносферамен және антропосферамен ұқсастырады және т.с.с.

Ноосфераны бұндай түсінуде концепциясының ең маңыздығы- сананың табиғат өзгеруіндегі ролі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға адамның шығармашылық ықпалы туралы ой есепке алынбай қалады.

Ноосфера- адамның техникалық және мәдени іс- әрекетінің және жаратылыстың табиғи процестердің синтезі нәтижесінде пайда болатын Жердің біртұтас геологиялық қабығы. Бұл біртұтастықтың қосатын басының қызметін адам мен табиғатпен және оның әдемілігімен бірлесуі атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]